Лекция тақырыбы: Халықтық педагогикадағы кемел адам үлгісі Жоспар Әл-Фарабидің этнопедагогикалык ой-пікірлері Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" еңбегінің тәрбиелік мәні



бет4/11
Дата20.09.2023
өлшемі78,82 Kb.
#109144
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әділеттілік туралы:


Есте сақта, сөзімді қабыл ет те,
Пайда-мінез, ұят пен әділетте.
(1630-бәйіт)

  1. Сараңдық туралы:

Дүние мүлік жинадың кенелдің бе?
Оны ешкімге қимадың, жемедің бе.
Тартып оның азабын өлістің де:
Дүниеден ажалың білесің бе?
(1645-1646-бәйіт)

  1. Еңбек туралы:

Көз берді Алла зат көріп құндау үшін,
Құлақ берді үн естіп, тыңдау үшін,
Қос қол берді тірлікпен тынбау үшін,
Аяқ берді бос қарап тұрмау үшін.
(3599-3600-бәйіт)

  1. Ата-ананы құрметтеу туралы:

Ата-ананың қабылдап қасиетін,
Ардақтай біл атқарып өсиетін.
(1486-бәйіт)

  1. Ғылым мен білім туралы:

Жастай түссең пәк ғылымның жолына,
Өмір бойы бақыт сенің қолында.
(1593-бәйіт)

  1. Ақылды дос туралы:

Ақылдыға қосылсаң, бақытты боп өтесің,
Төрт құбылаң түгел боп, арманыңа жетесің
(4497-бәйіт)

  1. Меймандостыққа, кеңпейілділікке тәрбиелеу:

Туыс досқа пейіліңмен берсең мәзір асыңды,
Олар сені құрметтеп сыйлап өтер басыңды.
(4649-бәйіт)
Қазақ халқының әріден бастау алатын ұлттық (этностық) педагогикасынан өз орнын алатын Жүсіп Баласағұни бабамыздың тәлім-тәрбиелік ойлары, өсиет-өнегелері өз құндылығымен ұрпақтан-ұрпаққа тәлімдік қуатымен жетеді. Құтты білімді құрметтей қабылдап, оның асылдарын ала білетін ұрпағымыз Баласағұнидің бар дүниесін қастерлей беруі ләзім.

Махмуд Қашғари «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінің тәрбиелік мәні
Махмуд Қашғари – ХІ ғасырдағы түркі ғалымы: “Диуани луғат ат-түрік ” (“Түркі сөздерінің жинағы”) атты кітабы арқылы өз заманының аса білімдар тіл маманы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылды. Түркітану тарихында ол тұңғыш тарихи-салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның мәліметтерінен түркі тайпаларының (соның ішінде қазақтардың) ХІ ғасырда отырықшылыққа көшіп, қала мәдениетін қабылдағанын көреміз.
Ол сол заманғы түркі тайпаларын геоеграфиялық орналасу ретімен батыстан (Румнан) шығысқа (Чинге) қарап санап көрсетеді және олардың орналасу картасын береді. Жеке тайпа тіліне тән сөздерді түсіндіру үстінде этногрфиялық, тарихи, географиялық мәліметтерді де келтіріп отырады. Оғыз тайпасының ұсақ руларына дейін тап көрсетеді, олардың әрқайсының қолданатын таңбаларын айтады.
Қашғари кітабындағы мысал ретінде келтірген батырлық, ерлік, күрес жырлары, дидактикалық сарындағы өлеңдер ұрпақты ерлікке, оқу-білімді үйренуге, өнерге, әділеттілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Кітапта мысалға келтірілген табиғат туралы, аңшылық туралы өлеңдермен тұрмыс-салт жырлары, жинақтағы мақал-мәтелдер (“Кісі аласы – ішнде, жылқы аласы – сыртында”, “Құс қанатымен, ер атымен”, т.б.) ежелгі тәлім-тәрбиелік, ағартушылық нұсқаулардың құнды негіздері болып табылады.
“Танғұттарға қарсы күрес жырлары” атты шығармада халықтық тәлім-тәрбиенің негізі етіп ерлік тақырыбында ерлердің жеңіске жетуі ерлікте ғана емес, бірлікте екенін қастерлей баяндайды.Танғұт ханы Катунсинді жеңу үшін ерлердің ерлігі, елдің ерлігі қажет болады, бірлескен елді “Ұлы тәңірім жарылқайды” дейді. Жаудың жеңілуіне себепші болған жағдай оның менмендігі,мақтаныштығы болды деп, жырдағы идея , даңдайсудың, даурықпанның елге зияны , ерге – зақым екенін дәлелдеу болып табылады.
“Алат ер Тұңғаны жоқтау ” шығармалар – халық педагогикасының “өткеннен өнеге алу” мақсатын орындайтын поэтикалық шығарма ретінде ұлттық (этностық) тәлім-тәрбие ісіне мәңгі әсер беретіні сөзсіз. Ер тұңға түріктің алып батыры, ақылшысы еді, ол тағдырға – ажалға қарсы тұра алмады, оның артында қалған ұрпағы атасының рухын ардақтап, жолын қууға міндетті, өйтпесе, “ынжық, жауыз тірілер, елдің тағдыры мәнсіз болар” дейді.
Түркі тіл ғылымының негізін қалаумен қатар, халық педагогикасының тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, оның мәйектерін кейінгі ұрпаққа кітап беттерінде қалдырған ғұламаның ағартушылық ойлары, еңбектері ұшан-теңіз болуы мүмкін, ал бізге жеткен бір кітабының өзі біздің халықтық ұлттық тәлім-тәрбиесінің арғы тегін көрсететін құнды дүние. Оның тәлім-тәрбиелік маңызы арта береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет