Лекция Тақырыбы: Құқықтың түсінігі және белгілері


Заңды мінез-құлық, құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік



бет5/7
Дата14.09.2023
өлшемі37,79 Kb.
#107856
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция 2

3. Заңды мінез-құлық, құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік.
Заңды мінез-құлық – бұл субъектілердің құқық нормаларына жəне əлеуметтік маңызды мақсаттарға сай келетін жүріс-тұрысы. Заңды мінез-құлық келесі белгілермен сипатталады: 
- заңмен орнықтырылған шекте болады (формальды аспект);
- əлеуметтік пайдалы, қоғамдық мақсаттар мен мүдделерге қай-шы келмейді; бұлар оның объективтік жағын құрайды (мазмұнды аспект); саналы сипатқа ие; бұл оның субъективтік жағын құрайды. 
Заңды мінез-құлық мына негіздер бойынша түрлерге бөлінеді: 
- əлеуметтік маңыздылығы дəрежесіне қарай: қажетті (мысалы, əскери борышты өтеу); қалаулы (мысалы, ғылыми жəне көркем шығармашылық); рұқсат етілген (мысалы, діни рəсімдерді орындау). 
- себептеріне, яғни, субъективтік жағына, байланысты: əлеу-меттік белсенді; конформисттік; əдетті; маргиналды. 
Əлеуметтік белсенді жүріс-тұрыс – бұл құқықтық сана мен құқықтық мəдениеттің, жауапкершілік пен еріктіліктің жоғары деңгейімен сипатталатын жүріс-тұрыстың жоғарғы нысаны. Бұл жерде субъект жазадан қорықанынан немесе марапаттауды күт-кенінен емес, құқықтық мінез-құлықтың қажеттігіне сенуінің негізінде əрекет етеді. Əлеуметтік белсенді жүріс-тұрыс мынадай элементтерден құралады:
а) қызметтің мемлекеттік ұйымдастырылған түрлерін-дегі, құқықшығармашылық жəне құқықты жүзеге асыру салала-рындағы белсенділік;
ə) ерікті ұймдардың қызметіндегі белсен-ділік; б)қоғамдық жəне қоғамдық-мемлекеттік құрылымдарды құрудағы жəне олардың қызметіндегі белсенділік;
в) тұлғаның құқық саласындағы дербес белсенділігі. 
Конформисттік жүріс-тұрыс – бұл құқықтық ережелерге олар-ды терең əрі жан-жақты түсінбестен, жоғары құқықтық белсен-діліксіз бағынумен сипатталатын əрекет. Басқаша айтқанда, адам басқалардың да осылай жүріп-тұрғанын көргендіктен құқықтық мінез-құлықты таңдайды. 
Əдетті жүріс-тұрыс – бұл құқық нормаларының орындалуы əдетке айналып кеткен жағдайда көрініс табатын жүріс-тұрыс. Əдет əрекеттердің бірнеше рет таныс жағдайда қайталануының нəтижесінде қалыптасады. 
Маргиналды жүріс-тұрыс – бұл мемлекеттің мəжбүрлеуінің, жазадан қорқудың нəтижесінде жүзеге асырылатын құқықтық мінез-құлық. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет