Ұлттық саясат деп адамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге, ұлттық қатынастарды реттеуге бағытталған қоғамдық, ең алдымен әлеуметтік-құқықтық әрекеттердің ерекше түрін айтады.Бұл мұқтаждықтардың табиғатын тану үшін әлі зерттеулер жүргізу керек.Дегенмен, оған азаматтық ар-намысқа тырысу, этнопсихологиялық бірлікті, Табиғи-тарихи орталықты сезіну кіретіні анық.
Соңғы он жылдықта батыста этникалық саясат деген жаңа бағыт пайда болды. Ол-- дүние жүзіндегі болып жатқан этникалық дау-жанжалдарды,ұлттық шиеленістерді түсіндіруге, оларды шешу жолдарын анықтап, сондай-ақ белгілі бір аймақтарда мұндай дау- дамайлардың болуын алдын ала болжай білуге арналған жалпы теория. Бұл теория этникалық дау-жанжалдарға плюралистік қоғамда әрдайым кездесіп тұратын әдеттегі жағдай сияқты қарайды.
Ұлттық саясат әр елде әр кезеңде әр түрлі болуы мүмкін. Бүгінгі таңда бұл салада ассимиляция, сегрегация, геноцит сияқты саясаттар белгілі.
Лекция №12
Тақырыбы: Саяси социология және саясаттану.
Жоспары:
1. Саяси социология пәні, объектісі және саяси саланың әлеуметтік механизмі.
2.Қоғамның саяси жүйесі.
3.Мемлекет-саяси институт ретінде.
1.Саяси социология пәні, объектісі және саяси саланың әлеуметтік механизмі. Әлеуметтанудың бұл саласының маңызы мен орнын анықтау үшін ең алдымен саясаттың қоғам өмірінде атқаратын ролін анықтауымыз қажет. Қоғам өмірі мен оның құрылымында саясат пен саяси шындық қандай роль атқаратынын және қандай орын алатынын анықтау шарт. “ Саясат” кең түрде әрі жиі қолданылатын термин болып табылады. Біз ішкі және сыртқы саясат , саяси өмір мен күрестің экономикалық , әлеуметтік, мәдени , демографиялық, экологиялық, саяси билік пен саяси жүйе, саяси жанжалдар мен дағдарыстар, саяси мәдениет, саяси құқықтар мен бостандықтар, саяси одақтар жән т.б. туралы айтамыз. Ең маңызды салалық социология-бұл саяси социология. Саяси социология, позициясы тұрғысынан саяси өмірді, саяси құбылыстарды, қарым-қатынастар мен процестерді, оның әдістері мен пәнін ескере отырып зерттейді.
Саясат және саясилық – бұл оның жалпы түрде алынған саяси социологияның зертеу объектісі болып табылады. Нақтырақ айтқанда бұл саланың зерттеу объектісінің негізгі мазмұны: а) саяси топтар мен бірлестіктер. б) саяси институттар мен бірлестіктер. в) саяси мәдениет г) саяси м.үдделер д) саяси байланыстар, әрекеттер. Е) саяси сана сезім ж) саяси процестер мен қозғалыстар және т.б. Саяси социологияның ең басты зерттеу объектісі - әрдайым қоғамның саяси жүйесі ретіндегі саясаттың институционалдық механизмі және оның маңызды тізбегі- мемлекет болып табылады.
Саяси социология саяси жән әлеуметтік жүйелер мен оның құрылымының өзара әсер ету механизмдері мен формаларын, заңдылық жолдарын зерттейтін ғылым болып табылады. Сондықтан біздің негізгі назар аудартын мәселеміз - әлеуметтік құбылыстар мен факторлардың саясатқа әсері және саясаттың әлеуметтік өмірге ықпалы. Саясатты әлеуметтану тұрғысынан зерттеу дегеніміз- жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтардың мүдделерінің саясатқа әсері және және оның ой-санасын анықтау. Егер саясаттану саяси жүйенің теориясы болса, онда саяси әлеуметтану әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалардың саясатқа әсерінің әлеуметтік теориясы болып табылады. Әлеуметтанудың ерекше саласы болып табылатын саяси әлеуметтану шамамен жарты ғасыр бұрын орнықты. Әлеуметтік-саяси ойлар тарихы ерте заманнан ақ басталған. (Платон, Аристотель, Цицерон, Августин жән т.б) Жаңа заманда саяси әлеуметтану ғылымының дамуы кең ауқымды болды. Оған бірқатар ғалымдар: Т.Компанелла, Ш.Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т.Джефферсон және т.б. ХХ ғ. басында Б.Чичерин, Г.Плеханов, В.Ленин үлес қосты.
Саяси әлеуметтануда негізгі орынды қоғам мен саяси биліктің және саясаттың өзара қатынастарының жалпы мәселелері алады.
Қоғам өте үлкен, өздігінен дамитын әлеуметтік жүйе болғандықтан, саяси биліктің құрылуын және оның мүлтіксіз жұмыс істеуін қажет етеді. Саясаттың табысты жүруі үшін ол қоғамдық дамудың заңдылықтары мен тенденцияларын ескеруі қажет. Сондықтан қоғам мен саясаттың өзара әсері жөніндегі мәселе саяси әлеуметтанудың негізгі зерттеу мәселесі болып табылады.
2.Қоғамның саяси жүйесі. Саяси жүйе ұғымы ХХғ. 50-жылдарына қарай түрлі саяси құбылыстарды жүйе тәсілі және бихевиористік амал ықпалымен зерттеулердің орын алуымен байланысты терең негізделіп кеңінен тарала бастады. Дегенмен қазіргі заманғы саяси жүйе қағидаларының бастауына сонау заманғы саяси жүйе қағидаларының бастауына сонау Аристотель заманынан келе жатқан саясат туралы түсінік жатқаны белгілі. Аристотель өзінің саяси ілімдерінде саясатты бейне бір дербес тұтас нәрсе деп қарауды ұсынғанды. Аталмыш бағытты қолдаған итальяндық оқымысты Н.Макиавелли саяси ғылымның негізін салушы ретінде саясат дінге де, экономикаға да, моральға да саймайды, керісінше ол өзінің саяси мақсаты мемлекеттің бірлігі мен тұтастығын көздеу екендігін алға тартады. Америкалық саясаттанушы Т.Парсонстың әлеуметтік жүйе теориялары бойынша қоғамдағы экономикалық, рухани және саяси жүйелер өздерінің атқаратын функцияларына қарай ерекшеленеді. Осылайша олар өз алдына жүйе болып қалыптасады. Саяси жүйе терминін ХХ ғ. 50-жылдарында Американ саясаттанушысы Д.Истон жасады. Ол саяси жүйенің әрекет ету тетіктеріне сипаттама бере келе, оның сыртқы ортамен байланысы “кіріс”, “шығыс” принцптері арқылы жүзеге асырылатындығын айтты.
“Кіріс” принцпінің мынандай екі түрін, дәлірек айтқанда талаптар мен қолдаулар екендігін атап көрсетті. Оның пікірінше, қоғамдағы қаржы мен қазынаның дұрыс немесе бұрыс бөлінуі туралы билік органдарына үндеуі талапқа жатады. Мәселен, ауылшаруашылығына қаржы бөлуді көбейту, оқытушылардың жалақысын арттыру және т.б. талаптар қойылуына билік басындағылар назар аудармайтын болса, саяси жүйе беделінен айырылып әлсірей түседі. Ал қолдау өз кезегінде үстемдік етіп отырған режимді күшейтеді. Оның қатарына мысалы, саяси өмірге белсене араласу, қабылданған заңдар мен шешімдерді өз уақытында бұлжытпай іске асыру, салықты дер кезінде төлеу және т.б. жатқызуға болады. “Кіріс” принцптерінің жүзеге асырылуы нәтижесінде сыртқы орта қоғамның саяси жүйесіне ықпал етеді. Саяси жүйе түскен талаптарды жан-жақты қарастырады. Ретке келтірілген осындай әрекеттердің салдары ретінде саяси жүйе көрсетілген қолдауларға жауап беріп отырады. Яғни “шығыс” принципі жүзеге асады. Осындай процесте қаржы мен қаражатты дұрыс бөлу туралы билік орталықтарының идеалды шешімі өмірге келеді. Егерде қоғам мүшелерінің талаптарын билік басындағылар тыңдамайтын болса, олардың шешімдері қолдаусыз қалады. Ал талаптар шамадан тыс көп болмаса және “кіріс” пен шығыстың әрекеттері дәл уақытысында өзара үйлестіріліп отырса, саяси жүйе нақты, тиянақты жұмыс атқарады.
Саяси жүйе халықтың нақты егемендігін жүзег асыратын қажетті механизм болып табылады. Саяси тәжірибеде халықтық өкілдікті жеке бір саяси топтар мен мүдделер, партиялық қозғалыстар өзіне иемденеді.
Саяси жүйе қоғамдық жүйеден дербес болады. Саясат арқылы шешілетін проблемалардың көбеюіне байланысты оның ролі арта түседі. Бірақ артық дербестік қоғамның бірлігіне қауіп төндіреді.
3.Мемлекет-саяси институт ретінде. Қоғамның саяси жүйесінің басты элементі, саяси институттардың маңызды
бөлігі мемлекет болып саналады. Оның себебі, саяси өкіметтің қызмет атқаруы мемлекетпен тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекет туралы мәселе өте күрделі және көп қырлы мәселе. Мемлекеттің философиялық -әлеуметтанымдық қыры мемлекетті белгілі қоғамның экономикалық-әлеуметтік формацияларының тарихи-қоғамдық дамуының құралы деп қарастырды. Ал оның заңдық қырына тоқталатын болсақ, ол мемлекет құрылысының мәселелеріне қоғамдық институт деп қарайды да қоғамдық өмірді құқықтың түрлі салалары арқылы рттеп отыруды көздейді. Саяси-экономикалық жағынан мемлекетті экономикалық процестерді реттеуші құрал ретінде көрсетеді.
Ғылым жалпы мемлекеттің шығуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамдағы саяси, әлеуметтік теңсіздіктердің қалыптастыруымен байланыстырады. Жаңа заманда италяндық Қайта Өрлеу кезеңінде “мемлекет” деген атау термин ретінде пайда болғанды. Ол алғашқы рет Испанияда орнығып, одан Франция мен Грманияға, ХХ ғ. дейін бүкіл Еуропа елдеріне тарап кетті. Испаниядағы “мемлекет” ұғымы латынның “состояние” – қалыпты жағдай деген сөзінен шыққан. Бастапқы кезде ол өкімет билігін иеленуші деген мағынада айтылып келсе, бертін келе ол өкімет билігін иеленуші деген мағынада айтылып келсе, бертін келе ол өкімет функциясы ретінде қарастырылып, ақырында мемлекет ұғымына ауысты. XVII ғасырдан бастап “мемлекет” деген атау ммммемлекеттік мекемелер, бір салаға үстемдік ету, мемлекеттік халық деген түсінікпен де сипатталып қабысып жатады. Мемлекет ұғымын жаңа заман жағдайында қоғамда болып жатқан өзгерістер арасында, соларға байланысты қарау керек.
Мемлекет саяси жүйенің негізгі элементі ретінде өзіне қажетті уақытында арнаулы күштеу орталығын қолдана отырып, өз территориясында өмір сүріп отырған адамдардың мүддесін қорғауы және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер негізінде реттейтін қоғамдық механизм екендігін көрсете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |