Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


 лекция  Такырыбы: Қан және лимфа физиологиясы



Pdf көрінісі
бет28/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77
лекция 
Такырыбы: Қан және лимфа физиологиясы. 
 
Жоспары: 
1. Қанның құрамы, мөлшері, физикалық және химиялық қасиеттері. 
2. Эритроциттер, лейкоциттер.
3. Қанның ұюы, , тромбоциттер 
4. Қанның т о п т а р ы
5. Лимфа тұзілуі, ағысы, реттелуі.
Қан. 
Қ а н н ы ң м а ң ы з ы. Қан мен лимфа және ткань аралық сұйықтық организмнің ішкі сұйық ортасын 
құрайды да, бүкіл дене клеткаларын, тканьдерін жуып жатады. 
Организмнің ішкі сұйық ортасының құрамы, физикалық және химиялық қасиеті біршама тұрақты 
болады, сондықтан да организмдегі клеткалардың тіршілік процесі қалыпты жүріп жатады. 
Қан организмдегі клеткаларға, тканьдерге қоректік заттарды жеткізетін болса, екінші бір органдар 
зиянды, керексіз улы заттарды организмнен шығарып. отырады. Қорыта келгенде қан организмдегі 
клеткалардың тіршілігін сақтайды, әрі ол клеткалар мен тканьдердегі су мен минерал заттардыц мөлшерін 
реттеп тұрады. 
Қан қан тамырларымен ағады да, организмнің барлық клеткаларына қоректік заттарды тасу қызметін 
атқарады. Мысалы, қан тканьге глюкоза, амин қышқылдары, май, витамин, минерал заттарын, суды, оттегін 
т. б. қоректік заттар жеткізсе, екінші жағынан зат алмасу процесінің нәтижесінде организмнен бөлінген 
ақырғы өнімдерді (мочевина, аммиак, несеп қышқылы, көмір қышқылы) сыртқа шығару органдарыңа: 
бүйрекке, тер бездеріне, ішекке және өкпеге апарады. Қан организмде гуморальдық реттелу процесін 
қамтамасыз етеді, яғни организмдегі органдарды химиялық жолмен бір-біріне байланыстыра отырып 
реттейді. Қанның организмді гуморальдық жолмен реттеуі — ондағы ішкі секреция бездерінде түзіліп, қанға 
қосылатын физиологиялық актив заттарға — гормондорға байланысты. 
Сонымен бірге қанда болатын иммунитет факторы организмде қорғаныс қызметін атқарады. 
Иммунитет — қандағы лейкоциттердің фагоцитоз процесіне бейімділігі. Қандағы қорғағыш денелер 
организмдегі микробтарды, олардың бөлетін улы заттарын зиянсыздандырады және зиянды белоктарды 
ыдыратады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет