Лекция тақырыбы: Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу. Лекцияның оқыту нәтижелері


Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу



бет6/7
Дата08.12.2023
өлшемі37,91 Kb.
#135342
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9-лекция

4.Эмоционалды-ерік сферасы зақымдалған балаларды және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Эмоционалды ерік аясы бұзылған балалардың мінез құлқындағы ауытқуларды түзеу жұмыстары барысында шағын бағдарламалар қолданылады. Бұл бағдарламалар балалардың бойында қоршаған ортаға деген сенімділікті қалыптастыруға, өздігімен басындағы мәселені шеше білуге, эмоционалдық реакцияларын дұрыстауға, мінез-құлық стереотиптерін жоюға, «мен» бейнесінің үйлесімді болуына үйретеді.
Психикалық дамудың кешеуілдеуінің негізгі ерекшелігі – баланың психикалық әрекетінің қалыптасуының бірқалыпты болмауы. Инфантильді балалар өзінің құрдастарынан жас, олардың ойлары да тұрақсыз болады. Оларды ми қабілеті де тәулік бойына өзгереді. Кейде сабақтың аяғына таман немесе шаршаған уақыттарда болады. Бұл балаларға тән ерекшелік зейіні мен жұмыс қабілетінің ең төменгі деңгейде болуға тиіс. Кейбір балаларда іс — әрекеттің басында зейіндері жоғары болады да, ал кейін төмендей бастайды. Ұзақ мерзімді есте сақтауы мен қысқа мерзімді еске сақтауының төмендеуі, есте сақтауының беріктілігінің жетіспеуі, сондай – ақ интеллектуальдық белсенділігінің төмендеуі – осы категориялардағы балаларға тән ерекшеліктер. [3.46]
Ойлау әрекетіне келсек, көрнекі амалды ойлаудың кемістігі аз мөлшерде көрініс береді. Көбінесе нақтылы – бейнелі ойлауы бұзылады, яғни бейнелі образдық ойлауы жеткіліксіз болады. Қарапайым есептер көрнекі материалдарға бағытталса, бірақ баланың өмірлік тәжірибесіне қатыссыз болса, оларға қиындық туғызады.
Балалардың танымдық белсенділіктері жеткіліксіз. Ол баланың тез шаршауымен, тежелуімен сипатталады. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар есептің шартын, диктантқа арналған сөздерді және сөйлемдерді есінде сақтамайды. Олар зейіндерін тапсырмаға шоғырландыра алмайды, кей кездері мектептің тәртібіне бағынбайды. Мұндай балалар көңіл бөлгенді қажет етеді. Түзету жұмыстарын, арнайы оқыту процестерін емдеу мекемелерін талап етеді.
Психикалық дамудың кешеуілдеуіндегі әртүрлі дәрежеде сипатталады. Жеңіл түрде көрініс берген жағдайда бұл балалар көмекті жалпы білім беретін мекемелерде ұйымдастыруға болады. Ауыр жағдайлардабалаларда арнайы білім беретін мектептерге немесе мекемелерге оқытады.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың белсенді жағдайдан баяулыққа, жұмыскерлік көңіл – күйден, жұмыссыздыққа жиі өту процестері жүйкелік – психикалық жағдайлармен байланысты. Балалар қандай да бір тапсырманы орындауда үлкендердің көмегін қажет етеді. Ересектердің көмегін қажетсіну, іс — әрекеттің нәтижесін меңгеру, оны ұқсас әрекеттерге тасымалдау және психикалық дамуы кешеуілдеуі бар балаларды ақыл – есі кем балалардан ажыратуға болады.
Түзету жұмыстары барысында келесі әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады:
1. Мінез-құлық бұзылуы және тұлға аралық қарым-қатынастың бұзылуын түзеуге бағытталған әдістер гештальттренинг, арттерапия, психодрамалық әдістер: әсіресе «айна» техникасы мен рольдерді ауыстыру әдісі.
- рольдерді ауыстыру арқылы агрессивтікті азайтуға арналған тренингтер.
- кеңестер беру,әңгімелесу. Мінез-құлық түрлері және олардың акцентуациясы туралы әңгімелесу.
-кәсіптік бағдарлау-бағыттау бойынша жүргізілетін жаттығулар мен ойындар.
2. Коммуникативтік аясының бұзылуын түзеуге бағытталған әдістер
- өзін-өзі бағалауды көтеруге бағытталған тренингтер
- қарым-қатынас тобын ұйымдастыру арқылы тілдің коммуникативтік жағын дамыту
- күнделікті мәдениеттану сабақтарын өткізу
- жеке тұлға типологиясы бойынша және конфликтер түрлері бойынша әңгімелесулер, лекциялар өткізу.
- жеке кеңестер өткізу.
3. Оқыту процесінің бұзылуын түзеуге бағытталған әдістер
- мектептік тақырыпта ойын тренингтерін жүргізу,осы тақырыптар бойынша рольдер ауыстыру арқылы психодрама ұйымдастыру
- қарым-қатынасты жақсарту тренингтері
- өзін-өзі бағалауды көтеруге және үрей, қобалжу күйлерін азайт
-топтық басқару, кәсіптік таңдау туралы әңгімелесу, кеңес беру.
4. Қаңғырып кетіп қалуға бейімділікті түзеуге бағытталған әдістер
- өзін-өзі бағалауды көтеруге бағытталған тренингтер
- рольдерді ауыстыру психодрамасы
- жанұялық тақырыптағы «айна» техникасы
- қарым-қатынасты жақсарту тренингтері
- қобалжу және өзін-өзі кінәләу сезімін жоюға арналған жеке жұмыс-
тар
- оқыту тренингтері
- жеке тұлға типологиясы бойынша және конфликтер түрлері бойынша әңгімелесулер,лекциялар өткізу
5. Ата-анамен қарым-қатынастың бұзылуын түзеуге бағытталған әдістер
- өзін-өзі бағалауын көтеруге бағытталған тренингтер
- ертегілер материалында жүргізілетін «психологиялық театр» әдісі
- қарым-қатынасты жақсарту тренингтері
- жанұядағы қарым-қатынас түрлері туралы әңгімелесу, пікір таластыру
- жеке түрде дараланған кеңестер беру
- бала мен ата-ана бірлескен топтық тренингтер
6. Эмоционалдық аясының бұзылуы
- қобалжуды азайтуға, жоюға бағытталған тренингтер
- релаксация және өзін-өзі басқару дағдыларына үйрету
- арттерапия
- агрессивті күйді шешуге бағытталған белсенді ойындар мен жаттығулар
- қорқыныш сезімін жоюға бағытталған ойын терапиясы
- психогимнастика
Психологиялық түзеу жұмыстары барысында тренингтердің алатын орны ерекше. Тренинг барысында талданатын мәселелер күнделікті өмірде кездесетін қарапайым мәселе болуы керек. Мысалы: мектепте сені не толғандырады? Ата-аналармен қарым-қатынаста қиындық неліктен туындайды? Неге біз көп ашуланамыз? Өз бойымызда қандай жағымды қасиеттерді дамытқымыз келеді? т.с.с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет