Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет3/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Жалпы физиология жеке торшалар мен олардың цитоплазмасының қызметін, торшааралық 
байланыстарды, басқаша айтқанда организм тіршілігінің негізін зерттейді. 
Салыстырмалы физиология әр түрлі жануарлар организмінің тіршілік әрекетіндегі үқсастық пен 
айырмашылыкты зерттейді. 
Әволюциялық физиология - адам мен жануарлардың онтогенез (же- ке даму) және филогенез (тарихи 
даму) кезінде физиологиялық әрекеттерінің біліну, даму, қалыптасуының жалпы тіршіліктік заңдылықтары 
мен тетіктерін қарастырады. 
  


Жас физиологиясы организмнің тіршілік әрекетінде жеке дамудың (онтогенез) әр түрлі сатысындағы 
ерекшелерін тексереді. 
Экологиялық физиология организмнің тіршілік әрекеттеріңде мекендеу ортасы мен табиғи географиялық 
жағдайларға байланысты туындаған ерекшеліктерді анықтайды. 
Салыстырмалы физиология - жануарлар әлемінің әртүрлі өкілдерінің тірліктік негізін, ұқсастығы мен 
айырмашылығын ажыратады. 
Жеке физиология - кейбір тіндердің (ет, жүйке т.б.), ағзалардың (ми, жүрек, бауыр, бүйрек т.с.с.) 
қасиеттерін, олардың жүйелерге (қанайналымы, тынысалу, асқорыту т.с.с) бірлесіп ұйымдастырылу және 
реттелу негіздерін тексереді. 
Қолданбалы физиология - адамның әлеуметтік жағдайлары мен мақсатты ісәрекетіне байланысты 
заңдылықтарды анықтайды. Оның қатарына бірнеше физиология саласы жатады. 
Авиация физиологиясы - ұшқыштар организмінің ұшу кезіндегі жа- ғымсыз әсерленісін анықтап
оларды болдырмау тәсілдері мен амалдарын табады. 
Әлеуметтік физиология - адам организміне қоғамдық ортаның, өндіріс, тұрмыс жағдайларының әсерін 
анықтайды. 
Әскери физиология - оқу-жауынгерлік даярлану кезінде және соғыс жадайларында физиологиялық 
әрекеттердің реттелісін зерттейтін әскери медицина саласы. 
Ғарыштық физиология - космостық түрткілердің (салмақсыздық, гиподинамия) ғарышкерлер 
организміне жарамсыз ықпалын тексеріп, оларға қарсы сақтану амалдарын жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет