Лекция тақырыбы: Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері


Якуб Ибн Исках әл-Кинди (



бет3/8
Дата27.09.2023
өлшемі38,31 Kb.
#110887
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3 лекция

Якуб Ибн Исках әл-Кинди (801-866) орта ғасырлардағы араб философиясының ірі өкілі. Замандастары оған «абул хукано» (даналардың атасы), «файласуф аль-араб» (арабтардың философы) деген құрметті атақ берген. Ол өз еңбектерін түрлі ғылым салаларына арнады. Солардың ішінде ол логика, философия, медицина, математика, геометрия, музыка саласына көп көңіл аударды. Оның еңбектері тек араб және Шығыс дүниесіне ғана емес, Европа елдеріне кеңінен танымал болды. Неміс ғалымы Брокельман Әл-Киндиді «Ислам Аристотелі» деп атады.
Бағдат, Басра қалаларында білім алған ол Индия, Греция, Персия және т.б. елдердің ғалымдарының еңбектерін зерттеді. Кейінірек ол Аристотельдің және басқа да грек ойшылдарының еңбектерін араб тіліне аударды.
Грек философтарының еңбектеріне аударма жасап, оны зерттей отырып, әл-Кинди араб философиясының терминологиясын жасауға үлкен үлес қосты.
Әл-Кинди философиялық проблемаларды шешуде математикаға көп жүгінеді. Оның ойынша, философия ғылым ретінде математикаға сүйенуге тиіс. Себебі, алғашқы субстанциялар, нақтырақ айтқанда, материалдық дүниенің заттары олардың негізін ажырату арқылы танылады. Болмыс пен табиғат туралы ілімі Әл-Киндидің философиялық системасының маңызды бөлігі болып табылады. Осы мәселеге байланысты Әл-Кинди «Алғашқы философия туралы», «Бес мән туралы кітап» атты шығармалар жазды.
Абу Насыр ибн Мухаммед Әл-Фараби 870 жылы Фарабта дүниеге келген. Алғашқы білімді ол Фарабта, содан соң, Шаш, Самарқанд калаларында болды. Бұхарада және Иранда тұрады. Бағдатта тұрған кезінде философ ретінде атағы шығады. Өмірдің соңғы кезеңін Дамаскіде өткізіп 960 жылы қайтыс болады. Оның қайраткерлігі мен шығармашылығының айрықша құндылығы, ол Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» немесе «Шығыс Аристотелі» деп саналады. Философия тарихында Әл-Фарабидің парасат пен ақыл жайлы еңбегі бәрін тұтас қамтитын рухани дүниенің онтологиялық желісі, ақыл-ой мен болмыс диалектикасы маңызды кезеңдер болды.
Фараби ірі энциклопедист-ғалым ретінде үлкен абыройға ие болады. Сол кезеңде жиі ұйымдастырған ғылыми сұхбаттарда ол үнемі жеңімпаз ретінде танымал болған. Ұлы ойшылдың шығармашылық эволюциясы екі кезең арқылы өтеді. Алғашқы кезінде Фарабидің дүниетанымы мен көзқарасы қалыптасады. Екінші кезеңінде ол жетілген, ерекше ойшыл ретінде танылады. Осы тұрғыдан алғанда, оның еңбектерін үлкен екі топқа бөлуге болады. Біріншісі, ежелгі грек ғалымдарының еңбектеріне комментарий түрінде жазған шығармалары. Екіншісі, орта ғасырлардағы жаратылыстану және қоғамдық-философиялық ойдың өзекті проблемаларына арнап жазған мен зерттеулері. Ол Аристотель мен Платонның логикалық, этикалық, философиялық еңбектеріне, эвклидтің геометриясына, Александр Афродезийскийдің «Жан» туралы атты шығармаларына түсінік береді.
Таным теориясы саласында Әл-Фараби теңдесі жоқ мұра қалдырды. Ол барлық әмбебаптық ұғымдары, жеке адамның әрдайым тәнмен байланысты және таным жолымен ғана оның шегінен алатын жанының адамшылығы айрықша назар аударуды қажет етеді. «Іскер парасат» әлемнің барлық заңдылықтарын тануға тиіс. Осыдан барып объективтік парасатты ұғына алатын адамның іштей тәуелсіз мұраты келіп шығады. Әлем тәртібінің рухани және жаратылыстық себептерінің күрделі үйлесімі адамды таным жолына жетелейді, заттар мен құбылыстардың қозғаушы күштері мен себептерін айқындауға мүмкіндік береді.
Әл-Фараби өз заманында мәлім болған ғылым салдарын әрі қарай дамытып, 160 шамасында трактат жазған. Негізгі шығармалары: «Математикалық трактаттары», «Философиялық трактаттары», «Логикалық трактаттары», «Этикалық трактаттары» және т.б.
Жалпы алғанда, әл-Фараби – Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы, ол дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі орнын алады. Оның рухани мұрасы өзінің ұлы ізбасарлары Ибн-Синаға, Бируниге, Жүсіп Баласағұнға және т.б. суалмайтын қайнар болды.
Әл-Бируни ғылымның түрлі салаларынан көптеген еңбектер, оның ішінде «Ертедегі халықтар хронологиясын», «Үнді суреттемесін», т.б. жазды. Философиялық көзқарасы бойынша ол да идеалист болды, дегенмен өзінің жаратылыстану шығармаларында әл-Фараби сияқты кең құлашты ғалым бірқатар материалистік пікірлер айтты.
Феодалдық Орта Азияның аса көрнекті ғалымы әрі философы, бұқаралық Ибн Сина (Авиценна) есімі кең тараған ұлы энциклопедист ғалымдардың бірі. Ол айналыспаған ғылым саласы кемде-кем. Алайда, оның данышпан ой-өрісі әсіресе екі салада – медицина мен философияда айрықша көрінді. Негізгі еңбегі: «Дәрігерлік ғылымның қағидалары», «Айығу кітабы». Ол философияны үшке бөледі: физикаға (табиғат жайлы ілім), логикаға (табиғат пен адамды танып білу жайлы ілім) және метафизикаға (тұтас болмысты танып білу жайлы ілім).
Көрнекті математик, астроном, ақын әрі ойшыл Омар Хайям мұсылмандық теологияның діни қағидаларын аямай сынға алып, жан өлмейді және ол дүниеде мәңгі өмір сүреді деген түсініктерді теріске шығарды.
Қорыта келгенде, Орта Азияның орта ғасырлардағы ойшылдары мен ғалымдарының философиялық және жаратылыстанулық-ғылыми көзқарастары Шығыс пен Батыс философиясының ілгері дамуына зор әсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет