Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары


Жүрек еттерінің негізггі физиологиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет34/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77
Жүрек еттерінің негізггі физиологиялық қасиеттері. 
Жүрек еттерінде де, скелет еттері сияқты қозу, жиырылу, қозу толқынын өткізу қасиеттері болады. 
Қозу. Электрлік, механикалық, температура, химиялық тітіркендіргіштер арқылы әсер етсек, жүрек 
еттерінде қозу пайда болады. Жүрек еттерінің жиырылу күші скелет еттеріндегі сияқты тітіркендіргіштің 
күшіне байланысты емес.
Олар порог күшіне максимальды жиырылады да, содан кейін тітіркендіргіштің күшін қанша өсірсе 
де жиырылу биіктігі өзгермейді. Жүрек еттерінің жиырылу биіктігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты 
емес. Жүрек еттерінің осы қасиетіне Боудичтің жоғарыда айтылған «барлығы немесе жоқ» деген заңы 
негізделген. Бұл заңға миокард белгілі бір жағдайларда ғана бағынады. Мысалы, барлығының да өзгеруіне, 
температура, еттердің созылуы, шаршауы т. б. факторлар әсер етеді. 
Микроэлектрод техникалық әдіс аркылы ғалымдар, қозбай тұрған жүрек ет клеткаларының 
цитоплазмасы, клетканың ішкі бетімен салыстырғанда теріс зарядталып, клетканың сыртқы беті 
поляризационалады. Мембрананың бұл потенциялының биіктігі 80—90мВ. Қозу уақытында клетка 
мембранасында потенциалдық айырым бірқатар азаяды. Соның нәтижесінде натрий катиоңы мембрана 
арқылы клетканың ішіне кіріп, цитоплазма өзінің теріс зарядынан айрылады, клетка мембранасы 
деполяризацияланады да оң зарядқа ие болып, потенциал биіктігі 20—30 мВ-ке теңеледі. Жүрекет 
клеткаларында, скелет еттерімен салыстырғанда әсер потенциалы ұзаққа созылады. Жүрек еттері минутына 
70 рет жиырылса, әсер потенциалы 0,3 секундқа созылады. Ал жүректің жиырылуы жиілесе әсер 
потенциалы уақыты қысқарады, сиресе, керісінше ұзарады. 
Бір қозу толқыны екіншісімен неғұрлым тез ауысып отырса, соғұрлым әсер потенциалы шапшаң өтеді. 
Міне осы жағдай синус түйінінде пайда болған әр түрлі қозу ритміне байланысты, жүрек еттерінің жұмыс 
қабілеті. өзгеріп, әрі соған бейімделіп отырады. Жүрек еттерінде қозу толқыны ұзақтығының тез өзгеруі 
арқасында, жүрек бір түрлі жұмыс ритмінен екіншісіне ауысуына мүмкіндік алады. Жүрек етінің қозу 
уақытында немесе іле қозудан кейін тітіркендіргішке жауап қайтара алмауын абсолюттік реф-рактерлік 
кезең деп аталған. Бұл кезең үзақтығы әсер потенциалынан қысқа болады да жүрек систола уақытымен 
сәйкес келіп, жүрек еттері біркелкі жиі келген импульске үзақ уақыт қысқарып жауап бере алмайды. Себебі 
жүрек жиі берілген тітіркендіргіштің барлығына кезегімен жауап беріп үлгере алмайды. 
Абсолюттік рефрактерлік кезеңнен кейін жүректе қозу аздап көтеріледі. Осы уақытта жүрек өте күшті 
берілген тітіркендіргішке жауап қайтара алуын салыстырмалы рефрактерлік кезең деп атайды. Бұл кезеңнен 
кейін ете күшті қозу кезеңі байқалады да, экзальтация кезеңі басталады. Бұл кезеңде жүрек еттері қозу пайда 
ете алмайтын тітіркендіргіштің (подпорог) күшіне де қозып жауап қайтарады. 
Өте қатты созылған жүрек еттері, өте күшті жиырылады. Мұны Старлингтің «жүрек заңы» деп атайды, 
бұл заңдылық жүрекке өте көп қан құйылғанда байқалады. 
Жүрек еттерінің өте қатты созылуы, актин мен миозин белоктарының жанасу көлемін көбейтеді де, 
жиырылу биіқтігі артады. Жүректің шығаратын қан көлемінің артуының адаптациялық маңызы зор. 
Мысалы өте ауыр дене қызметін жасағанда жүрек еттерінің жиырылу.күші симпатикалық нерв арқылы 
реттеліп, миокардта зат алмасу процесі күшейіп, жұмыс істеп тұрған жүрек еттері жақсы қоректенеді. 
Жүректің жиырылу жылдамдығына ауа, дене температурасы, күн мен жыл тәуліктері, психико-эмоциялық 
процестер, нерв системасының жалпы физиологиялық. жағдайы т. б. факторлар әсер етеді. 
Сүтқоректілер мен құстардың жүрегі төрт камераға бөлінген. Жоғарғы бөлімінде оң және сол 
жүрекшелері, ал төменгі бөлімінде оң және сол қарыншалар орналасады. Жүрекшелердің қабырғасы 
жүқалау келеді де ол вена тамырларымен келген қанды қарыншаларға құяды. Қарыншалардың қабырғасы 
қалыңдау болады, өйткені қан жүректен артерия қан тамырлары арқылы шығарылып, бүкіл организмге 
таратылады. 
Жүрек өзінің насостық ролін атқаруы үшін қақпақтармен қамтамасыз етілген, олар автоматикалық 
жолмен жабылуы арқасында қан тамырларына шығарылған қанды кері қарай ағызбайдьі. Жүректің екі жақ 
бөлігіндегі жүрекшелері мен қарыншаларының арасында тесік бар. Ал жүректің оң жақ бөлігі мен сол жақ 
белігінің арасында қатынас жоқ. Сонда жүректің екі жақ бөлігінде насостар бар сияқты (оң жақ және сол 
жақ насостар). Оң жақ жүрекше мен қарыншаның тесігін жауып түратын қақпақты үш жақтаулы қақпақ, ал 
сол жақ жүрекше мен қарыншаның тесігін жауып түратын қақпақты қос жақтаулы қақпақ деп атайды. Бұл 


қақпақтар жабылғанда қан жүрекшелерге қарай ауысып өтпеуі үшін тесікті дәл жауып тұратын 
қақпақтардың жіңішке тарамыс жіпшелері болады. Олардың бір жағы қақпақтар жармасына бекітілсе, 
екінші жағы жіңішке қарыншалардың ішкі қабатындағы емізік етке бекітіледі. Қарыншалардан шығатын екі 
ірі артериялардың түбінде де дәнекер тканьнен жасалған екі айшық қақпақтар бар. Бірі оң жақ қарынша мен 
өкпе артериясы, екіншісі сол жақ қарынша мен қолқа арасында орналасады. Қан қарыншалардан артерия 
тамырларына шығарылғанда, бүл қақпақтар қабырғаға жабысады да, қанның ағу бағытына ешқандай кедергі 
жасамайды. Ал қарыншалар босаңсығанда, артерия тамырларында қан қысымы жоғары болғандықтан, қан 
кері қарай қарыншаға ағады, сол кезде кері аққан қан айшық қақпақтардың қуысына толады да, өкпе 
артериясы мен қолқаның көлденең кесіндісін жауып тастап, қанды қарыншаларға өткізбейді. 
Оң жақ жүрекшеге келіп кіретін екі үлкен қуыс веналарда және сол жақ жүрекшеге келетін өкпе вена 
қан тамырларында ондай қақпақтар жоқ, сондықтан жүрекшелер қанының біраз мөлшері вена тамырларына 
қайта құйылады. Қері құйылатын қан мөлшерінің аз болу себебі: вена тамырларының жүрекшелермен 
жалғасатын ұшында жүрекшелер жиырылар алдында өзінен-өзі жиырылып қалатын дөңгелек бұлшық еттер 
бар. Оң жақ жүрекшеге өкпеден басқа барлық денеден жиналып ағатын қан екі үлкен қуыс венамен келіп 
құяды. Жоғарғы қуыс вена қанды бастан, екі қолдан және дененің жоғарғы бөлімінен, ал төменгі қуыс вена 
екі аяқтан және дененің төменгі бөлімінен жинайды. Сол жақ қарыншаның қабырғасы оң жақ қарыншамен 
салыстырғанда қалыңырақ болады, себебі: сол қарынша қолқа арқылы артерия қанын бүкіл денеге таратып 
ағызады, ал оң жақ қарынша қанды тек өкпеге айдайды. 
Қанның жүрек арқылы жүретін жолын қысқаша төмендегідей сипаттауға болады. Барлық денедегі қан 
оң жақ жүрекшеге құйылады да толғаннан кейін оның жиырылуынан үш жақтаулы қақпақтар ашылып, қан 
оң жақ қарыншаға өтеді. Содан кейін оң жақ қарынша жиырылады, үш жақтаулы қақпақтар жабылады да, 
айшық қақпақтар ашылып, вена. қаны жүректен өкпе артериясы арқылы өкпеге шығарылады. Өкпеге 
шыққан вена қаны көпіршіктері арқылы артерия қанына айналып, өкпе вена қан тамырымен сол жақ 
жүрекшеге келіп құяды. Толғаннан кейін оның қабырғасы жиырылуынан екі жақтаулық қақпақ ашылып, қан 
сол жақ қарыншаға ауысады. Сол жақ қарынша толғаннан кейін жиырылады, екі жақтаулы қақпақтар 
жабылып, айшық қақпақтар ашылады да қан үлкен қысыммен қолқаға шығарылып, бүкіл үлкен қан айналыс 
шеңбері арқылы таралады. 
Жүректің ет талшықтарын жүрек камераларынан өтетін қан қоректендіре алмайды, себебі: қанның 
құрамындағы қоректік зат пен оттегі жүректің қабырғасы қалың болғандықтан диффузия жолымен өте 
алмайды. Жүректің ішкі ет талшықтарына артерия қанын қолқаның басталар жерінен тармақталған жүрек 
артерия тамыры жеткізеді. Ал жүрек ет талшықтарынан жиналған вена қаны, жүректің вена қан тамырлары 
арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құйылады. 
Ж ү р е к т і ң ж и ы р ы л у ы . Жүректің қызметі ұрықтың даму кезеңінің ең алғашқы сатысынан 
басталып, оргапизмнің барлық тіршілік процесінде үздіксіз белгілі бір ырғақпен жиырылып отырады. 
Организмнің барлық тканьдері үздіксіз оттегін қажет еткендіктен, оны жеткізіп тұратын қан үнемі ағуы 
керек. Ал қан тамырларында қанның ағуы жүректің жиырылуына байланысты болғандықтан, жүрек бірнеше 
минут тоқтаса да, ми клеткаларына оттегі жетіспейді де, адам есінен танады, жүрек тоқтаса, адам өледі. 
Адамның жүрегі қалыпты жағдайда бір минутта 5 литрге жуық қанды, ал бір соққанда 75 мл қанды 
қабылдап және сонша қанды шығарады. Сонда әрбір минут сайын жүректен организмдегі қанның барлық 
мөлшері өтіп отыратын сияқты. Ал шынында барлық қан мөлшері бір минутта жүректен ағып өтпейді: 
қысқа жолмен ағатын қан бірден көбірек, ал ұзын жолменен ағатын қан жүрекке қайта келіп құйып 
үлгермейді. 
Адам жүрегі 70 жыл ішінде 2600 миллионға жуық жиырылып, 155 млн литрдей (150 мың т) қанды 
жүрек қабылдап және сонша қанды шығарып түрады. Сонда жүректің қызметі орта есеппен салмағы 10 
тонна жүкті, 16 км биіктікке көтеруге кеткен күш-пен тең. Бұл — салмағы 300 грамға жуық органның 
қызметі. Адамның-дене қызметі күшейген сайын жүректің бір минуттағы соғу саны мен бір минуттағы 
қабылдап және шығаратын қанның көлемі де артады. Жүректі шынықтырғанда мысалы, спортшыларда 
жүректің, соғу саны азайып, жүрек ет талшықтарының жиырылуы күшейеді де, әр соққанда қабылдап және 
шығаратын қанның көлемі көбейеді, соның нәтижесінде жүректің минуттық көлемі артады. Жүрекке келетін 
нервтерді кесіптастаса да, жүрек соға береді. Бүдан біз жүректің қызметі мидан импульс келмей қалса да, 
тоқталмай соға беретінін көреміз. Бөлініп алынған жүректі денедегідей физиологиялық сұйықтыққа салса, 
жиырыла береді. Мұндай сырттан тітіркендіргіш берілмей өзінен-өзі жиырылуды жүрек еттерінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет