Лекция Тақырыбы: Құқықтың түсінігі және белгілері


Құқықбұзушылықтардың түсінігі



бет6/7
Дата14.09.2023
өлшемі37,79 Kb.
#107856
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Құқықбұзушылықтардың түсінігі
Құқықбұзушылық – бұл қоғамның, мемлекеттің,тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінəлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті əрекеті.  
Құқықбұзушылықтың белгілері:
- əрекет немесе əрекетсіздік; 
- кінə;
- құқыққа қайшылығы; 
- зиянды нəтиже;əрекет пен зиянды нəтиженің арасындағы себепті байланыс; 
заңды жауапкершілік. 
Əлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқықбұзушылықтар қылмыстарға жəне теріс қылықтарға бөлінеді. 
Қылмыстар – бұл қоғамға ерекше қауіптілікпен ерекшеленетін, əлеуметтік маңызды мүдделерге нұқсан келтіретін, нұқсан кел-тірушіліктен қылмыстық заңнамамен қорғалатын қылмыстық құқықбұзушылықтар. Құқықбұзушылықтардың басқа түрлеріне қарағанда, қылмыстық заңмен аталған қылмыстық əрекеттердің тізімі нақты анықталған жəне олар кеңейтілген түсінуге жатпайды. Қылмысты жасау жазалауды көздейді. 
Теріс қылықтар – əлеуметтік қауіптіліктің, қылмысқа қарағанда, аз дəрежесімен ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің əр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, əр түрлі нұқсан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, əр түрлі шаралар көзделген. 
Теріс қылықтардың түрлері: 
Азаматтық – бұл мүліктік жəне жеке мүліктік емес қаты-настар саласында жасалатын, ұйымдарға немесе жеке азаматтарға мүліктік зиян келтіруден көрініс табатын, шарт бойынша міндет-темелерді орындауды, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мəліметтерді таратуды жəне т.б. білдіретін құқықбұзушылықтар. Олар үшін зиянды өтеу, бұзылған құқықты мəжбүрлі түрде қалпына келтіру, орындалмаған міндетті мəжбүрлі түрде орындату сияқты санкциялар жəне басқа да құқықты қалпына келтіруші санкциялар көзделген.
Əкімшілік – бұл заңмен орнықтырылған қоғамдық тəртіпке, мемлекет органдарының атқарушылық-өкімдік қызметі саласын-дағы қызметтік міндеттерді жүзеге асырумен байланысты емес қатынастарға нұқсан келтіруші құқықбұзушылықтар. Əкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айыппұл, ескерту, арнайы құқықтан айыру (мысалы, көлік құралын айдау құқығы) жəне əкімшілік заңнамамен көзделген басқа да санкциялар көзделген.
Тəртіптік – бұл еңбек қатынастары саласында жүзеге асыры-латын, кəсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызметінің ішкі тəртібіне нұқсан келтіретін құқықбұзушылықтар. Тəртіптік шаралар Еңбек туралы заңда, əскерилер үшін – Тəртіп туралы жарғыда, лауазымды тұлғалардың кейбір санаттары үшін – арнайы ережелерде қарастырылған. Бұл шараларды кəсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның əкімшілігі жүзеге асырады. Құқықбұзушылықтардың барлық түрлері үшін санкциялар көзделген. Санкциялар құқықты қалпына келтіруші жəне айып-пұлдық болып бөлінеді. Құқықты қалпына келтіруші санкциялар міндетті мəжбүрлі түрде орындатуға, бұзылған құқықты мəжбүрлі түрде қалпына келтіруге бағытталған, ал айыппұлдық санкциялар құқық бұзушының белгілі бір құқықтарын шектеуді, оған арнайы міндеттерді жүктеуді немесе оны ресми түрде сынға алуды көздейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет