Лекция. Тақырыбы: Бейорганикалық химияның негізгі тарауларын оқыту әдістемесі: ерітінділер, электролиттік диссоциация Лекция жоспары: Ерітінділердің типтері. Негізгі анықтамалары



бет10/11
Дата06.01.2022
өлшемі106,58 Kb.
#15720
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Лекция 7

б) егер 3%<α<30% болса, онда электролиттер орташа болады. Мысалы: Н23, HF, HNО2, H34;

в) егер 0<α<3% болса, онда электролиттер әлсіз болады. Оларға СН3СООН, Н2СО3, H2S, H2SiО3, Н3ВО3 қышқылдары, суда ерімейтін негіздер, NH4ОH және су жатады.

Бұл арада келесі жайларды да ескеру керек, олар: диссоциация дәрежесі концентрация мен температураға (температураны жоғарылатқанда және ерітіндіні сұйылтқанда α жоғарылайды); электролиттің табиғатына (электролит молекуласындағы катион мен анион арасындағы байланыс күші); еріткіштің табиғатына (оның диэлектрлік өтімділігі және иондардың сольваттау қабілеті) тәуелді болады. Айталық, кәдімгі концентрациядағы (>10-4 моль/л) сірке қышқылы – әлсіз электролит болса, ал концентрациясы <10-4 моль/л сірке қышқылы күшті электролит екен.

Күшті электролиттердің диссоциация дәрежесін өлшеу үшін берілген электролит пен сол заттың шексіз сұйық ерітіндісінің электр өткізгіштіктерін салыстыру әдісін пайдаланады. Бұл шаманың мәні әрқашан да бірден кіші болады екен және оны диссоциацияның емескі (көрінетін-кажущейся) дәрежесі акаж дейді. Бұл шама диссоциацияның шын дәрежесімен бірдей келмейді, ауытқиды. Ал күшті электролит диссоциациясының шын дәрежесі әрқашан да бірге жуық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет