Лекция тақырыбы: Кіріспе. Фольклор және фольклортану ғылымы туралы түсінік



бет8/21
Дата12.02.2023
өлшемі169,13 Kb.
#67326
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
Лекция та ырыбы Кіріспе. Фольклор ж не фольклортану ылымы тура

Түс жору - қазақ арасына кең тараған ғұрыптың бірі. Бұрын түс жорушылар көп болған. Халық арасындағы аңыз бойынша, ол перғауынның түсін жорыған Жүсіп пайғамбардан басталады. Халық түс жоруға шын сенген. Өмірдегі әрбір құбылыс пен заттардың түстегі көрінісі сол қалпында емес, символ түрінде қабылданған. Мәселен, сынған тіс біреудің өлуі, тұнық су - байлық, т.б. Өмірдегі әрбір құбылыс пен заттардың түстегі символдары арасында қалыптасқан байланыс болған. Түс жорушы сол байланыстарды логикалық жақтан талдап, айтып отырған.
Бал ашудың да символикамен байланысы, болашақ туралы болжауына қарай түс жорумен өте ұқсас. Бал ашушы тыңдаушыға сөзін астарлы мағынада айтқан. Мәселен, “маңдайың ашық”, “жолың тұйық” т.б. Кейбір балгерлер болжалын өлеңмен де айтқан. Бал ашудың түрлері өте көп. Мәселен, құмалақ ашу, жауырынға қарау, жындармен сөйлесу, т.б. бал ашу түрлерінде ескі наным-сенімдер белгісі көп болған.
Салтқа қатысты өлеңнің барлығы адамның өміріндегі ұлы кезеңдермен байланысты болып келеді. Осы кезеңдерге байланысты оларды 3 топта қарастырамыз:
1. Бала өсіру салтына байланысты.
2. Үйлену салтына байланысты.
3. Жерлеу салтына байланысты.


Бала өсіру салтына байланысты өлең-жырлар. Бұл жырлардың қатарында бесік жыры, уату-алдарқату өлеңдері және әр түрлі ырымдық өлең-жырларды айтсақ болады. Әрбір халықтың тәжірибесінде дүниеге келген сәбидің туылған күнінен бастап, есейген шағына дейінгі аралық өлең-жырсыз өтпейді. Ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігі, махаббаты, сезімі, тәбиесі өлең-музыка түрінде де көрініс тауып отырған. Ата-ана сәбидің жан-жақты азамат болып қалыптасуы үшін оның рухани өсуіне, денсаулығының мықты болуына көңіл бөліп отырады. Осы мақсатта жүргізген іс-әрекеттері фольклорлық шығармалардан да орын алған. Бұл өлеңдердің халықтың тұрмысына, салтына етене жақын келуінің де себебі осы.
Бесік жырлары - сәбилерге арналған өлеңнің ең кең тараған бір түрі. Бесік жырының айтылу мақсаты - бесікке бөленген сәбиді ұйықтату. Әлі сөз мағынасын түсінбейтін сәбиге арналғандықтан, бесік жырында ананың сезімі, баласына деген махаббаты көбірек бейнеленеді. Кейбір фольклоршылар оны “аналар поэзиясы” деп те атап жүр. Балалар фольклорын арнайы зерттеген К.Матыжанов бесік жырын екіге бөледі:

1. Дәстүрлі бесік жыры.


2. Суырыпсалма бесік жыры.

Дәстүрлі бесік жырының құрамы, композициясы, көріктеу құралдары көбіне тұрақты болып келеді. Олар 7-8 буынды жыр жолдарынан құралады, белгілі жолдар соңында “әлди, әлди, бөпешім”, “бөпем-ай” деген сияқты сөздер қайталанып отырады. Ал, суырыпсалма бесік жырының мазмұны тың, пішіні әркелкі болып келе береді. Мұндай өлеңдерде көбіне аналардың жеке басының мұңы, әлеуметтік мәселелер қамтылып отырады. Мәселен, “Әй, әй, бөпем” әні осы топтағы бесік жырына жатады.


Бесік жырының тағы бір ерекшелігі – ол тікелей бөбектің өзіне арналып, екінші жақтан айтылуы. Бесік жырының сөзі сәбиге түсініксіз болғанымен, оның тәрбиелік мәні ерекше. Алғашқы кезеңде айтылатын жырлар айналаны таныстыру мақсатында айтылса, кейінірек ел қорғаған батырлар, басқа да ірі тұлғалар туралы сөз жиі орын алады. Бесік жыры - ежелден келе жатқан жанр. Көркемдік теңеулер мен сөз тәсілдеріне өте бай. Оның құрылысы қарапайым, есте сақтауға ыңғайлы, жұбату сарыны басым болып келеді. “Қозым”, “ботам”, “құлыным”, “жілік шағып берейін” деген сияқты сөз қоры тек қана қазақ бесік жырларына тән. Бесік жырының құрамында архаикалық белгілер көптеп кездеседі.
Уату-алдарқату өлеңдері де жас нәрестеге арналған. Олардың сөздік қолданыстары бесік жырына ұқсас болғанымен, айтылу мақсаты бөлек. Бесік жырлары бала бесікте жатқан кезде, оны ұйықтату мақсатында жұмсалса, уату-алдарқату өлеңдері бөбектің бесіктен тыс, жылаған кезінде, оның назарын аударып, алдандыру мақсатында айтылады. Сонымен бірге, мұнда бесік жырынан гөрі синкреттілік басым, саусақпен ойнату т.б. ойын-әрекеттер қоса орындалады және де баланың жылауына айыптыны іздеп, оларды жорта жазалау мақсаты да айтылып отырады. Мәселен:
Ой,ой жаным, ой жаным,
Мойнымдағы маржаным.
Жас алыпсың көзіңе,
Кім тиді екен өзіңе.
Саған тиген кісінің
Қолы сынсын күн бата,
Көзі шықсын таң ата.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет