Құқық және діни нормалар және әдет-ғұрып. Діни нормалар деп əртүрлі діндермен орнықтырлған жəне осы дінге сенуші тұлғаларға мін-детті болып табылатын ережелерді атайды. Олар əртүрлі діни кітаптарда көрініс тапқан: Құранда, Інжілде, Тəуратта, буддистердің діни кітаптарында жəне т.б. Бұл нормалар діни бірлестіктердің ұйымдастырылуының жəне қызмет етунің тəртібін анықтайды, діни рəсімдерді орындау, шіркеулік қызмет тəртіптерін реттейді. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бірқатар дəуірлерде діни норма-лар заңды сипатты иеленіп, кейбір мемлекеттік, саяси, азамттық-құқықтық, отбасы-некелік жəне т.б. қатынастарды реттеген. Қазіргі кездегі бірқатар ислам мемлекеттерінде Құран мен Сүннет мұсылмандардың өмірінің барлық салаларын реттейтін діни, құқықтық жəне моральдық нормалардың негізі болып табылады. Діни ұйымдар орнықтырған нормалар бірқатар қатынастарда қолданыстағы құқықпен тығыз байланысқа түседі. Мысалы, Конституция əрбір адамға ар-ождан бостандығын, кез-келген дінге еркін түрде сену құқығын кепілдей отырып, діни ұйымдардың қызметінің құқықтық негізін бекітеді. Діни бірлестіктерге заңды тұлға мəртебесі берілуі мүмкін. Олар шіркеулерге, оқу орындарына иелік етуге құқылы.
Құқық нормасы – бұл мемлекет таныған жəне қамтамасыз ететін жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Құқық нор-масынан қоғамдық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттері туындайды жəне осы ереже аталған субъектілердің əрекеттерін реттеуге бағытталған.
Заң нормасы – құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесінің элементі. Сол себепті, бұл нормаға ерекше əлеуметтік құбылыс ретіндегі құқықтың негізгі белгілерінің тəн болуы заңды да. Алайд, бұл «құқық» жəне «құқық нормасы» түсініктерінің бір екенін білдірмейді. Олар бір-бірімен бүтін мен оның бөлігі ретінде байланысқа түседі. Құқық нормасының белгілері:
1) жалпыға міндеттілігі – ол адамдардың мүмкін жəне міндетті əрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді;
2) формальды анықталғандығы – ол жазбаша түрде ресми құ-жаттарда көрініс табады;
3) мемлекетпен байланысы – оны мемлекеттік органдар орнық-тырады жəне мемлекеттік əсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;
4) ұсынушылық-міндеттемелік сипат – ол бір субъектілерге құ-қықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттемелер жүктейді, себебі, құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүмкін емес.
Заң нормаларының түрлері:
1) реттеуші жəне құқық қорғаушы;
2) құқық беруші, тыйым салушы жəне міндеттеуші;
3) императивтік жəне диспозитивтік. Реттеуші норма – бұл субъектінің субъективтік құқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу жəне əрекет ету жағдайларын анықтайтын норма.
Құқыққорғаушы норма – бұл субъектіге мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма.
Құқық беруші норма – бұл субъектіге белгілі бір əрекеттерді жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.
Тыйым салушы норма – бұл субъектіге белгілі бір əрекеттерді жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.
Міндеттеуші норма – бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы əрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.
Императивтік норма – бұл қатаң ережелер түрінде көрініс табатын жəне құқық субъектілерінің қалауларынан тəуелсіз түрде əрекет ететін норма. Диспозитивтік норма – бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.
Құқықтық норманың құрылымы үш элементтен құралады: гипотеза, диспозиция жəне санкция.
Гипотеза – бұл құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағ-дайын көрсету; диспозиция – бұл құқықтар мен міндеттердің өзін көрсету; санкция – бұл норманы бұзудан туындайтын қолайсыз салдарды көрсету.
Құқық - бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған , мемлекеттік орнықтырылған және қамтамасыз етілетін жалпыға міндетті формальды анықталған заң нормаларының жүесі. Құқықтың белгілері, еріктілік сипаты,. жалпыға міндеттілігі, нормативтілігі,. мемлекетпен байланысы, .формальды анықталғандығы, жүйелігі. Құқықтық қоғамдағы жоғарғы мақсаты бостандығы нормативтік тәртіпте қамтамасыз етуін және кепілденуін, әділеттілігі қалыптастырылуынан, қоғамды өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктер жоя отыру қоғамда экономикалық және рухани факторлар етуіне мейлінше жағдай жасауына көрініс табады.Құқық əлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірге пайда болады, себебі, көп жағдайда олар бір-бірінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағыт-талған. Мемлекеттің құқықсыз өмір сүре алмайтыны секілді, құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды: құқық мемлекеттегі саяси билікті ұйымдастырса, мемлекет заң нормаларын орнықтырады, қолданады жəне оларға кепілдік береді. Құқық тарихи тұрғыда таптық құбылыс ретінде пайда болып, ең алдымен, экономикалық үстемдік құрушы таптардың еркі мен мүдделерін білдірді. Егер əдет-ғұрыптар адамдардың санасы мен жүріс-тұрысында бекітілсе, құқықтық нормалар жалпыға мəлім болу мақсатында жазбаша рəсімделе басталды. Құқықтың пайда болуы – əлеуметтік байланыстардың күрделенуінің, қоғамдағы қарама-қайшылықтардың таралуын əлеуметтік нормалардың реттей алмауының салдары. Құқықтық нормалар негізгі үш жолмен қалыптасты:
1) мононормалардың (алғашқы қауымдық əдет-ғұрыптардың) əдет құқығының нормаларына айналуы жəне осыған байланысты оларды мемлекеттің санкциялауы;
2) құқық нормаларынан құралған арнайы құжаттарды – нормативтік актілерді – шығарудан көрініс тапқан мемлекеттің құқық-шығармашылық қызметі;
3) сот жəне əкімшілік органдарымен қабылданатын нақты шешімдерден құралған жəне басқа да ұқсас істерді шешуде үлгілік сипатты иеленетін прецеденттік құқық.