Лекция. Тақырыбы: Бейорганикалық химияның негізгі тарауларын оқыту әдістемесі: ерітінділер, электролиттік диссоциация Лекция жоспары: Ерітінділердің типтері. Негізгі анықтамалары


Электролиттер мен бейэлектролиттер



бет8/11
Дата06.01.2022
өлшемі106,58 Kb.
#15720
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Лекция 7

Электролиттер мен бейэлектролиттер

Барлық заттарды олардың ерітіндідегі өткізгіштігі бойынша екі топқа бөледі:



Электролиттік диссоциация теориясы

Электролиттердің ерітіндісі мен балқымаларында әртүрлі зарядталған (оң және теріс) иондардың бар болуы салдарынан электр тоғы өтеді. Бұл құбылысты түсіндіру үшін швед ғалымы Сванте Аррениус 1887 жылы электролиттік диссоциация теориясын (ЭДТ) ұсынды.

Диэлектрлігі жоғары ортада (су, спирт т.б.) иондарға ыдырайтын заттарды электролиттер деп атайды. Электролиттердің молекулалары суда ерігенде зарядталған бөлшектерге иондарға ыдырайды. Бұл құбылыстарды электролиттік диссоциация дейміз.

Қышқылдардың, гидроксидтердің сулы ерітінділерінің қасиеттері, олардың қандай иондарға диссоциацияланатындығымен анықталады. Қышқылдардың жалпы қасиеттері қышқыл ерітінділерінде бола алатын сутек иондарының, ал сілтілік қасиет гидроксил иондарының болуына тәуелді. Диссоциацияланғанда әрі сутек, әрі гидроксил иондарын түзетін электролиттер амфолиттер деп аталады. Амфолиттерді қышқылдармен және сілтілермен әрекеттесіп, тұз түзуге қабілетті келетін электролиттер деп қарастырамыз.

Көп негізді қышқылдар мен сілтілер әдетте сатыланып диссоциацияланады. Сатыланып диссоциациялану нәтижесінде қышқылдық және негіздік тұздар түзіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет