Лекция. Тақырыбы: Жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесінің даму тарихы, кезеңдері Лекция мақсаты: Жаратылыстануды оқыту әдістемесі



бет2/3
Дата14.06.2022
өлшемі27,83 Kb.
#36854
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
лекция вторая

3.Жаңа мектептің ашылуы, оқу бағдарламаларының және жоспарларының жасалуына көптеген ғалымдар ат салысып, жаратылыстану пәнінің әдістемелік проблемаларын шешуге көптеген үлес қосты. Солардың бірі ботаника ғылымдарының профессоры Валериан Викторович Половцев (1862-1919) болды. 1901 жылғы Петербургте өткен орыс жаратылыс зерттеу ғалымдары мен дәрігерлердің ХІ-ші съезінде В.В.Половцев ― Орта мектептердегі оқу пәндерінің мақсаты‖ тақырыбында жасаған баяндамасында, жаратылыстану пәнін оқытудағы негізгі мақсат тәрбие және оны қалыптастыру үшін төмендегідей мәселелерге тоқталу керектігін көрсетті:
1.Сыртқы қоршаған ортаның құбылыстарын түсіну.

  1. Өз организміндегі құбылыстарды тусіну.

  2. Сезім мүшелерінің дамуы адамның психикалық дамуының басты, маңызды факторлар екендігін білу.

4.Белгілі тәртіпте және кең көлемде ойлау әдістерін жемісті түрде дамыту.
5.Оқушының тұлға ретіндегі рухани талаптарын кеңейту.
Половцевтің негізгі ұстанымы оқушылардың дүниеге ғылыми – материалистік көзқарасын тәрбиелеу болды.Осы жылдары Половцевтің басшылығымен алғашқы ―Мектептегі табиғат‖ атты әдістемелік журнал жарық көрді. В.В.Половцев өзінің оқу тәрбие жұмысындағы тәжірибелеріне және биолог-әдіскерлердің теориялық қағидаларына сүйене отырып жаратылыстану пәнінің алғашқы әдістемелік курсын жасады, 1904 жылдан бастап Петербург университеттерінде лекциялар оқыды. Осы жылдан бастап әдістеме жоғары оқу орындарында ғылыми пәндер қатарына қосылды. Лекция оқу барысында 1907 жылы ― Жаратылыстануды оқыту әдісінің негіздері‖ атты теориялық еңбегі жарық көрді. Половцев ―биологиялық әдісті‖ өңдеуге аса көңіл бөлді және оны негізі үш принціпте қарастырды:
1. Формаларды тіршілік әрекеттерінің байланысында оқыту; 2. Тіршілік әрекетін қоршаған ортамен тығыз байланыста оқыту;

  1. Мектепте аса құнды материалдар оқытылуы тиіс.

Половцев өзінің теориялық қағидаларын мұқият зерттеп, өңделген құралдарында көрсете білді: 1894-―Мектеп ботаникасының бағдарламасы‖ , 1941-―Ботаникадан практикалық сабақтар‖, 1910-―Петербург аймағына, көктем мезгілінде жасалатын экскурсиялар‖.

  1. Жаратылыстану пәндерінің оқыту әдісін дамытуда профессор Борис Евгеньевич Райковтың (1880-1966) еңбектерінің маңызы ерекше. Ол сабақ беру әдістерінің проблемалары мен даму тарихын зерттеудегі еңбектері мен зоология оқулығының авторы. Ең бірінші рет биология пәнін оқытуда арнайы кабинеттік жүйеге көшуді қолдады.

Б.Е.Райков 1924 жылы Ленинградта биологиялық станция ашып ғылыми зерттеулер мен бақылаулар жүргізді. Табиғатқа экскурсиялар өткізудің білім деңгейін көтерудегі маңызын атап көрсетті.
Осы жылдары Наркомпрос мектептерде сабақ берудің жаңа әдістерін ―лабораториялық‖ және ―жоспарлау әдістерін‖ қолдануды нұсқады. Лабораториялық әдіс класс, сабақ кестесі, сабақтардың орнын алып, мұғалімнің рөлін кеңесші дейгейінде көрсетті. ―Жұмыс кітапшаларында‖ тапсырмалар беріліп, ай соңында конференциялар өткізілді. ХХ ғасырдың 30шы жылдарынан бастап оқу-ағарту жүйесінде жаратылыстану пәндерін оқытудың жалпы және арнайы оқу-әдістемелері қарқынды дами бастады. 1914 жылы Б.Е.Райков ―Мектептегі жаратылыстану‖ жинағында А.Я.Гердтің еңбектерінің маңызын ашып көрсетті, ал 1922 жылы В.Ф.Зуевтың аса маңызды әдістемелік еңбектерін жаңғыртты.
1937-1941 жылдары ―Мектеп биологиясы‖ журналы Б.В.Всесвятскийдің редакциясымен жарық көрсе, 1946-1948 жылдары Б.Е.Райковтың редакциясынан Ленинградтағы ―Мектептегі жаратылыстану‖ журналы қайта жаңғырып кейіннен Москваға ―Мектептегі биология‖ – деген атпен ауысты.

  1. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы Ч.Дарвиннің ілімін мектепке белсенді насихаттаушылардың бірі И.И. Полянский болды. 1917 жылы Полянскийдің ― Бастауыш жаратылыстану курсының әдісі ‖- атты оқулығы жарық көрді. Автор оқушыларға сабақ берудегі ең басты міндет биологиялық құбылыстарды, организмдердің бейімделушілік қасиеттерін эволюциялық факторлармен байланыстырып түсіндіруді насихаттады.

А.Я.Гердтің еңбегін жинақтаушы Л.С.Севрук (1867-1918) болды. 1902 жылы ―Жаратылыстанудың бастауыш курсының әдісі‖ атты еңбегін жазды. Бұл оқулықта өлі табиғатпен қатар, өсімдік, жануар, адам организмдерін оқытатын арнайы әдістер де болды. Бұл әдістер сұрақ-жауап сабақтары, мұғалімнің әңгімесі, оқушыларға арналған сұрақтар және жауаптар түрінде жазылды. Сабаққа қажетті құрал- жабдықтар , препараттар даярлау және тәжрибелер қою тәртіптері, оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстары көрсетілді.
Автор оқушылардың психологиясын жетік білгендіктен олардың ойлау қабілетінің белсенділігін дамытуға, саналы түрде білім қалыптастыруына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға, қабылдау кезіндегі эмоцияға көңіл аударды. Л.С.Севруктың әдістемесі қала училищелерінде, жоғары мектептердің мұғалімдерінің арасында кеңінен тарады.
Қазақстан Республикасының ғалым-әдіскерлері жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесіне өздерінің елеулі үлестерін қосты.Соның бірі педагогика ғылымдарының кандидаты, ботаник, 70-тен астам ғылыми еңбектердің авторы Тәліп Мұсақұлұлы Мұсақұлов (1909-1987) болды.Ол ―Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігін‖ (1962), ―Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясын‖ және жоғары оқу орындарына арналған ―Ботаника‖ оқулығын жазды.Қазіргі кездегі көрнекті әдіскерлер, бастауыш мектептегі ―Қоршаған орта пәнін оқыту әдістемесі‖ оқулықтарының авторлары Аймағамбетова Қ.А., Жүнісова К.Ж,. Олейник З. т.б. әдіскерлер жаратылыстану пәндері әдістемесінің дамуына үлес қосты. Осы орайда Қыздар педагогикалық институтының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Қ.А..Аймағамбетованы ерекше атап өтуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет