№14 Лекция тақырыбы: Периодтық системаның VIІI B топ элементтері.
Лекция жоспары: Маңызды d – элементтер және олардың сипаттамасы
Темірдің периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы
Табиғатта таралуы
Өнеркәсіпте алынуы
Физикалық қасиеттері
Химиялық қасиеттері
Маңызды қосылыстары
Қолданылуы
Лекция мақсаты: а) d-элементтердің құрылысы мен қасиеттерінің ерекшеліктері туралы, осы заттарды алу мен қолдану туралы білімді жүйелеу және тереңдету; ә) жеке тұлғаның түсінуін, ынтасын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту; б) білімділікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Лекцияның мәтіні:
D-элементтердің химиялық сипаты сыртқы электрон қабатында 2s электрон (кейде 1s электрон) болатын атомдардың электрондық құрылысымен анықталады. Кезекті электрондар сыртқы электрондық қабаттан санағанда ішкері екінші қабатқа түсіп, d-деңгейшені толтырады. Бұл элементтер атомдардың сыртқы электрондары ядромен әлсіз байланысқан, оған иондану энергиясы шамасының төмендігі айғақ.
Сондықтан d-элементтер химиялық реакцияларда металдар сияқты оң тотығу дәрежесiн көрсетеді.
Периодтарда d-элементтер типтік металдар мен типтік бейметалдар арасында орналасқандықтан, оларды ауыспалы элементтер деп атайды. Ауыспалы элементтердiң периодтарында реттік нөмірі өскенде сыртқы электрондық кабаттың кұрылысы өзгермейдi (сыртынан санағанда d- деңгейімен электрондар саны ғана өзгередi). Нәтижесiнде бұл элементтердiң қасиеттері негiзгi топша элементтеріне қарағанда аз өзгередi. Топтарда косымша топша элементтерiнiң металдық қасиеттері реттік нөмірі өскенде кемидi де, V жене VI период металдарының қасиеттерінде бiршама ұқсастықтар байқалады.
Ауыспалы элементтердiң атомдары химиялық байланыс түзу үшiн сыртқы деңгейдегі электрондарды ғана емес, сонымен бiрге d-электрондар мен сырттан санағанда екiншi деңгейдің бос орбитальдарын пайдаланады. Сондықтан оларға ауыспалы тотығу дәрежелерi және әртүрлi оксидтер, гидроксидтер және басқа қосылыстар түзу тән. Бұл кезде қосылыстарда d-элементтерi жоғары тотығу дәрежесiн көрсетеді, тура осындай тотығу дәрежесiн көрсететін негiзгi топшалардағы бейметалдардың қосылыстарына өте ұқсас болады.
Маңызды d-элементтер: мыс, мырыш, хром және темір .
VIIIB топшасы элементтері периодтық жүйеде ерекше орын алады: онда 9d- элемент 4-ші, 5-ші, 6-шы үлкен периодтың үш триадасын құрайды. Fe, Co, Ni – темір топшасы және екі триада платина металдарына жатады: Ru, Rh, Pd және Os, Ir, Pt.
Темір топшасы элементтерінің валентті электрондары: Fe …3d64s2;
Co …3d74s2 ; Ni…3d84s2. Fe – Co – Ni қатарында атомдардың ядро заряды артқан сайын d- деңгейшедегі жұптаспаған электрондар саны азаяды және төменгі тотығу дәрежелерінің тұрақтылығы артады.
Ерекшелік: а) Со пен Ni валенттілік электрон саны топ номерінен үлкен;
б) бұл элементтер топ номеріне сәйкес валенттілік көрсетпейді;
в) бір топшада горизонтальды 3 элемент орналасқан.
Атомдық радиустары, нм 0,126; 0,125; 0,124
И.э.,в 7,89; 7,87; 7,63
ЕЭ2+/Э,В -0,44; -0,277; -0,25
Бұл көрсеткіштерден 3 элементтің қасиеттері жақын екендігі көрінеді. Бұл элементтерге тән тотығу дәрежелері +2,+3. Темір үшін +3 тотығу дәрежесіне сәйкес қосылыстар тұрақтырақ. d5 болғанда берік конфигурация болады, темірде тек 1 ғана артық электрон болғандықтан 3d64s2, ал кобальтта 2 электрон артық 3d74s2, сондықтан +3, +2 қосылыстарының тұрақтылығы бірдей, ал никельде +2 тотығу дәрежесіне сәйкес қосылыстары тұрақты. Темірдің максимал тотығу дәрежесі +6, Co +5, Ni +4, бірақ Co 5+ және Ni 4 + сәйкес қосылыстары әлі белгісіз. Бұл элементтерге тотығу дәрежесі «ноль» болатын карбонилдер белгілі [Fe(CO)5] – бейтарап комплексті қосылыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |