Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Сонымен сезім жүйесі (немесе анализаторлар) деп



Pdf көрінісі
бет65/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77
Сонымен сезім жүйесі (немесе анализаторлар) деп, қызметтері бір бағытта болатын жүйке жүйесінің 
үш бөліктен тұратын құрылымын айтады. Бұл бөліктерге: 1) рецепторлар; 2) қозуды (импульсті) өткізуші 
сезімтал жүйке; 3) импульстерді қабылдаушы орталық жүйке жүйесінің белгілі аймағы жатады. 
Тітіркендіргіштердің әсерінен сезім тууы үшін анализатордың осы үш бөлігінің біреуі активті қатысуы 
қажет. 
Рецепторлардың құрылымына және қызметіне зат алмасудың бұзылуы, қанайналымның нашарлауы, 
дәрі-дәрмекті артық мөлшерде ішу, никотин, есірткі заттар, алкоголь зиянды әсерін тигізеді. Мұндай кезде 
рецепторлардың сезімталдығы жойылады. Мысалы, соқырлық, кереңдік, мешелдік, аяқ бұлшық еттерінің 
семуі, дәм және иіс сезім рецепторларының сезімталдығының төмендеуі осыған байланысты. 


Рецепторлардың қызметінің әлсізденуіне тері аурулары және гигиеналық ережелерді сақтамау да зиянды 
әсер етеді. 
Сезім мүшелері өзара тығыз байланыста болып, бір-бірінің қызметін толықтырып отырады. Осыған 
байланысты дүниені жан-жақты танып білуге, заттарды және сыртқы орта жағдайларын сезіп, 
қорытындылауға, бағдарлауға, жоспарлауға болады. Мысалы, лимонның түрі, салмағы, пішіні, көлемі, иісі, 
дәмі рецепторлар арқылы қабылданып, үлкен ми сыңарлары қыртысының көру, сипап сезу, иіс, дәм сезетін 
жүйке орталықтарында талдауға түседі, одан соң қорытындыланады. Бұл лимон сапасын және қасиетін 
білуге мүмкіндік береді. 
Сезім мүшелерін дамытып, жаттықтыруға болады. Үнемі жаттығу нәтижесінде олардың сезімталдығы 
жоғарылайды. Дегустаторлар (азық-түліктің сапасын, дәмін айырушылар) шайдың 100—150 сортының 
дәмдік сапасын қатесіз ажыратады, сипап сезу рецепторлары арқылы үнның 40-қа дейін сортын айырады. 
Қүюшы жанып түрған от пешіндегі балқыған болаттың дайын болғанын және оның сапасын көзімен 
(құралды пайдаланбай-ақ) анықтайды. 
Сезім мүшелері организм мен сыртқы орта аралығын байланыстырады, оны танып білуге, зерттеуге 
және оған өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Сезім мүшелері арқылы адам оқиды, білім алады, өмірлік 
тәжірибе жинақтайды, еңбек етіп, денсаулығын сақтап, қызықты, мағыналы өмір сүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет