Аутизмнің этиологиясы (туындаудың себептері) мен патогенезі. Бала аутизмін қазіргі кезде зерттеу бала аутизмінің туындауының көптеген себептері мен оның әр түрлі патологиялыр аяасында пайда болу дәлелдейді. Аутистік бұзылыстар әр түрлі туындаудың себептерінен болуы мүмкін
Эндогендік-тұқым қуалаушылық.
Хромосомдық абберрация және зат алмасудың туа біткен аурулары.
Экзогенді- органикалық этиологиясы орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуы.
Аутизм классификациясы Ауруларды халықаралық жіктеуде бала аутизмін және оған ұқсас бұзылыстарды жалпы психикалық бұзылыстарға жатқызады және олар төменде берілген үлгі бойынша жіктеледі:
Ғ84.0. Бала аутизмі(аутистік бұзылыстар, бала аутизмі, бала психозы, Каннер синдромы)
Ғ84.1.Атиптік аутизм(атиптік бала психозы, аутизм белгілері бар ақыл-ой дамуының кешеуілденуі енеді).
Ғ84.2. Ретта синдромы.
Ғ84.3. Бала жастағы басқа да дезинтегративтік бұзылыстар (бала деменциясы, дезинтеграциялық психоз,Геллер синдромы, симбиоткалық психоз).
Ғ84.4. Ақыл-ой дамуының кешеуілденуімен және стереотиптік қимылдармен үйлескен гипербелсенді бұзылыс.
Ғ84.5. Аспергер синдромы(аутистік психоапатия, бала жастағы шизоидтік бұзылыстары).
Ғ84.8. Дамудың басқа да бұзылыстары.
О.С.Никольскаяның бала аутизмін негізгі топтарға жіктейтін психологиялық классификациясы. 1-топ. Сыртқы дүниемен қатынастан толық бас тарту Бұл топ балаларында жайсыздық пен белсенділіктің бұзылуы ерте жастан байқалады, бала кейіннен бұдан өзі үшін ең тиімді қорғаныс тәсілінің көмегімен өтеді(сыртқы дүниемен қатынастан толық бас тарту). Мұндай балалар өз есімін айтқанда бұрылмайды, басқалардың өтінішіне жауап бермейді, сонымен бірге өздері де ештеңе сұрамайды. Оларда, ереже бойынша мақсатты түрде бағытталған тәртіп қалыптаспайды, керісінше алаңдық бір объектіден екінші объектіге ауысуы, заттарға қол тигізу, оларды қолдарында ұстау, бір затқа өрмелеу, шеңбер бойымен жүгіру, объектілерді ұзақ уақыт енжар бақылау байқалады. Балаларда сөйлеу тілі болмайды, алайда олардың кейбіреулері кейде коммуникативті бағытталмаған жеке сөздерді немесе тіптен сөз тіркестерін де айтулары мүмкін. Балалар қоршаған ортамен қатынас үшін сөйлеу тілін, мимикамен ишаратты пайдаланбайды, жақын адамдарына деген бауыр басушылықты білдірмейді. Қоршағандарға енжарлық білдіре отырып, олар тактильді қатынасқа қарсылық білдірмейді, ол өзін тамақтандыруға, киіндіруге және басқа да іс–әрекеттерге енжар қатысады. Бұл аутизмнің ең терең түрі.
2-топ. Бұл топтың балалары ортамен қатынаста белсенділеу, тез ренжімейді, қоршаған ортамен таңдап қатынасқа түсе алады, бірақ оларға қоршаған әлемді тануға деген ұмтылыс пен қызығушылыққа қарағанда оны қабылдамау тән болады.Балалар қорғаныс тәсілі ретінде жайсыздық пен қорқыныш тудыратындардың бәрінен белсенді түрде бас тартуды пайдаланады. Сондықтан қоршаған ортамен қатынас баланың бекіткен және бұлжытпай орындайтын тәртібі бойынша ғана жүреді. Мұндай балалар үшін қалыптасқан өмірлік стереотиптерді, белгілі бір әдеттерді қатал сақтау өте маңызды.Олар таныс еместердің барлығын жаратпайды. Ұнату оларда өте тар және қатал қалыптасады, баланың тәртібін қалыптасқан әдеттің аясынан шығаруға ұмтылу, балада қарама-қарсылық реакциясын тудырады(айқайлау, жылау, агрессия). Бұл топ балаларда қолдарын сермеу, қол бастарын айналдыру, секіру, таяқшаларды және жіптерді сілкілеу сияқты қимыл-қозғалыс стереотиптері байқалады. Олар өзінің қажеттілігін білдіру үшін сөйлеу тілін пайдалана алады, бірақ олардың сөйлеу тілінің дамуы ерекше. Бұл топ балалары анасынан бир минут та ажырамайды себебі қатты қорқыныштарға беріліп кетеді.
3-топ: Балалар қатынасқа оның ішінде сөйлеу тілдік қатынасқа түсе және оны қолдай алады, бірақ оны орнату айрықша жан-жалдықпен ерекшеленеді. Олар қырсық, қыңыр болып, басқалардың пікірлерін есепке алмай, сөйлесіп тұрған адамның сөзіне және одан алған әсеріне мән бермей барлық жерде өздерінің айтқандарын істеткілері келеді.Олар үшін басқа адамдардың сезімін түсіну олардың басқалардың ісіне жауап беру,жол беріп, жаны ашу қиындық туғызады.
Бұл балалардың жоғарыдағы топтармен салыстырғандағы психикалық белсенділігінің жоғары болғандарына қарамастан, оларда басқа аутистер сияқты өте сезімтал, тез ренжігіш болып келеді.Олар жайсыздық пен қорқынышты жеңу үшін аутистік қызығушылықтары басым болып келетін
психологиялық қорғаныш тәсілін пайдаланады. Балалар қандай да бір интеллектуалды түрдегі сабақтармен және қызығушылықтармен айлап айналысуы мүмкін.
Бұл топ балалары іс-әрекеттерін жоспарға сәйкес қатал дәйектілікпен орындауға тырысады; егер оны іс жүзіне асыру бұрмаланса, онда ол тәртіптің бұзылуына : қырсықтыққа, агрессияға , керісінше істеуге ұмтылуға әкеліп соқтырады.
4 топ.Бұл балалардағы аутизм қарым-қатынас пен өзара әрекеттестікті ұйымдастырудағы қиындық ретінде жеңіл түрде байқалады. Бұл балалар жоғары сезімталдығы мен және тез ренжігіштігімен,сын мен қолдамауды жаратпайтындығымен ерекшеленеді. Олар жақындарына бауыр басқан,олардан үнемі көңіл мен эмоциялық қолдауды талап етеді. Бұл топ балалары жасық, ұялшақ және қорқақ балалар сияқты әсер қалдырады. Оларда басқа адамдардың сезімдерін, тәртібін және олармен белсенді және икемді әрекеттес болу ұғымы, түсіну мүмкіндігі төмендеген; олар қарапайым әлеуметтік жағдайларда естері шығып кетуі мүмкін. Бұл топ балалары үшін тәртіп пен қызметтің стереотиптік формаларына ұмтылу тән. Әдеттегі стереотиптің сәл болса да өзгерген кезінде оларда бірден қорқыныш пен ыңғайсыздықтың жоғарлауы байқалады. Қимыл-қозғалыстыңтежелулігі мен сенімсіздігі тән. Оларда жиі жағдайда психикалық және сөйлеу тіл дамуының тежелуі байқалады. Сөйлеу тілі байланысқан, бірақ кедей, көмескі.