өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса, жыныстық шабыты
төмендейді. Белок, май, көмірсу алмасуы бұзылады, қалқанша без, бүйрекүсті
бездер кішірейеді, қызметі
нашарлайды. Несеп бөлінуінде тәуліктік диурез күшейіп, шыжыңдық белгілері пайда болады (полиурия).
Сырттан тиетін зиянды әсерлерге деген төзімділігі кемиді. Осы айтылғандарың бәрі гипофиздің гормон
шығару қызметінің нашарлауының (гипосөлініс) салдары. Ал гипофиздің қызметі күшейсе (гиперсөлініс)
мұндай өзгерістердің сипаты қарама-қарсы.
Гипофиздің алдыңғы бөлігі - аденогипофиз үш түрлі, атап айтқанда, ацидофилдік, базофилдік және
хромофилік жасушалардан тұрады. Соңғылары - бас жасушалар осы бас жасушалардан дамиды. Бастапқы
аталған екеуі бүйрек үстіндегі бездердің қызметін күшейтіп, құрылымдық сипатын жақсартады. Гипофизде
соматотроптық СГГ (соматотропин), тиреотроптық ТГГ (тиреотропин), адренокортикотроптық АКТГ
(адренокортикотропин), гонадотроптық ГТГ (гонадотропин), фоллитропин ФСГ, лютенидейтін ЛСГ
(лютропин), пролактин бағыттаушы гормондары түзіледі.
Гормондардың физиологиялық әсері. Соматотропин жәй белок ацидофилдік жасушаларда түзіледі,
денеде биосинтезді күшейтеді, барлық органикалық заттардың алмасуына, минералдық алмасуға әсер етеді,
әсіресе белок түзілуін,
айталық РНҚ, синтездік қасиетін күшейтеді, амин қышқылдарының қаннан
жасушаларға өтуін, сіңуін тездетеді, сөйтіп жасушалар мен тіндердің өсіп дамуың қамтамасыз етеді. Гормон
сондай-ақ, азот тепе-тендігін өзгертіп, денеде азот көбейеді, кальций, фосфат, натрий тұздарының
сақталуына себепкер, бүйрек тінінің өсіп дамуын, қатаюын тездетеді. Коллагендер түзілуін де (коллагенезді)
үдетуі мүмкін.
Соматотропин гликогеннің ыдырауын (гликогенолиз), глюконео- генез үрдістерін тездетеді. Соңдықтан
СГГ шектен тыс көл шығатын болса қанда глюкоза, қант деңгейі жоғарылайды (гипергликемия). Бұл
көбінесе гипофиздік диабет ауруына тән. СТГ липоидтар мен май ыдырауын әсіресе бауырда бета-тотығуын
күшейтеді, қанда кетоденелерді көбейтеді де, бұл өнімдердің дене еттеріне сіңуін үдетеді,
сөйтіп сан
еттерінің тонусын, күшін өсіреді. Осы айтылған әсерлерді жүзеге асыру үшін денеде СТГ ғана емес, басқа
бездердің гормондары да, әсіресе глюкокортикоидтар тироксин және инсулин жеткілікті болуға тиіс. СТГ
әдеттегіден аз түзілетін болса адамның бойы өспей қалады, ол тіпті 1 метрден аспауы мүмкін. Мұндай
адамды гипо- физдік ергежейлі дейді. Ергежейлінің дене бітімі дұрыс қалыптасқан: бастың көлемі, аяқ-
қолдың, кеуде-көкіректің ұзындық өлшемдері бір-біріне сәйкес болады, жыныс мүшелері өспейді, жыныс
белгілері айқын емес, жетілмеген. Мұндай адам індет ауруларға төтеп бере алмайды, көбінесе оның ғұмыры
қысқа болады.
СТГ
шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250 см-ге, ал салмағы 150 кг-ға дейін жетуі
мүмкін. Оны гипофизарлық алып (гигант) дейді.
Өсуі тоқтаған ересек адамда СТГ гиперсөлініссы акромегалия дер- тіне әкеліп соғады. Адам денесінің
өсіңкі, шығыңқы жерлері (иегі, мұрны, ерні, жады, маңдай төмпешіктері, бармақтары) өседі, гипофизбен
қызметтес бездердің жұмысы өзгереді. Мәселен, жыныс бездерінің қызметі нашарлап, ұйқы безінің инсулин
бөліп шығару қабілеті төмендеуі мүмкін. СТГ үзілместен өмір бойы шығарылады. Бұл үрдісті гипоталамус
реттеп отырады.
Пролактин, лактоген гормоны ацидофилдік жасушаларда түзіледі, емшекте сүт түзілуін, оның сыртқа
шығарылуын үдетеді. Пролактиннің қызметі күшейсе, эстроген мен прогестерон гормондар әсері керісінше
тежеледі. Босанған әйелде прогестерон әдеттегіден аз, ал пролактин керісінше көбірек бөлінеді, емшектен
сүт көп шығады, сүт сапасы, майлылығы, дәмі артады.
Базофилдік жасушаларда АКТГ, ТТГ, ФСГ және лютропин түзіледі.
Адренокортикотропин - бүйрекүсті бездің өнімі. Ол аталған бездің қыртыс қабатындағы жасушаларын
өсіріп, кортикостероид гормондардың әсіресе глюкокортикоидтардың түзіліп, сыртқа шығуын үдетеді.
Глюкокортикоидтар
адамның ашу-ренішін, қайғы-мұңын басып, көңіл күйін жақсартады. Ем қонбаған
ауруларға кортизон, гидрокортизон гормондарын беріп, олардың сырқатына деген төзімділігін күшейтуге
болады.
Тиротропин қалқанша тінін ұлғайтып, оның сөліністік қабілетін күшейтеді. Тиротропин шектен тыс көп
шығарылса гипофиздік ги- пертиреозға әкеліп соғуы мүмкін.
Гонадотропин екі түрлі гормоннан тұрады: лютропин - аналық және аталық без - тестостерон мен
прогестерон гормондарының түзіліп бөлінуін күшейтеді. Әйелде (овуляция) аналық жасушаның пісіп
жетілуімен безді жарып шығуын тездетеді, оның орнында пайда болған сары дененің қызметін жақсартып,
қалыптасуын қамтамасыз етеді. Фоллитропин - ана
безі фолликуласын ұлғайтып, онда гормондар түзілуін
үдетеді, қанда эстрогендерді көбейтеді және сперматогенезді тездетіп, сперматозоидтардың өсуін
жеделдетеді.
Гипофиздің артқы бөлігі — нейрогипофиз пирамида тәрізді үлкен жасушалар - питуициттерден және
гипоталамустың нейросекрециялық жасушаларының талшықтарынан тұрады. Нейрогипофиздің екі
гормонының екеуі де (вазопрессин, окситоцин) гипоталамуса түзіліп, нейросекрециялық нейрондарының
бойымен гипофизге жетеді де, сонда сақталады. Вазопрессин
гипоталамустың супраоптикалық, ал
окситоцин паравентрикулярлық ядроларында түзіледі. Олар гипофиздің артқы бөлігіндегі нейрофицин
затымен әрекеттескеннен соң қанға өтеді. Вазопрессин бүйректің несеп жиналатын түтігінде судың қайтадан
денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін (диурезді) азайтады, сондықтан да оны антиурездік гормон дейді.
Вазопрессин шектен тыс азайса, несеп қалыптан тыс көп шығады (полиурия). Бұл гормон, сондай-ақ қан
тамырларын тарылтып, қысымын күшейтеді. Окситоцин жатыр еттерін жиырылтады, жатырдың жиырылуы,
әсіресе толғақ кезінде күшейе түседі. Бұл гормон құрсақтағы нәрестенің тууын тездетеді, сүт түзілуін, оның
шығуын үдетеді.
Гипофиздің ортаңгы бөлігінде меланотропин (МСГ), яғни интер- медин гормоны түзіледі. Бұл гормон
терідегі пигменттік жасушаларда бояушы түйіршіктерін көбейтіп, жасуша
талшығын кеңейтеді және
олардың біркелкі орналасуын қамтамасыз етеді. Мұның салдарынан тері қарайып кетеді. Адамның күнге
күйген кезде тотығуы осыған байланысты. Күн сәулесінің әсерінен интермедин әсері күшейіп, теріде қара
зат фусцин түзілуі үдейді. Интермедин, сондай-ақ көздің ішкі қабатындағы пигмент жасушаларынан
(псевдоподий) жалған бұтақ шығарып олардың аумағын кеңейтеді, сөйтіп көздің тор қабығындады
фоторецепторларды жарық сәулесінен қорғайды. Интермедин түзілуін де гипоталамус реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: