Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет26/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Тері эпителийі эктодермадан дамиды. Оның құрылысы әртүрлі омыртқалыларда көп қабатты, ал омыртқасыздарда бір қабатты болып келеді. Омыртқалыларда эпителий клеткалары мықты қабаттар, ол омыртқасыздарда кутикула түзеді.
Көп қабатты жазық эпителий адам мен сүтқоректілердің тері жамылғысында әрі қалың әрі жете маманданған болады. Тері (дерма) нағыз тері деп аталатын дәнекер ұлпасынан және эпидермис деп аталынатын эпителий ұлпасынан тұрады. Эпидермис орналасуына қарай төрт аймаққа бөлінеді:
1) дәнекер ұлпамен шекаралас орналасқан төменгі аймақ, яғни өсу аймағы; 2) қылтанды аймақ; 3) оның үстіндегісі түйіршікті және жарқырауық клеткалардан тұратындықтан түйіршікті-жарқырауық аймақ; 4) ең үстіңгі, қалың мүйізденген өлі клеткалардан тұратын мүйізді аймақ.
Өсу аймағы қатар, терең орналасқан базальды деп аталатын биік призмалы клеткалардан тұрады. Клеткалардың митозды бөлінуі тек базальды клеткаларда болады. Бұл клеткалар эпидермистің үстінгі бетіндегі үнемі жойылып отыратын клеткаларды жаңартады. Өсу аймағы дәнекер ұлпамен жанасатын жерінде ирек сызаб жасайды. Өйткені дерманың өсінділері эпидермиске енеді. Ал өсу аймағы солардың аралығын толтырады. Эпителий клеткалары бір-бірінен тар саңылау тәрізді болып көрінетін клетка аралығы арқылы бөлініп тұрады. Қоректік заттар клетка аралықтары арқылы дәнекер ұлпасынан эпителий клеткасына апарылады.
Түйіршікті аймақ жазықталған 3-4 қатарлы клеткалардан тұрады. Олардың протоплазмасында кератогиалин деп аталатын ұсақ түйіршіктер пайда болады. Протоплазмада ұсақ түйіршіктер пайда болған соң, оның үстіңгі қабат клеткаларын мүйізді клеткаларға айналдырады. Түіршікті клеткалар үстіңгі қабаттардағы 2-4 қатар клеткалардан тұратын жылтырауық клеткаларға айналып, жылтырауық қабатын түзеді. Жылтырауық клеткалардың шекаралығы айқын көрінбейді. Олардың ядролары нашар боялады. Клеткалар кератогиалин түйіршіктерінің өтуі нәтижесінде түзілетін жарқырауық зат – элейдинмен толтырылып отырады.
Эпидермистің үстіңгі аймағы мүйізді өлі клеткалардан тұрады. Ол клеткалар қабыршақтанып, біртіндеп ұсақ қабықтар түрінде түсіп отырады.
Қабыршақтар бездердің майлы секретімен қосылып, терінің үстінде қорғаныштық маңызы бар қалың қабат түзеді. Ол қабат серпімді келеді, жылуды нашар өткізеді, сөйтіп организмді өте ыстықтап кетуден сақтайды. Май қышқылдарының әсерінен мүйізді қабаттың реакциясы қышқылды болады. Сондықтан организмді қоршаған ортадағы сансыз көп микробтар теріге түскенде көбеюге қолайсыз жағдайда болып, жойылып кетіп отырады. Клетканың мүйізденуі сыртқы орта жағдайына тәуелді, организм таза ауада көп болып, витаминді тағам қабылдаса, бүл процесс жақсы өтеді. Егер тағамда А витамині жетіспесе, өсу аймағының клеткалары көбейгенмен, олардың мүйізденуі тоқталады. Осының салдарынан теріні қорғайтын мүйізді қабат түзілмейді. Терінің түсі эпидермистің өсу аймағындағы пигментке байланысты. Пигменттің көбеюіне күн сәулесі әсер етеді. Тері қоңырқай тартып, тотығып, организмді қысқа толқынды күшті сәуледен қорғайды.
Бір қабатты жазық эпителий омыртқасыздар клеткасының сыртқы бөлімінде тығыз кутикула түзіп, сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен қорғаушы қызмет атқарады. Кутикула әсіресе буынаяқтыларда күшті дамыған, өйткені ол тіректік қызмет те атқарады. Мысалы: насекомдардың хитин тәрізді сауыты эпителийден пайда болған қаңқа. Оның түзілуінде де эпителий клеткалары тіршілік қасиеттерін сақтайды. Олар бұзылған тері жамылғысын қалпына келтіріп немесе түлеуден кейін жаңа сауыт түзеді. Кутикула клеткалық құрылысынан айрылып, жануардың денесін жауып тұратын түзіліс болса да эпителий клеткаларымен байланысын жоймайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет