Миокард құрылымдық ерекшелігіне байланысты скелет ет талшықтары мен ішкі органдар
қабырғасын құрайтын бірыңғай салалы ет талшықтарының арасынан орын алады.
Миокардтық құрылысы, скелет етін құрайтын көлденең жолақ ет талшықтарына өте ұқсас. Екеуінің
де саркоплазмасында актин және миозин миофиламентінен тұратын мпофибриллдер бар, тек
миокардта саркоплазма ретикулумы сиректеу. Екеуінде де жиырылу процесі
уақытында саркоплазма
ретикулумынан кальций ионының саркоплазмаға шығу механизмі ұксасі, тек миокардта кальций ионы
сыртқы ортадан да кіреді.
Саркоплазмадағы кальций ионынық концентрациясы әр уақыт миокард ет талшықтарының жиырылу
биіктігін анықтайды да жүректің күшті жиырылуына әсер етеді. Миокард ет
талшықтары өзара бірігіп,
біртұтас тор немесе синцитий құрайды.
Әрбір осындай тордың ішінде жан-жағына тарамдалған формасы цилиндр тәрізді миокардиалдық
көптеген талшықтары бар. Параллель орналасқан жүрек ет талшықтаы осы миокардиалдың талшықтары
арқылы өзара байланысып, біртұтас ет қабатын құрайды. Жүрёк етінің кез келген синцитиінде пайда болған
қозу толқыны, миокардқа бірдей жылдамдықпен жайылады.
Достарыңызбен бөлісу: