Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет28/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Байланысты:
Цитология 15 апта лекция

Эпителий регенерациясы. Эпителийде оның құрылысы мен қызметіне тәуелсіз клеткалардың бар екендігі және олардың көбеюге қабілетті келетіндігі белгілі. Мұндай клеткалардың болуы эпителийлердің регенерациялық қасиетінің күшті екендігін көрсетеді. Болмашы кесіндінің өзінде терідегі эпителийден басқа дәнекер ұлпалы бөлімі де бұзылады. Кесіндінің регенерациялануы қанның ұюынан басталады. Жарақаттанған орынның айналасында оны сыртқы ортадан бөліп тұратын ұйыма қан (тромб) пайда болады.
Терінің жарақаты қан ұйымасының астында регенерацияланады. Кесіндіге жақын орналасқан эпидермалық клеткалар өліп кетеді. Эпителий клеткалары жаралы жерге ауысқан соң қан мен дәнекер ұлпаның арасына кіре бастайды. Ауысқан клеткалар кесіндінің үстінде қабат тәрізденіп жатады. Бұзылған жерден қашығырақ орналасқан эпителий учаскелерінде клеткалар бөліне бастайды. Соның нәтижесінде алдымен бір қабатты эпителий түзіліп, көп қабатты болады да, терінің арнаулы эпидермісіне айналады. Эпидермис пен дәнекер ұлпаның шекаралығында ішкі мембрана түзіледі. Терінің эпителийлі бөліміндегі регенерациялық процестері дәнекер ұлпаның қалпына келуімен де тығыз байланысты. Эпителий тек жас дәнекер ұлпаның үстіне өседі. Егер дәнекер ұлпаның қалпына келуі эпителийдің қалпына келуінен тезірек өтсе, жараның аузы көпке дейін жабылмайды. Сондықтан эпителийдің өсуіне жағдай туғызу қажет. Клеткалардың көбеюін, жараның жазылып кетуін тездететін стимуляторлар пайдаланудың маңызы орасан зор. Хирургияда пайдаланылатын мұндай стимуляторлардың бірі - трефон. Трефонды пайдаланғанда жара неғұрлым тез жазылады.
10 Лекция тақырыбы: Дәнекер ұлпалары – жіктелуі, морфологиясы, қызметі, гемопоэз және лимфа


Дәнекер ұлпалары. Дәнекер ұлпалары әртүрлі көптеген ұлпаларды ұйымдастырады. Сырттай алып қарағанда қатты сүйек пен сұйық қанның арасында жалпы ұқсастық жоқ. Бұл ұлпалардың пайда болу тарихын, қызметін және морфологиялық ерекшелігін ескеретін болсақ, олар біртұтас топқа ұйымдасатыны айқын. Олар мезенхимадан пайда болып дамиды. Мезенхима мезодермалық сегменттердің тығыз бастамасынан бөлінеді. Дәнекер ұлпалардың негізгі бір ерекшелігі: 1)олар ешуақытта қабат түзбейді; 2)бұл ұлпаларда клеткааралық заттар көп мөлшерде болып, клеткалары бос орналасады.
Мезенхима тығыз ұрықтық бастамадан ауысып, ұрықтық жапырақшалардың арасын толтырады да, олардың ішкі зат алмасу қызметін атқаратын ортасы болады. Ұрықтағы мезенхиманың біркелкі болуы ұзаққа созылмайды. Тез арада-ақ ұлпалар мен мүшелерді өзара байланыстыратын материалдар түзетін учаскелер бөліне бастайды. Сонымен мезенхиманың трофикалық қызметіне тіректік (механикалық) қызмет қосылады. Сүйек пен шеміршек тіректік қызмет атқарса, қан трофикалық қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет