Заттың молярлық концентрациясы. СМ немесе М еріген зат мөлшерінің 1л ерітіндіге қатынасын көрсетеді. Өлшем бірлігі: моль/л.
, ,
мұндағы n – еріген заттың мөлшері (моль);
V – ерітіндінің көлемі (литр);
m – еріген заттың массасы (кг, г);
М – еріген заттың молярлық массасы (г/моль).
1 М – бір молярлық ерітінді (1 литрде еріген заттың 1 молі болады);
0,5 М – жарты молярлық ерітінді;
0,1 М – децимолярлық ерітінді;
0,01 М – сантимолярлық ерітінді;
0,001 М – миллимолярлық ерітінді.
Мысалы, натрий гидроксидінің 0,1 (децимолярлық) ерітіндісін дайындау үшін 4 г NаОН (0,1 моль . 40 г/моль 4 г) өлшеп алады да бір литрлік өлшеуіш шыны колбаға салып, дистильденген суды қосып, толық ерітеді. Сосын дистильденген суды белгіге дейін жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |