Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктілігі мен дағдыларын мониторигтеу ғылыми негіздері 1. Ғылыми дамуы
2. Қазіргі ғылыми әдістемелік әдебиеттерге шолу
Лекцияның мазмұны:Индикаторлар жүйесі балалардың даму жетістіктерін қадағалаудың кешенді әдістеріне, біліктер мен дағдыларды меңгеру жолдары мен тәсілдерін анықтауға негізделген.
Мектеп жасына дейінгі баланың даму мониторингі оның түрлі кезеңдердегі даму динамикасын есепке алуға, балалардың жеке дамуында сауатты педагогикалық қолдау көрсетуге және балалармен әрі қарай жасайтын жұмыстарға түзету жүргізуге ықпал етеді.
Индикаторлар жүйесі төмендегідей құрылымнан тұрады:
-білім беру саласы – білім беру мазмұнын анықтайтын санат;
-ұйымдастырылған оқу қызметі - педагог ұйымдастырған және тәжірибеде қолдануға қажетті білім, білік, дағдыларды меңгеруге бағытталған әрекеттің бір түрі;
-дағдылар – нақты жас тобында белгілі бір кезеңде баланың дамуынан күтілетін нәтиже.
Оқу жыл ішінде негізгі дағдылардың даму динамикасы 3 мәрте өткізілетін мониторинг нәтижесінде бақыланады. Мониторинг мәліметтері баланың жасына сәйкес Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру барысында көрінеді.
Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеруге мониторинг жүргізу үшін индикаторлар жарты жылдық бойынша білім беру салаларынан күтілетін нәтижелер берілген.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес диагностика оқу жылының басында, ортасында және аяғында жүргізіледі:
- бастапқы – 1-10 қыркүйек;
- аралық – 10-20 қаңтар;
- қорытынды – 15-25 мамыр.
Бастапқы бақылау алдыңғы жастағы топтың (ІІ жарты жылдықтың күтілетін нәтижелері) мәліметі негізінде жүргізіледі. Осы диагностика негізінде тәрбиеші психолог және педагог-мамандармен бірлесе отырып баланың жеке даму деңгейін анықтайды, сондай-ақ, алдағы жылы балаға педагогикалық қолдау қажет ететін жұмыстың міндеттері анықталады.
І жарты жылдық қорытындысы бойынша аралық диагностика (қаңтарда) жүргізіледі. Педагогикалық аралық диагностика жүргізудің мақсаты білім беру стратегиясында балаға қатысты дұрыс таңдалған бағалау және даму динамикасын анықтау болып табылады. Диагностиканың бұл түрінің нәтижесі бойынша педагогтар қажет болған жағдайда педагогикалық процеске түзетулер енгізе алады.
Қорытынды диагностика ІІ жарты жылдықтың күтілетін нәтижесі негізінде оқу жылының соңында (мамырда) жүргізіледі.
Мониторинг нәтижелері баланың Стандартта анықталған (денсаулықты сақтау, коммуникативтік-тілдік, танымдық, шығармашылық және әлеуметтік) дағдыларды игеруін және дамытудың жаңа міндеттерін ескеріп, алдағы педагогикалық процестің болашағын анықтайды
Сонымен, баланың қалыптасқан дағдылары:
1) дене бітімі дамыған;
2) білуге құмар;
3) белсенді;
4) эмоциялық елгезек;
5) үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау құралдары мен өзара іс-қимыл тәсілдерін меңгерген;
6) өзі, отбасы, қоғам (жақын әлеумет), мемлекет (елі), әлем және табиғат жөнінде алғашқы түсініктері бар;
7) мектепте оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделін сомдайды.
Балалардың даму деңгейінің мониторингін жүргізу барысында педагог: - Стандарт талаптарын;
- Үлгілік бағдарлама мазмұнын;
- ақпараттық технологиялар негіздерін;
- Баланың жеке даму картасын, Бақылау парағын (топ бойынша) толтыру тәртібін білу керек; - мектепке дейінгі педагогика мен психология теория негіздерін;
- баланың даму деңгейін өлшеу әдістері: бақылау, ойын жағдаятын құру, іскерлік ойын, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар, түрлі іс-әрекеттің өнімді нәтижелерін және т.б.
- алынған деректерді сақтау үшін техникалық құралдарды;
- ақпараттық-коммункативтік технологияларды