Қазіргі заманбатыс философиясы ХХ-ғасыр философиясының қалыптасуы шарттары туралы айтсақ:
1) ХХ-ғасырда Европа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер әсіресе бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды;
2) Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жайлады;
3) Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін ту-ғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады;
4) Бұрынғы философиялық жүйе ХХ-ғасыр адамын толғантқан сұрақ- тарға жауап беруге қабілетсіз еді, «Жалпы адам дегеніміз не?» деген сұрақ- пен шектелмей, «Мен кіммін?» сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туды.
М.Хайдеггер (1889-1970) ХХ ғасырдың аса iрi философтарының бiрi. Философия дамуының күрделi жолын сыни тұрғыдан пайымдай отырып М.Хайдеггер өзiнiң “Болмыс және Уақыт” еңбегiнде адамның әлемнен бөлiнуi техникалық өркениетке тән деп сипаттайды. Техникалық өркениет адам мен әлемдi бiр-бiрiне қарсы қояды, ал субъект пен объект бөлiнiсiнiң философиялық негiзделуi, сонымен қатар субъекттiң объектiге белсендi ықпалы мен оны бағындыруы Жаңа заманда жүзеге асты. Европалық нигилизм феноменiн сынап зерделей отырып М.Хайдеггер болмыс тақырыбына оралып, адамның өзiнiң болмысын өзектi мәселе ретiнде қарастырады. Философтың ойынша адам осындағы - болмыс болып табылады.
К.Поппер (1902-1994) әрбiр мезеттегi технологиялық мүмкiншiлiктерге байланысты болып келетiн жалғыздылықтың талабына сезiмдiлiктiң критерийiн қайта қалыптастырды. “Ғылыми ашылымның логикасы” еңбегiнде К.Поппер эмпирикалық қондырғы туралы тезисiн негiздейдi. Бұл қондырғы бойынша бiлiмнiң өсуi үшiн айқын түйiндер мен ұсынылатын тұжырымдарды өте дәл эмпирикалық тексеру қажет. Поппердiң айтуынша, жалпы тұжырымдарды негiздеу үшiн дедуктивтi тексеруге жүгiну қажет. Терiске шығару туралы Поппердiң тезисiн Т.Кун (1927-1996) өзiнiң “ғылыми iс-әрекеттiң тарихи-ғылыми көзқарасы” деген идеясы арқылы сынға алады.
Кунның анықтауынша, әлем картинасында оның мынадай маңызды компонентерiн байқауға болады: парадигма, ғылымның қалыпты дамуы және ғылыми революция. Кунның пiкiрi бойынша парадигма – бұл тексерiлетiн ғылыми гипотеза енгiзiлген жорамалдардың жалпы жиынтығын белгiлеу үшiн қолданылатын ұғым. Ғылымның қалыпты дамуы – бұл шынайылығы күмән туғызбайтын ұсыныстарды пайдалана отырып ғылымның проблемалармен жұмыс iстеу кезеңi. Ж.Деррида (1930-...) Ницше мен Хайдеггер бастаған метафизиканы сынауды жалғастыра отырып, Фрейдтiң кейбiр идеяларын дамыта отырып, бүкiл батыстық ойлауды сынайды. Деррида мәтiндi оқу барысында, оның iшiндегi жымдасып кеткен қайшылықтарды ашу мен “мәтiн құрылымын мән-мағыналық тұрғыда тарату” үшiн деконструкция принципiн ойлап шығарды. Ж.Деррида центризмнiң позициясын сынай отырып, мәтiн мен жазуды әрекет ете түсiндiре отырып, оны кеңейте түседi. Деррида маңызды еңбектерi “Өзiндiк референция”, “ерекшелендiрумен” жұмыс жасап, “Өзгенi” ашумен сипатталады. М.Фуко (1926-1984) индивидтегi автономдық бастаудың басымдылығы туралы идеяны сынап, адамды әлеуметтiк конструкция ретiнде анықтайды. М.Фуко өз зерттеулерiнде мәдениет тарихындағы ессiздiкке талдау жасап, билiк пен үстемдiк құрылымдарын анықтаумен айналысады.
Қорыта айтсақ, ХХгасыр философиясы гасырдың айнасы, оның өзі сияқты сан қырлы, бір-біріне қарама-қарсы багыттарга толы болды деуге болады. Бірақ басты мәселелер — жеке адам, оның болмысының ерекшеліктері, ақыл-ойдан адамның сезіміне көбірек үңілу және бүкіл адамзаттың болашагы мәселелерін зерттеу болды десек, қателеспейміз.