Б. Спиноза/1632-1677 ж.ж/ голландиялық философ-материалис. “Этик, геометриялық тәртіпте дәлелденген”, “Діни -саяси толғау”, “Декарт философиясының қағидалары” атты еңбектердің авторы.
Б.Спиноза табиғи жағдай теориясына қарсы болды. Ол қоғамдық келісім теориясын жақтады, бірақ оны өзінше түсіндірді. Мемлеект пен заңдарға деген қажеттілік табиғи себептерге негізделген- құмарлық пен ақыл -ой қарама-қайшылығында. Адам тек ақылға арқа сүйегенде тәуелсіз әрі күшті, бірақ көпшілік адамдар ақымақ әрекеттерге барады. Міне осылар құқық пен мемлекет
қажеттілігін тудырады. “Егер адамдар табиғатынан ақиқат, санасы көрсетіп отырғандардан басқаны қаламаса, онда қоғам ешқандай заңды қажет етпеген
болар еді. Бірақ адам табиғаты басқаша құрылған. Әрбір адам өз пайдасына, табысына ұмтылады, әрі көпшілік ақыл-ойға емес, қызығушылығын ұстап тұра алмайды”.
Заңды түзу монархқа, жекелеген адамдарға сеніп тапсырылмайды,онда олар табиғатының әлсіз жағын қанағаттандырумен айналысып кетеді. Заң көпшілік жиынымен қабылдануы тиіс.Ең саналы,әрі күшті, берік мемлеект республика,
әсіресе демократиялық. Ол абсалютті монархияны сынады. Спиноза монархияны
өкілдік мекеме басқаруы арқылы шектеу мүмкіндігін айтты. Деиократия еррекшелігі билік пен заңдар халыққа қарсы емес, оның бостандығын шектемейді және әркімге берген еркіндікті қамтамасыз етеді деп санаған.
ХIХ ғасырдағы саяси ілімдер мен бағыттар.
ХIХ ғасырдағы Батыс Европадағы қоғамдық- саяси өмір бұржуазиялық
тәртіптің әрі қарай бекуімен ерекшеленеді. ХVIIIғасырдың соңында Франциядағы буржуазиялық революция Европада капитализмнің күшті дамуына жол ашты.Бұл капиталистік құрылыс өз идиологиясы либерализмді қалыптастырды. Ол ХIХ ғасырдағы ең ықпалды саяси ағым болды. Оны жақтаушылар әртүрлі қоғамдық топтардан шықты. Бірақ негізгі әлеуметтік базасы кәсіпкерлер,шенеуніктер,университет профессорлары, ерікті мамандық иелері болды.
Либерализм ағымы екі негізгі тезистерден қалыптастырады:
1. жеке бостандық; әрбір индивид пен жеке меншік бостандығы.
2. жеке адамның шығармашылық деңгейін дамытушы ғана емес, сонымен бірге қоғам көркеюін, мемлекет дамуын қамтамасыз етуші құндылықтарды өндіру.