Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланыстығы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.
Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газының концентрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның қандағы концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы күшейді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газдардың тыныс орталығына әсері екі түрлі жолмен іске асады: а)нейрондарды коректендіретін қанның құрамының тікелей әсері; б) рефлекторы жолмен көмірқышқыл назының арнайы хемореценторларға әсері.
Дем алу мен дем шығаруды реттеуге ми жартышарларының қатыстары да қатысады. Адам жаттығу арқылы өз еркімен дем алуды тоқтата алады. Бірақ бұл организмнің жаттығу дәрежесіне байланысты. Мысалы, әдейі жаттыққан индиялық иогтар ұзақ уақыт тынысын тоқтата алыды.
Тыныс алу мүшелерінің қазметіне сыртқы ортаның әсері және гигиеналық талаптар. Оттегінің жетіспеуіне байланысты өзгерістер. Адам дем алатын ауадағы оттегі аз болғанда, организмде аз болса, организмде физиологиялық өзгерістер пайда болады. Тауға шаққанда дам оттегісі аз аумен дем алады. 2,5-3 км биіктікте кейбір кісілер өзін нашар сезінеді.
Адамның дем алатын оттегісі белсенді емес, ол белсенді болып, белок, көмірсу майлармен қосылуы үшін химиялық заттар- ферменттер қатысады. Қоректік заттардың клеткаларда тез тотығуына оксидаза ферменті қатысады.
Оттегінің қаннан альвеола қуысына, ал көмірқышқыл газының альвеола қуысынан қанға өтуі газдардың парциалдық қысымына байланысты. Парциалды қысым- газдардың қосымдысындағы белгілібар газдың үлесіне тиетін қысымның мөлшері, яғни ол газдардың жиынтығындағы әрбір жеке газдың пайыздық мөлшері. Өкпе қуысындығы отегінің парциалдық қысымы веналық қандағы оның қысымынан 2 есе көп болады. Ал ұлпалардағы оттегі мен көмірқышқыл газдары бұған керісінше болады да, қанмен клеткааралық сұйықтарда газдар алмасады.
Тыныс алудың дамуына дене еңбегінің әсері және гигиеналық талаптар. Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді.
Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады, бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Олай болса, дене шынықтыру мен спорт денсаулықты сақтауға қажетті жағдайлардың бірі.
Баланың дұрыс отыра білуі де маңызды. Бүкірейіп, кеудесін үстелдің немесе партаның шетіне тақап отырғанда кеудеге қысым жасалып, тыныс алу мүшелерінің қызметін төмендетеді, жүрек қан-тамырлардың өсуіне кедергі болу арқылы баланың бойының өсуіне бөгет жасайды. Салқын тию, тыныс мүшерінің аурулары бала организмінің барлық мүшелерінің өсіп дамуына, қызмет етуіне жағымсыз әсер ететінін естен шығармаған жөн.
Балаларға дұрыс демалуды жастайынан үйрету керек. Сынып бөлмелерін, еңбек сабағының бөлмелерін жиі желдетіп отыру керек. Жоғарғы сынып оқушылары далада таза ауада тәулігіне 3 сағаттан, ал бастауыш сынып оқушылары 4 сағаттан кем болмауы тиіс.
Бақылау сұрақтары: 1. Баланың дауыс аппараты және тыныс алу органдарының анатомия-физиологиялық ерекшеліктері.
2. Дұрыс тыныс ала білуге тәрбиелеу және оның баланың
қалыпты дамуы мен дауыс дұрыс қалыптасуындағы маңызы.ырудың ерекшеліктері.