Тіл білімі (лингвистика) - тіл және оның даму зандары туралы ғылым. Тіл - қоғамдағы адамдардың өзара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау, сөйлесу құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады.
Тілдің осы аталған әр түрлі жақтары тіл білімінің тиісті салаларында (деңгейлерінде) қарастырылады. Мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласында, сөздік құрамы лексикология саласында сөз етіледі.
Тілдің белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпын зерттейтін тіл білімі бар және оның шығуы мен тарихын, дамуын зерттейтін тіл білімі бар. Алдыңғысы - сипаттама тіл білімі (немесе синхрондық лингвистика), соңғысы — тарихи тіл білімі (немесе диахрондық лингвистика) деп аталады.
Тілдің белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпын зерттейтін тіл білімі бар және оның шығуы мен тарихын, дамуын зерттейтін тіл білімі бар. Алдыңғысы - сипаттама тіл білімі (немесе синхрондық лингвистика), соңғысы — тарихи тіл білімі (немесе диахрондық лингвистика) деп аталады.
Белгілі бір тілді (оның жүйесі мен құрылымын) ғылыми тұрғыдан талдап түсіндіру үшін және оның даму зандарынайқындау үшін, ол тілді және ондағы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық құбылыстарды туыстас тілдердегі бір тектес кұбылыстармен салыстыру тұрғысынан зерттеу кажет. Яғни тілдің табиғатын, оның даму зандарын айқындаудың басты шарты — тілдік құбылыстарды салыстыру және тарихи (өзгеру, даму) тұрғысынан зерттеу. Бұны салыстырмалы-тарихи әдіс деп атайды.
Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны
Болмыстағы құбылыстардың бір тобы – жаратылыс кұбылыстары болса, екінші тобы - қоғамдық құбылыстар. Жаратылыс құбылыстарын жаратылыстану ғылымдары (физика, химия, биология, математика т.б.) зерттесе, қоғамдық құбылыстарды - қоғамдық ғылымдар (тарих, философия, психология, логика, саяси экономия, заң, тіл, әдебиет т.б. ғылымдар) зерттейді. Осыған орай, ғылым атаулы, әдетте, екі топка бөлінеді: оның бірі - жаратылыстану ғылымдары, екіншісі - қоғамдық ғылымдар.
Тіл білімі - ғылымдардың екінші тобына, яғни қоғамдық ғылымдар тобына жатады. Тіл білімінің басқа ғылымдаржүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Жалпы алғанда: барлық ғылымдар бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте болады. Өйткені материалдық дүниенің өзі органикалық бірліктен тұрады. Сондықтан, материалдық дүниенің әр түрлі жақтарын зерттейтін ғылымдардың өздері бір-біріне әсер етеді, бірін-бірі байытады.