Лекция тақырыбы: Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу. Лекцияның оқыту нәтижелері



бет1/7
Дата08.12.2023
өлшемі37,91 Kb.
#135342
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9-лекция


9-Лекция тақырыбы: Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу.


Лекцияның оқыту нәтижелері:

  1. Мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс жасауға дайындығын көрсетеді.

  2. Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу құндылықтарды түсінеді, кәсіптік қызметінде қолданады.

  3. Топта және ұжымда мүмкіндігі шектеулі балалармен қарым-қатынас орнатуды жүзеге асырады.

  4. Тұлға ретінде кәсіби құндылықтарға жету үшін құндылық бағдарларын көрсетеді.



Лекция мазмұны:
Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларға жалпы сипаттама.Қазіргі заманда бүкіл әлемде аутистік бүзылыстары бар балалардың саны өсуде. Бұдан 10-20 жыл бұрын бала аутизмның 10000 баланың 3 пайызында байқалса, қазір оның саны 20 пайызға дейін көбейді.
Қазақстанда да аутизммен ауыратын балалар жиі кездеседі. 2002 жылғы мәліметтер бойынша олардың саны 93 болса, 2009 жылы ол 326 -ға жетті.
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың статистикалық мәліметтері бойынша Каннер синдромы бар балаларды жынысына қарай бөлгенде, ұл балалар қыз балаларға қарағанда 3-4 есе көп.
Аутизмі бар балалар санының өсуі оларға түзету көмегінің дұрыс және дер кезінде көрсетілуінің қажеттілігін білдіреді. Яғни олардың жанүясының қажеттілігіне, талабына деген қоғам мен әр түрлі қоғамдық орындар жағынан түсінушілікті қажет етеді.Қоғам жағынан осындай түсінушілікті қамтамасыз ету үшін аутист балаларды оқыту мен әлеуметтік дамыту саласында ағарту жұмысын жүргізу және оның құзіреттілігін арттыру өте маңызды. Бірақ Қазақстан аймақтарындағы әлеуметтік-қоғамдық институттар аутист балаларға сапалы көмек көрсете алмайды.
Педагогтардың аутист балалармен жұмыс жүргізулерінің мамадандырылған біліктіліктері болмағандықтан, олар аутист балаларда арнайы білім беру ұйымдарында оқытудан бас тартады. Көптеген аутист балалар үйде оқытылылады, ал бұл оларды құрдастарынан және әдеттегі қалыпты өмірден оқшаулайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет