Қосылыстары: ЭО және Э2O3 және FeO3 оксидтерін түзеді;
Э+O2→ оксидтер қоспасы түзіледі. Оксидтерді жеке алу үшін гидроксидтерін не кейбір тұздарын айырады:
Э(ОН)2 → t0 ЭО + H2O;
2Э(ОН)3 → t0 Э2О3 + 3H2O;
Co2O3 және Ni2O3 тұрақсыз, айрылып ЭО береді: Ni2O3 → 2NiO + 1/2O2; Co3O4 және Fe3O4 болады, бірақ олар оксидтер қоспасы, мысалы, Fe2O3×FeO.
Оксидтер қышқылдарда ериді: ЭО + қышқыл → Э2+ (тұзы) + Н2О. Оксидтер суда ерімейді: ЭО + H2O→ жүрмейді. Сондықтан гидроксидтерін тұздарына сілті қосып алады.
Fe(OH)2 – ақ, Co(OH)2 – алқызыл, Ni(OH)2 – жасыл түсті тұнбалар. Бөлмедегі ауа оттегісімен тек Fe(OH)2 тотығады:
4Fe(OH)2 + O2 + 2H2O → 4Fe(OH)3↓ қоңыр;
Fe3+→Co3+→Ni3+ оттегіге тұрақтылығы артады, себебі +3 тотығу дәрежелері тек Fe3+ тән. Никель(ІІ) гидроксиді тек күшті тотықтырғыштармен сілтілік ортада тотығады:
2Ni(OH)2 + 2NaOH + Br2 → 2Ni(OH)3 + 2NaBr. Бұл металдардың(ІІІ) гидроксидтері қышқылдармен әр түрлі әрекеттеседі:
2Fe(OH)3 + 3H2SO4 → Fe2(SO4)3 + 6H2O;
Ал Co(OH)3 + H2SO4 → CoSO4 + O2 + H2O, молекула ішіндегі ТТР,
H2SO4 тотықтырғыш емес.
2Ni(OH)3 + 6НCl → 2NiCl2 + Cl2 + 6H2O. Егер бір элемент бірнеше тотығу дәрежесіне сәйкес қосылыстар түзсе, төменгі тотығу дәрежесіне сәйкес қосылыс негіздік, жоғары тотығу дәрежесіне сәйкес қосылыс қышқылдық қасиет көрсетеді, ал аралық тотығу дәрежесіне сәйкес қосылыс амфотерлі болады. Fe2+ → Fe3+ → Fe6+: FeO – негіздік оксид; Fe2O3 – амфотерлі оксид; FeO3 – қышқылдық оксид, бос күйінде бөлініп алынбаған. Сәйкес гидроксидтері: Fe(OH)2 Fe(OH)3 H2FeO4 негіздік, амфотерлі, қышқылдық қасиеттер көрсетеді.
Fe(OH)3 + NaOH →t0 NaFeO2 (феррит) + 2H2O; HFeO2 – темірлі қышқыл. Fe2O3 + Na2CO3 →балқытып NaFeO2 + CO2; Амфотерлі болғандықтан
Fe(OH)3 ↓ + 3NaOH →Na3[Fe(OH)6] сулы ортада;
2Fe(OH)3 + 10КOH + 3Br2 → 2K2FeO4(феррат) + 6KBr + 8H2O; HFeO4 – темір қышқылы. Фераттар күшті тотықтырғыштар.