Лекция Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде



бет2/37
Дата19.05.2023
өлшемі145,18 Kb.
#95235
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
2. Саясаттанудың қызметтері
Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді атқарады. Саясаттану ғылымы да мынадай қызметтер атқарады:

  • Танымдық қызметі. Саясаттану қоғамдағы оқиғаларды танып білуге олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.

  • Бағалау қызметі. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс- әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Қоғамдағы саяси оқиға мен құбылыстарды бағалау арқылы көпшілік оны ақтайды немесе қаралайды.

  • Саяси әлеуметендіру қызметі. Демократиялық мемлекеттерде ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Қазіргі кезеңде азаматтарымыздың саяси құндылықтарында қайшылықтық тұстар байқалуда. Бұл саяси әлеуметтендіру жұмысын жетілдіруді қажет етеді.

  • Реттеушілік, басқарушылық қызметі. Бұл қызмет арқылы саясататну ғылымы адамдардың саяси өмірінде өзін- өзі ұстауын іс-әрекетін реттейді. Саяси дамудың бағдарын бақылай отырып саясаттану қоғамдағы оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәліметтер береді.

  • Саяси өмірді жетілдіру қызметі. Бұл ғылым саяси инситуттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды байта қарауда теориялық негіздеуге болады. Оның көмегімен заңшығарушы атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар, саяси басшылық шешімдер алдан- ала тексеріліп зерттеледі, қоғамда болып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан тал-данады.

  • Болжау қызметі. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін сол күйінде бейнелеумен тоқтамайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми болжаумен аяқталуы тиіс.

3. Саясаттанудың әдіс-тәсілдері
Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән- мағынасын түсініп- білу үшін бірнеше әдістерді қолданады. Әдіс деп зерттеу жүргізуші ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, әлеуметтанулық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т.б. әдістер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет