Лекция тақырыбы: Толық меңгеру критериінің тұжырымдамасы. Оқу мақсаттарының функциялары


Критериалдық бағалау жүйесі арқылы



бет4/8
Дата20.11.2023
өлшемі32,63 Kb.
#124966
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9-лекция

Критериалдық бағалау жүйесі арқылы:
1.Оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау
2. Тұлғаны нәтижеге жеткізу
3. Өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау
4. Қалыптастырушылық және негізгі бағалау арқылы білімін анықтауға болады.
Қалыптастырушы бағалау:
-күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды;
-негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді;
-кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді.Негізгі бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады; негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады; бір тарауға байланысты қалыптастырған білім деңгейін анықтайды және мазмұны оқылған материалды қамтуы керек. Негізгі бағалауда барлық критерийлер барынша қолданылуы керек. Критерий оқушының жас ерекшелігіне, бағдарламаға сай алынады.
Критериалды бағалау артықшылықтары:
- Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады; 
- Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады
- Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі; 
- Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі; 
- Білім берудің сапасы артады;
Мұғалімдерге: 
- Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға; 
- Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; 
- Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға
- Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға; 
- Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға
- Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.
Оқушыларға: 
- Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; 
- Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға; 
- Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.
Ата-аналарға: 
- Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға
- Баласының оқу үрдісін бақылай алуға; 
- Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді
Рубрика – бұл оқыған тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалау критерийлердің тізімі. Ол әр тақырыптың зерттеу мақсаттарымен анықталады және осы рубриканы ашатын мазмұнды критерийлермен толтырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет