Құқық пен моральдың арақатынасы Мораль – бұл адам-дардың жүріс-тұрысын жақсылық пен жамандық, əділеттілік пен əділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі. Құқық – бұл мемлекетпен орнықтырылған жəне қамтамы-сыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жал-пыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқық пен моральдың ортақ белгілері:
1) əлеуметтік нормалар жүйесінде олар қоғамға ең кеңінен таралған, кешенді нормалар болып табылады;
2)олардың реттеу объектісі біреу – қоғамдық қатынастар;
3) олар түп негізінде қоғамның өзінен туындайды.
Құқық пен моральдың арасындағы айырмашылықтар төмен-дегідей:
1) пайда болуы бойынша: егер мораль қоғаммен бірге пайда болса, құқық мемлекетпен бірге пайда болады;
2) көріну нысаны бойынша: мораль қоғамдық қатынастардан көрініс тапса, құқық жазбаша нысандағы арнайы нормативтік актілерден көрініс табады;
3) əрекет ету саласы бойынша: мораль барлық қоғамдық қатынастарды реттей алады, ал құқық аса маңызды жəне өзі рет-тей алатын қоғамдық қатынастарды ғана реттейді;
4) күшіне ену мерзімі бойынша: моральдық нормалар олардың түсіну барысында күшіне енсе, құқықтық нормалар нақты анық-талған мерзімде күшіне енеді;
5) қамтамасыз ету тəсілі бойынша: моральдық нормалар қоғам-дық əсер ету шараларымен қамтамасыз етілсе, құқықтық нормалар мемлекеттік əсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;
6) бағалау негізі бойынша: моральдық нормалар қоғамдық қа-тынастарды жақсылық пен жамандық, əділеттілік пен əділетсіздік тұрғысынан реттесе, құқықтық нормалар оларды заңдылық пен заңсыздық, құқыққа сəйкестік пен құқыққа қайшылық тұрғысынан реттейді.
Құқықтың қағидалары – құқықтың мəнін анықтайтын жəне білідіретін негізгі бастауы, идеясы, ережелері болып табылады.
Құқықтың қағидалары – жалпы құқықтық, салааралық жəне салалық болып үш үлкен топқа бөлінеді. Жалпы құқықтық қағидалар құқықтың барлық салаларын қамтиды, ол құқықтың қазмет етуі мен дамуының объективтік заңдылықтарын көрсетеді.
Жалпы құқықтық қағидаларға мыналар жатады:
1) əділеттілік қағидасы – құқық іс - əрекет пен оның нəтижесі арасындағы, қылмыс пен жаза арасындағы өлшемді белгілейді. Əділеттілік құқықтың мазмұнында болады.
2) ізгілік қағидасы – адам, оның құқықтыары мен бостандықтары ең жоғарғы құндылық болып табылады, құқық тұлғаның жан жақты дамуы үшін жағдай жасайтын құрал болып танылады, адамның ар-намысы мен абыройына нұқсан келетіндей іс-əрекет жасауға тиым салынады.
3) заңдылық қағидасы – заң жалпыға бірдей ортақ міндетті, республика аумағында заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді барлық азаматтар, лауазымды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар қатаң сақтауы тиіс.
4) демократизм қағидасы – құқық арқылы тікелей жəне өкілді халық билігінің институттарын бекітуді білдіреді, азаматтар мемлекет ісіне араласа алады.
5) азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі қағидасы – құқық жынысына, нəсіліне, тіліне жəне өзге де жағдайына қарамастан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының тең болуына кепілдік береді.
6) құқықтар мен міндеттердің бірлігі қағидасы – құқықтар мен міндеттердің өзара байланыста болуын білдіреді, құқық болмаса міндет те жоқ, жəне керісінше міндет болмаса құқықта жоқ болады.
7) құқықтағы сендіру мен мəжбүрлеудің үйлесімдігі қағидасы – құқықтық нормаларда сендіру мен мəжбүрлеу шараларының арақатынасын белгілеуді талап етеді, бірінші болып сендіру əдістері, содан кейін мəжбүрлеу тəсілдері қолданылады.
Салааралық қағидаларға – мысалы жазадан қашып құтылмауышылық қағидасы (қылмыстық құқық пен əкімшілік құқықтағы) жатқызуға болады. Салалық қағидаларға – мысалы, қылмыстық құқықтағы кінəсіздік презумпциясын жатқызуға болады.
Құқықтың функциясы – қоғамдық қатынастарды бір тəртіпке келтіруде құқықтың рөлін анықтайтын құқықтық ықпал етудің негізгі бағыттары болып табылады. Құқықтың функциялары арқылы қоғамдағы құқықтың рөлін, орнын танып, білуге болады. Құқықтың негізгі міндеті – адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жəне қорғау, тəртіпті қамтамасыз ету болып табылады. Құқықтың функцияларын кең жəне тар мағынада қарастыруға болады.
Құқық функцияларын кең мағынада қарастыратын болсақ, оған жатқызуға болады:
1) əлеуметтік бақылау функциясы – құқық заң арқылы адамдардың жүріс тұрысы мен мінез-құлқын бақылау жүйесін белгілейді;
2) экономикалық функция - құқық заң арқылы экономикаға реттеушілік тұрғыдан əсер етеді;
3) саяси функция – құқық өз нормаларында саясаттың негізгі ережелерін анықтайды, елдің саяси құраласын бекітеді.
4) тəрбиелеу функциясы – белгілі бір идеологияның көрсете отырып құқық адамдардың сана сезіміне əсер етеді, олардың құқықтық санасын қалыптастырады.
5) мəдени-тарихи функция - құқық нормаларында негізгі рухани құндылықтар бекітіліп, дамытылады.
Құқықтың функцияларын тар мағынада екі тұрғыдан қарастыруға болады:
1) реттеуші - құқық қоғамдық қатынастарды реттейді. Реттеуші функциялардың негізінде рұқсат беретін жəне міндеттейтін заң нормалары бар.
2) қорғаушы – мемлекет тарапынан мəжбүрлеу шараларын қолданумен, тыйым салумен байланысты ерекшеленеді.