Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет32/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Байланысты:
Цитология 15 апта лекция

Нағыз дәнекер ұлпа. Дәнекер ұлпасының гистологиялық құрылымы оның атқаратын қызметіне байланысты трофикалық маңызы бар бөліктерінде клеткааралық заттың механикалық элементтері аз болып, клеткалық элементтері басым болады. Керісінше тіректік маңызы бар дәнекер ұлпаларда клеткалық элементтерге қарағанда механикалық түрі - клеткааралық заттары артық болып келеді. Осыған байланысты дәнекер ұлпасының бірнеше түрлері бар:
1) клеткасы көп ретикулярлы ұлпа;
2) клеткалық элементтері мен механикалық түзілісі бірдей дамыған борпылдақ қалыптаспаған дәнекер ұлпасы;
3) негізінен механикалық түзілістерден тұратын тығыз қалыптасқан дәнекер ұлпа.
Дәнекер ұлпасының беріктігін жүзеге асыратын көптеген түрлі механикалық элементтер тек клетка аралық заттарда ғана дамиды, сондықтан бұл ұлпалардың құрылысының құрылымы клетка аралық заттың құрылымына және әртүрлі талшықтар мен олардың орналасу тәртібіне байланысты болады.
Омыртқалылардың дәнекер ұлпаларының аралық заттары көптеген әртүрлі талшықтар мен аморфты заттардан тұрады. Ұлпалардың мықтылығы және серпімділігін қамтамасыз ететін талшықтардың механикалық бейімділігінің маңызы зор. Сыртқы түріне, физикалық-химиялық қасиетіне және физиологиялық маңызына қарай талшықтар: 1. Коллагенді, 2. Эластикалық, 3. Ретикулярлы болып 3 түрге бөлінеді.
Коллагенді талшықтар созылғанда ажырап кетпеу үшін үлкен беріктігі бар дәнекер ұлпалардың механикалық негізін құрайды. Ол талшықтар лента тәрізді болып, көбіне жуандығы әртүрлі шоғырларға жиналады. Тірі препараттарда талшықтар сәулені нашар сындыратындықтан, олар әдетте көрінбейді. Әрбір талшық өзара тығыз желімдескен фибрилдерден тұрады.
Эластикалық талшықтар коллаген талшықтарына қарағанда беріктілігі шамалы, бірақ оның есесіне өте серпімді келетін талшық. Эластикалық талшықтар жіңішке, тармақталған болады және жарықты күшті сындырады. Сондықтан тірі препараттарда жылтыр жіп түрінде өте жақсы көрінеді. Олар фабриллярлы құрылысы жоқ біркелкі түзілістер болады. Эластикалық талшықтар көп жиналса, оларға тән сары түс пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет