Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет30/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77
Қанның ұюы — қанда тромбин, протромбин мелшері көбейсе, қан тамырларының хеморецепторлары 
тітіркеніп рефлекторлық жолмен қанға оны ұйытпайтын заттар шығарады. Мысалы, бауырда синтезделетін 
гепарин, тромбопластин, протромбин, тромбин, фибриноген, адреналин, серотонин тағы да басқа қанның ұю 
процесіне қатынасатын белоктар өзара әрекеттесіп, қанды ұйытпайтын күрделі комплексті қосылыс 
жасайды. Сонда қан ұюына қатынасатын комплекстер, қанды ұйытпайтын системаға кіріп, қанның қан 
тамырында ұйып қалу қаупінен сақтайды. Қанды ұйытпайтын система бұзылса, қанның тұтқырлығы артады. 
Ұйыған қан — тромб қан тамырын бітеп тастап, организмді өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін, қанды 
ұйытпайтын системаның өте сирек кездесетін бұзылуы қанның ұю қасиетін толық жояды. Бұл құбылыс 
гемофилия деп аталады. Гемофилия әке жағынан тұқым қуалайтын, өмірге өте қауіпті ауру.
Қ а н н ы ң к л е т к а л а р ы . Эритроциттер — қанның қызыл түйіршіктері. Олардың құрамындағы 
гемоглобинде тыныс алу пигменттерінің тобына жататын хромопротеиндер бар. Олар оттегімен өте оңай 
қосылыса және ажыраса алады.
Эритроциттер белок алмасу процесіне қатысады, амин қышқылдарын өз бетіне сіңіріп тасиды. 
Эритроциттер — ядросы жоқ, екі жағы ойыс келген жоғары дәрежелі қан клеткасы. Ядро орнына тыныс 
алу пигменті гемоглобин пайда болған. Эритроциттердің ақ түсті стромасы (скелеті) және қабығы бар.
Қабығы — липоид, белок комплексінен тұрады да, коллоидтар мен Nа, К, Са иондарын өте нашар, ал С1, 
НС0
3
аниондарын, Н, ОН иондарын жақсы өткізеді. Эритроциттер мен қан плазмасының минералдық 
құрамы бірдей болмайды. Адам эритроциттерінде натрийге қарағанда калий ионы көп, ал плазмада 
керісінше.
Эритроциттердің саны 1 мм
3
қанда ерлерде 5—5,5 млн, әйелдерде — 4,5—5 млн. жуық. Жаңа туған жас 
балаларда эритроциттер саны әр түрлі жағдайларға байланысты көбейіп, азайып тұрады. Санының көбеюін 
— эритроцитоз, азаюын — эритроцитопоэз деп атайды. Ауаның барометрлік қысымы төмендегенде 
(биіктікке кетерілгенде), уақытша ауыр жұмыс жасағанда, кейбір психико-эмоциялық жағдайларда 
организмде су мөлшері азайып (қатты терлегенде), қан тамыры жарақаттанып, қан көп аққанда т. б. 
эритроцитоз байқалады.
Ал әртүрлі қан ауруларында (анемия) эритроциттер көп бүлінсе, қан клеткаларын жасайтын органдар 
жұмысы өзгерсе т. б. эритроцитопоэз байқалады. Эритроциттердің негізгі. функциясы газ алмасу процесі. 
Бұл міндетті құрамындағы гемоглобин атқарады.
Эритроциттер организмде қорғаныш қызметін атқарады. Олардан кейбір микробтарды зарарсыздайтын 
эритрин деген зат бөлініп алынған. Эволюциялық даму процесінде, әсіресе .омыртқалыларда, 
эритроциттердің құрылысы күрделене түседі. Оның себебі, олардағы зат алмасу процесінің күшеюімен 
қатар жүреді. Осыған қарай эритроциттердің пішіні, көлемі және саны өзгеріп отырады. Адамда 


эритроциттердің көлемі кішілеу, саны кеп болады. Көлемінің кішіреюі жалпы санының көбеюі есебінен 
жалпы ауданының өсуіне мүмкіншілік береді. Неғүрлым ауданы үлкен болса, соғұрлым тыныс алу қызметі 
жоғары болады. Эритроциттердің пішінінің де, құрылысының да өзгеруі осыған байланысты. Олардың 
ортасының ойыс болуы (адам эритроциттерінің екі жағы ішке қарай ойысынқырап келеді) эритроциттердің 
денесіне оттегінің кедергісіз кіруін қамтамасыз етеді. Ал тромбоциттер сияқты эритроциттерде ядро 
болмайды, себебі ішін толық гемоглобин алып жатады.
Г е м о г л о б и н және о н ы ң қ ұ р ы л ы с ы мен қ а с и е т і. Гемоглобин организмде оттегін 
тасушы, көмір қышқыл газын шығарушы пигмент болып табылады.
Гемоглобин — (Нв) ете күрделі химиялық қосылыс Молекула салмағы — 68.800. Ол белок глобин және 
белоксыз бөлімі төрт молекула гемнен құралады. Әрбір гемоглобин молекуласында темір атомы болады. Ол 
Оттегімен оқай қосылып, айрыла алады. Гем актив — фермент, ал глобин — гемнің белок тасушысы. 
Оттегімен қосылысқан гемоглобинді оксигемоглобин деп атайды. Оны НвО2 деп белгілейді. Гемоглобиннің 
бір молекуласы темірдің қосымша байланыстары арқасында 4 молекула оттегімен әрекеттесіп, темір екі 
валентті күйінде қалады. Гемоглобиннің көмір қышқылымен қосылысын карбогемоглобин деп атайды. Ол 
былай НвС0
2
деп белгіленеді. Мұнда гемоглобин көмір қьішқылымен өте тұрақсыз, жеңіл 
диссоциацияланатын қосылыс береді. Сондықтан ауада азғантай мөлшерде иіс болса да қанға өтіп, оттегі 
мен гемоглобиннің әрекеттесуіне кедергі жасайды. Мұндай жағдайда адам иіс тиіп өліп қалады.
Гемоглобинге азот тотығы, метилен көгі сияқты темірді тотықтыратын заттар әсер еткенде, темір үш 
валенттіге айналады. Мұндай гемоглобинді метгемоглобин (НвО) дейді. Метгемоглобин де, 
карбооксигемоглобин сияқты, гемоглобиннің оттегімен әрекеттесуіне кедергі жасайды. Организмде 
эритроциттердің бұзылуына байланысты гемоглобин ыдырап отырады. Гемоглобин сүйек кемігінде 
эритробласт клеткаларында жасалады.
Бауыр және көк бауырда эритроциттер бұзылып, кұрамындағы гемоглобин ыдырағанда, гемнен темір 
молекулалары бөлінеді де, әрі қарай тотықтану реакциясы жүріп, гемоглобиннен пигмент билирубин 
түзіледі. Ол өттің құрамы мен ұлтабарға барып, онда стеркобилин мен уробилинге айналып, нәжіс пен несеп 
арқылы организмнен шығарылып тасталынады.
Скелет және жүрек еттерінде миоглобин деген гемоглобин бар. Олардың гемін тасушы глобин 
белогының молекулалық салмағы гемоглобиннің белогынан азырақ болады.
Миоглобин организмде барлық қосылысатын оттегі санының 14 процентін байланыстырады. Еттер 
жиырылып, қан капилляры тарылып, қан келмей қалған уақытта миоглобин ет талшықтарын оттегімен 
қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет