Эмоционалдық интеллекттің негізгі компонетттері.
Йельск университетінің психология профессоры Питер Сэловей адамның эмоциялық ақылы көрінісінің бес түрін айқындап көрсетеді: өзіндік сана, эмоцияларды бақылау, ынталандыру, эмпатия және қоршаған ортаңызбен өзара қатынастар тұрғызу.
Өзіндік сана: өзіндік эмоцияларды талдау. Адамның эмоциялары жиі оның өзінен жасырын түрде болады. Оларды түсіну өзінің ішкі жай-күйіне, сезіміне және түйсігіне назар аударуды талап етеді, ол тіпті қатты эмоциялық қозу жағдайында объективті өзіндік талдауға қабілетін болжайды. Психолог Джон Майер оны «өзінің рухының жағдайын және өзінің оған деген қатынасын түсіну қабілеті» деп атайды. Практикалық көзқарастан, өзіндік сананы дамыту өзінің көңіл-күйін басқару қабілетінде көрінісін табады. Эмоциялар саналы және ой елегінен өткізілмеген болады. Екіншісі, оларды ақыл сезінгенінше жылдам пайда болады. Ой елегінен өткізілмеген эмоциялар, сіз тіпті олар туралы білмеген жағдайдың өзінде, ой мен реакцияға қуатты әсер етеді. Тек оларды сезіне отырып, сіз оларды бақылауда ұстау мүмкіндігіне ие боласыз. Яғни, өзіндік сана – мысалы, нашар көңіл-күйден арылу үшін, қажетті эмоцияларды басқара алу қабілетінің негізі.
Эмоцияны бақылау: ішкі жағдайды реттеу.
Кезінде Ежелгі Грекияда сабырлық және эмоцияға берілмеу икемділігі адамгершілік ретінде саналатын. Екінші жағынан, құштарлықсыз өмір қызық емес деп есептелген. Эмоцияларлы басу емес, «алтын ортасын» - эмоциялықтың ұтымды деңгейін табуға тырысу керек. Адамдардың күн сайын жұмыста немесе демалыста айналысатындарының көбісі ішкі үйлесімділікті іздеуге бағытталған. Орап алатын эмоция толқынына төтеп беру қабілеті – базалық өмір дағдысы және ең маңызды психологиялық қасиеттердің бірі. Адамның миы, жеке тұлғаның оны қашан және қандай сезімдер орап алатындығын таңдауға еріксіз болатындай сомдалған. Дегенмен, ойлы жігерлене отырып, ол олардың әсері қаншалықты ұзақ созылатындығын және қарқынды болатындығына әсер ете алуға қабілетті. Саналы бақылауға нашар бағынатын эмоциялардың бірі, – ашу. Мұның ең басты себебі, адам қатты ашулана отырып, қуатты эмоциялық заряд алатындығында, ол адамға күш және энергия береді. Кей кездері, бірнеше сағатқа созылатын қозу күйі, адамды ашушаң етуі және кез келген абайсыз айтылған сөз немесе әрекет одан әрі қуатты эмоциялық жарылысқа алып келуі мүмкін. Ашуды жүгендеу амалдарының бірі – назарды басқаға аудару. Бұл жалғыз серуендеу немесе дене жаттығуларын орындау болуы мүмкін. Басқа эмоциялар (көңілсіздік және қайғы сияқтылар) ашуды баса алады, бірақ сонымен бірге күйзеліске ұштасып кетуі мүмкін. Жабырқаңқы күйден шығу үшін психологтар оны сіңіретін ойлардан арылуға кеңес береді. Сіздің назарыңызды басқаға аударуға көмектесетін жағымды істер бағдарламасын жоспарлаңыз, – спортзалға барыңыз, өзіңізді дәмді тағаммен алдаңыз, бұрыннан көздеген істерді жасаңыз, немесе жақындарыңыздың қайсыбіріне көмектесіңіз. Тағы да бір әсер ететін тәсіл – бұл, адамды күйзеліс күйге ұшыратқан жағдайды жақсы жағынан қарастыру.
Өздігінен ынталандыру: эмоцияларды мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалану. Жағымды ынталандру – табысқа жетудің міндетті шарты. Атақты спортшылар мен сазгерлерді, жас кезінен бастап, жылдар сайын нақты дағдыларды жетілдендірумен қайратпен жұмыс істеу қабілеті ерекшелейді. Нағыз эмоциялар қаншалықты адам өз өмірінде табысқа жететіндігін анықтайды, себебі олар туа біткен дарынын мен қабілеттерін қолдануды не жеңілдетеді, не қиындатады. Психологиялық сыйақыны кейінге қалдыра отырып, эмоциялар мен ниеттерін ұстай алу қабілеті, – ең маңызды өмірлік дағдыларының бірі және кез келген бастамалардағы табыс кілті – арықтаудан бастап университетке түсуге дейін.
Үрей сананы тұмшалап тастайды, ал позитивті ойлау, керісінше, анық ойлауға көмектеседі. Эмоцияларын бақылауда ұстай алатын адамдар, тіпті үрейленген күйін де ынталандырушы фактор ретінде қолданады. Үрей мен нәтижелілік арасындағы байланысты психологтар төңкерілген U әрпімен бейнелейді: Алаңдаудың жоқтығы ынталандырудың жоқтығын және төмен нәтижелілікті білдіреді, ал алаңдау анағұрлым күшті болған жағдайда, ол рационалды ойлау қабілетін нашарлатады. Максималды нәтижелілік шамамен ортасында болады. Шығармашылық мамандықтың адамдары үшін бұл орта – шабыттану күйі, ол кейде жеңіл ақыл естің адасуын еске түсіруі мүмкін.
Оптимизм және үміті жоғалтпау қабілеті де біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады. Оптимисттер сәтсіздік алдында жабырқаулыққа берілмейді және әрқашан, ақырында барлығы жақсы аяқталатынына сенімді болады. Өзінің сәтсіздіктерін олар өздеріне бағынбайтын факторлармен түсінідреді, және сол себептен бір нәрсе қолдан келмей жатқанда қайғырмайды. Оптимизм – жоғары дамыған эмоциялық ақылдың белгісі. Ол бизнесте жоғары үздік нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі. Осы екі психологиялық қасиеттерді негізінде, адамның өзінің өмірінде орын алып жатқан оқиғаларға билік ете алуына және кез келген болашақтағы сынақтарды жеңіп шығуға қабілетті екендігіне деген сенім жатыр.
Эмоциялық ақыл барынша іске қосылған, шекті жұмысқа қабілеттілік жағдайды психологтар кенелу деп атайды. Бұл адамның ішкі түйсігі, толығымен өзі жақсы көретін және өзінің дағдылары мен бейімділігіне сәйкес келетін ісімен беріле айналысуы. Бұл түйсік спектрдің ортасында орналасқан, олардың қарама-қарсы полюстеріндегі – зерігу және үрейлері. Шекті көңіл аудару және көтеріңкі көңіл күй (тіпті эйфория) жағдайы адамды өзі туралы ұмытып, барынша жұмысқа берілуіне мәжбүрлейді. Ми мұндай сәттерде, анық әрі тыныш күйде, минималды энергия жұмсай отырып күрделі міндеттерді шеше отырып, қызмет ете бастайды. Бұл жағдайға қол жеткізуге үйрену үшін, көбінесе өзіңіздің көңіліңізге жайлы істермен жиірек айналысыңыз.
Эмпатия: тұлғааралық қатынастың негізі. Адамның өзіндік санасы қаншалықты дамыған болса, оған басқалардың эмоцияларын түсіну оңайға соғады. Тұлғааралық қатынастардың негізінде жатқан өзара түсіністік, адамның уайымдау қабілетінен пайда болады. Басқалардың эмоцияларын «оқи» алатын адамдар тіл табысқыш, зерек және өмірге бейімделген болып келеді, олар айналасындағылардың көңілін опоңай жаулап алады. Эмпатия сәби кезден бастап, «нақыштау» - сәбидің анасының ымын және мимикасын санасыз ұқсату барысында қалыптаса бастайды. Бұл жай-күй оған қорғалғандығын сезінуге мүмкіндік береді және ата-анасымен эмоциялық байланысты нығайта түседі.
Өзара қатынасты басқару: адамдармен тілдесу. Өзінің сезімдерін білдіре білу шеберлігі – басты әлеуметтік дағдылардың бірі. Эмоциялар әсерлі. Кездесу барысында адамдар сөйлеспей-ақ сәл ғана байқалатын, өздерінң сезімдері туралы сигналдармен алмасады және санасыз күйде басқалардан шығатын эмоцияларды көшіреді. Бұл бір адамның сигналдары қалғандарының барлығына әсер етеді дегенді білдіреді. Тілдесу барысында адамдар бір-біріне ымдарын және дене қимылдарын қайталауға бейім, мұнысымен олар ортақ эмоциялық толқынға келеді. Мұндай басқаның эмоциясына икемдену – өзара қатынасты жақсарта түсу шеберлігінің негізі. Сіз қаншалықты өзгелердің сезімін аңғаратын және өзіңіздің сөзсіз сигналдарыңызды басқара алатын болсаңыз, соншалықты қалай айналаңыздағыларға әсеріңізді жақсы бақылауда ұстайсыз. Бұл эмоциялық ақылдің негізгі көріністерінің бірі.
Қорытынды. Соңғы жылдарда эмоциялардың саласына қатысты білімдер ұдайы өсуде. Бұл білімдер эр түрлі мамандықтардан алынуда, өйткені эмоция пәнаралық мәселелердің бірі болып табылады. Сонымен бұл мәселе психологияда бүгінгі күні кеңінен жан-жақты қаралып жатыр деуге болады, бірақ қазіргі кезеңдегі біздің қоғамымызды әлеуметтік-саяси және экономикалық қарымқатынастардың өзгеруімен байланысты эмоция мәселесін кең тұрғыда зерттелудің қажеттілігі талап етілуде.Адамның өмірдің қай саласында болмасын жетістіктерге кенелуі тек оның өмір тәжірибесіне, біліміне, дағды, қабілеттеріне ғана емес, сонымен қатар эмоциялық интеллект сапасына да байланысты.