Лекция тақырыбы: Халықтық педагогикадағы кемел адам үлгісі Жоспар Әл-Фарабидің этнопедагогикалык ой-пікірлері Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" еңбегінің тәрбиелік мәні


Әбу Насыр Әл-Фарабидің - этнопедагогикалық ой-пікірлері



бет3/16
Дата07.01.2022
өлшемі78,82 Kb.
#17393
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Лекция та ырыбы Халы ты педагогикада ы кемел адам лгісі Жоспа

Әбу Насыр Әл-Фарабидің - этнопедагогикалық ой-пікірлері

Екінші үлкен ғұлама ғалым дүние жүзілік білім мен мәдениеттің Аристотельден кейінгі тарихта “екінші ұстаз” атанған данышпан, ұлы ойшыл, энциклопедист ғалым, өнер зерттеушісі, әрі ақын Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950ж.ж.) Сыр бойында Отырар қаласында (қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысы) 870ж. дүниеге келген. Ол әскербасының баласы болған. әуелі өз ауылында, сонан соң шығыстың әйгілі елдері: Ирак, Мысыр, Шам елдерінде оқып білім алған. 950ж. Дамаск қаласында қайтыс болған. Араб тілінде көптеген еңбектер жазған. Олары дүниежүзінің талай елдері тілдеріне аударылып, жан-жақты зерттеліп жүр. Батыс европа елдерінің жоғарғы оқу орындарында ХҮІІІ ғасырға дейін оның еңбектері жеке пән ретінде оқылған. Оның философиялық, эстетикалық трактаталары бар. Қазақ тілінде мынадай еңбектері жарық көрді: “Ақылдың мәні туралы трактата”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері”, т.б. Әл-Фарабидің философиялық ой-пікірі жөнінде Н.Қасымжанов, педагогикалық ой-пікірлері және математикалық трактаталары жөнінде А.Көбесов, Әл-Фарабидің әлеуметтік көзқарасы туралы А.Машанов т.б. арнаулы еңбектер жазды.

Әл-Фарабидің философиялық педагогикалық ой-пікірлері туралы ғалым Қ.Б.Жарықбаев та бірнеше ғылыми зерттеу мақалаларын жазды. Әл-Фарабидің педагогикалық ой-пікірлері негізінен мыналарға саяды: Ел жұртты тонауға тақ пен тәж үшін болған қантөгістерге, әділетсіздікке қарсы шықты, аамның еңбекке, білімге, бейбіт өмірге, өнерге деген правосын қорғауға әрекет жасады. Елдің жақсы өмір сүруі үшін әділ, инабатты, жамандықтан жиіркенетін, батыл, жомарт, өнерді, әдебиетті сүйетін адам басқаруы керек дейді. Бүкіл халықтық бақытқа жетудің бірден-бір жолы ғылымды, білімді игеру деп білді.

Түркі, парсы, араб тілдерінде сөйлей де, жаза да білген. Грекше, латынша, санскритше, т.б. тілдерді біліп, ертедегі грек тілінен араб тіліне көп еңбек аударған. Ғақлиялық ғылымилық ағыстың бастаушысы. Ғалымның ғылыми еңбектерінің саны жүзден астам (зерттеушілердің кейбіреуі екі жүзге тарта дейді). Оларды топтасақ: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, дәрігерлік ғылым, табиғат жаратылыстану ғылымдары, социология-әлеуметтік ғылым, лингвистика- тіл ғылымы, поэзия-риторика, философия, педагогика. Ұлы ғалымның “Қайырлы қала адамдарының көзқарастары” атты еңбегі- ағылшынның атақты утопист- социалист Томас Мордың еңбегіне негіз болған.

Ол Дамаск (Шам) қаласындағы медреседе сабақ беріп, ұлағатты ұстаздық еңбектер жазып, әлемдегі екінші ұстаз (Аристотельден соң) аталған. Оның ұлы шәкірттерінің бірі- Әбу Әли ибн Сина (Авицена) болған. Әл Фарабидің педагогиқалық пікірлерінен төмендегіше тұжырымдарды аламыз:

1. Ғылым туралы. Ғылымда Әл-Фарабидің “Бақытқа жету”, “Ғылымдар тізбегі”, “Ғылымдарды топтау” еңбектері ерекше үлкен орын алады. Ол ғалымдардың бәрінің еңбектерінің мәнін анықтап, мәнісін жіктейді. Мысалы, ол математиканы жеті тарауға бөледі: арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статистика, механика-әдіс айла жөніндегі ғылым.

“Музыканың ұлы кітабы” деген еңбегінеде ол музыка, акустика, мәселелерін жан-жақты талдап, дыбыстың табиғаты, тегі, таралуы жайында соны пікірлер жазды, музыка теориясын жаңадан қалыптастырды.

Ол “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе”, “Риторика”, “Софистика”, “Поэтика”, “Логика”, “Этика”, “Метафизика” т.б. көптеген оқулықтар, ғылыми трактаттар жазды. Оның оқулықтары мен ғылыми еңбектерін Әбу-Әли Ибн-Сина, Әбу-Райхан Беруни, Омар Хайям сияқты шығыс ғұламалары Роджер Бекон, Леонардо да Винчи тәрізді европа ғалымдары көп пайдаланған.

2. Оқу, білім туралы. Ол оқу, білім алу, ғылым адамы болу адамгершілік және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты деп көрсетеді. “Ғылымды үйрену үшін адамның арының тазалығы қажет” дейді ұлы ұстаз.

Ол тәрбие әрекетінде қатты әдіс (қатандық) пен жұмсақ әдісті (жұмсақтықты) ұштастыра білуді ұсынады.

Ол оқыту дегеніміз- үйрету, дағдыландыру, әрекеттендіру деді. Ал, білім беру–ғылым теорияларын іске асыру әрекеті дейді.

Тәрбиелеу–жеке адамның кісілігін қалыптастыру деп көрсетеді.

3. Оқыту әдістері туралы. Әл Фараби оқытудың негізгі әдісі–көрнекілік деп көрсетеді. Сөйтіп, көренкілік әдісінің мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Ол оқытудың әдіс-тәсілдерін айқындап, оны пайдалануға ұсынған методист-педагог (ғылымды үйрену, үйрету реттерін тізгілеп, үйренуші қабілетіне әсер ету тәсілдері, т.б.). Үйретуде түсініктілік, лайықтылық тәсілдерін қолдануды уағыздайды. (“Музыканың ұлы кітабы”, “Алмагестке түсініктеме”, т.б.)

Ол “басқалардың айтқанын иемдену–надандықтың ісі, опасыз адамның қылығы” –дейді.

4. Тәлім-тәрбие туралы. Тәрбиелеу дегеніміз–халықтардың бойынан білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз.

Адамның өз ожданы алдында адал, шыншыл болуы–адал, өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізетті болуынан ғана туады.

Адамның әуелден тоқымашы болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман қылық та әуел бастан жаратылысынан дарымайды.

… Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде шыңдау арқылы іске асыруға болады.

5. Денсаулық туралы: … Егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек. Ал, егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек.

Егер тән ауырса, көңілдің күрт түсуі–табиғи құбылыс. Сондықтан, алдымен сазды әуеннің әсерімен көңілді сергітеді. Осының арқасында дене біртіндеп сауыға бастайды.

6. Еңбек туралы. Тиісінше еңбек ету денеге күш берді, ал шектен тыс артық немесе жеткіліксіз еңбек күшті қайтарады немесе әлсізді әлсіз халінде қалдырады.

… Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді… Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы аңғарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, соның рахатын көру біздің ақсатымыз болып табылады.

7. Поэзия және музыка туралы. Әл Фараби поэияны “Сезімді сиқырлайтын болмыс” деп, оның тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды. Поэзияның үйлесімділігі, қисындылығы, еліктіргіштігі тыңдаушының пайымдауымен сәйкес келсе, оның құдіреті қуатты адам санасының арайлы сәулелерін молайта түседі.

Поэзиялық туындының әсерлі де, көркем болып шығуы үшін, ақын фабула (оқиға желісі) мен өлшем арасын және поэзияның түрлерін ,жанрлық қасиеттерін жақсы білуі керек,- дей келе, поэзияның: трагедия, дифирамбы (мадақтама),Комедия, ямб (нақыл), драма, эпос, диаграмма (сақ тандыру), сатира, поэма, риторика, (шешендік сөз), амфигоноссос (жаратылыс бейнесі), акустика сияқты түрлері бар екенін айтады.

Ұлы ғұлама “ақындарды үш топқа бөлген абзал” дейді:

а) табиғи дарынды ақын поэзияның барлық жанрын игеріп, тамаша теңеулер мен керемет бейнелеулер арқылы “жүрекке жылы” отты жырлавр шығарады; ә) екінші топтағы ақындар- өлен өнерімен толық таныс. Олар үйреніп, пайымдап, қорытындылап, түзетіп, түрлендіру арқылы поэзияны жетілдіре түседі; б) үшінші топтағы ақындарға “еліктеушілер” жатады. Еліктеушілер, көбінесе, ерекше себептер мен жағдайларға байланысты өзі толық білмейтін тақырыптарға ұрынады. Ал, “ғажап поэзия еркіндікте тумақ”,- дейді.

Ол поэзияның ең қуатты құралы- теңеу дей келе: “Теңеу де өз көркемдік дәрежесімен ерекшеленеді, оны қосымша кейіптеу арқылы суреткерге тән тәсілмен ұқсастыру- әрбір ақынның шеберлігіне байланысты” деп тұжырымдайды.

Музыка ғылымының негізін қалаушы әл Фарабидің әрі күйші де екенін дәлелдейтін аңыздар бар. Ол музыканы математикамен байланыстырады. Өйткені музыка әлемі-қасиетті жеті сатыға, сегіз өлшемге тән, “Музыканың негізгі мақсаты адмның эстетикалық қажетін қанағаттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қасиет, өйткені, тіл мен музыка тілі бір-біріне етене қатысқан кезде музыканың әсері арта түседі… Музыка өзінің байсалдылығынан айырылған адамды түзетуге, қызба адамды қалпына келтіруге, байсалды адамды ылғи да бір қаыпты ұстауға құдіреті жетеді”-дейді.

Әл Фараби адамның бақытқа жетуіне қажетті үш нәрсе: денсаулық, еңбек, білім жеке адамның адамдық бейнесінің негіздері деп көрсетеді. Оның философиялық тұжырымдары–бүкіл әлемдік философия ғылымының негіздері.

Ұлы ғұлама әрі ақын да болған. Оның туған жерге, туған елге арналған сағыныш сазды өлеңдері қазақ поэзиясының арғы тегіндегі ұлттық колориттерімен ерекшеленеді.

Әл Фарабидің әлемге әйгілі ғылыми еңбектерімен қатар, оның шығармашылық-поэтикалық еңбектері, тәлім-тәрбие, ұстаз бен шәкірт оқу және оқыту туралы пікірлері қазақ халқының ұлттық (этностық) педагогикасының (тәлімдік ғылымның) мөлдір бастауы екенін жоғары бағалап, оның тәрбиелік, білімдік қуатын мәңгі пайдаға асыру-ұлағатты ұстаздар мен ізденімпаз шәкірттердің міндеті.

Әл Фарабидің әлеуметтік этикалық (әдептік) трактаттарынан (тұжырымдарынан).



  1. Бақыт жолын сілтеу:

Бақыт–әрбір адам ұмтылатын мақсат. Игіліктердің ішінде бақыт–ең үлкен игілік. Әрекеттер адамның өзінің ықтиярлығына, таңдауына негізделген болса, ол бақытқа жетеді. Ол мінез-құлық сапасына да байланысты. Жақсы мінез-құлыққа жеткізетін әрекеттер-жақсы әрекеттер.

Бақытқа жеткізетін әрекеттер: Ержүректік, үнемшілдік, нәпсіге ұстамдылық, сөзге тапқырлық, адалдық, қайырымдылық.

Жаман мінез–рухани кесел.

Әрбір рахат белгілі бір әрекеттерден туады.



  1. Азаматтың дүниетанымы жөнінде:

Денелер алты текке бөлінеді: 1-аспан, 2-ақыл-парасатты жануарлар, 3-ақыл-парасатсыз жануарлар, 4-өсімдіктер, 5-минералдар, 6-төрт негіз(күн, жер, су, ауа). Әрбір азамат осы негіздердің қасиеттерін білу керек. Яғни дүниетанымын, білімін арттыру керек.

  1. Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері:

  1. Жанның да өзіне тән денсаулығы, науқасы болады.

  2. Адамның игі қылықтары-ізгілікті қасиеттер.

  3. Денені емдеуші–дәрігер, ал жанды емдеуші–мемлекет қайраткері.

  4. Мемлекет қайраткері–бүкіл өмірді емдейді.

  5. Материя–шындықтағы төсек.

  6. Жанның басты бөлшектері мен күштері.

а-нәрлендіру, ә-түйсіндіру, б-елестету, в-ұмтылу, г-ақыл-парасат.

  1. Қайырымдылық, әдептілік, мемлекет қайраткерінің басты қаситеті болу керек.

  2. Ұстамдылық-әрбір қайраткердің негізгі қасиеті болу керек.

  3. Игілікті әрекеттер арқылы, қайырымдылық, қамқорлық жасаушы басшы ғана ұлы құрметке ие болады. Жақсы әкім басқару өнерін әрдайым қолдануға қабілетті болады.

  4. Басшы практикалық (іс-әрекеттік) ақыл-парасат, пайымдағыштық, әдепті қайырымдылық, айқын пікір, тапқырлық, ойшылдық, іскерлік, зеректік, шешендік, қиялшылдық, т.б. игі қасиеттер болу керек.

  5. Нағыз әкім деп: даналық, асқан пайымдағыштық, қалтқысыз сендіру қабілеті, өте жақсы қиялдау қабілеті. Басшылық қабілеті, батылдық қабілеті болу керек.

  6. Басшының ақиқаты–көкейтесті мақсаты болуы керек.

  7. Бейқамдылық–сәтсіздікке бастайды. Сондықтан басшы бейқамдылққа қарсы күресе білу керек.

  8. Бақытқа жету жайында: бақытқа жеткізетін, негізінен, денсаулық, еңбек және білім.

Білімнің алғы шарттары: тексеру, зерттеу, үйрену.

Бақытқа жеткізетін ізгіліктер: 1-теориялық ізгілік, 2-ойшылдық, 3-этикалық ізгілік, 4-практика (әрекеттік), өнерді қалыптастыру.

Болмыстың 4 бастамасы болады: 1-зат, 2-не, 3-неліктен, 4-аттың қалай дамығандығы туралы (қалайша?).

Үйрету-халықтардың бойына теориялық ізгіліктерді дарыту, тәрбиелеу-білімге негізделген этикалық әдептілік, ізгіліктермен өнерлерді дарыту. Ерікті түрде тәрбиелеу өнері өте-мөте көп күш керек етеді. “Әкім” деген есім билік пен қуаттылықты көрсетеді. Сондықтан, ол батыл, жігерлі болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет