Лекция Такырыбы: Пәнге кіріспе Жоспары



Pdf көрінісі
бет35/77
Дата15.02.2023
өлшемі1,47 Mb.
#68061
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77
Байланысты:
Лекция Такырыбы П нге кіріспе Жоспары Физиология п ні, бас а с

автоматикалық қасиеті деп атайды. Мұндай автоматикалық қасиет жүрек еттерінен бөліп алынған жеке 
жүрек ет талшықтарында да бар екені анықталған. Бұл қасиет жүрек ет талшықтарындағы атиптік ет 
тканьдеріндегі гликогенге бай Пуркенье талшықтары, нерв клеткалары мен олардың өсінділері және үлкен 
ми сыңарларының қыртысынан келетін екі нерв системасының талшықтары қосылып, барлығы жүректің 
қозу импульсін өткізетін система құрайды. Бұл система жүректе ғана болады да орталықтан тебетін 
нервтермен келген нерв им-пульстерін қабылдап, жүректің қызметін әр түрлі жағдайларға байланысты 
өзгертіп реттеп отырады. Бұларда нерв тканінің және ет тканінің қасиеттері бар. Мұндай системаның 
жобасы төменгі сатыдағы омыртқалыларда да болады. Мысалы: балықтар мен бақаның жүрегінде веноздық 
синус деген жеке бөлімі бар. Веноздық синусқа қан вена тамырларынан құйылады да кейіннен ол қан оң жақ 
жүрекшеге ығыстырылып шығарылады. Ал жоғарғы сатыдағы дамыған омыртқалыларда веноздық синус 
жойылып, оның орнында толып жатқан атиптік ет тканьдерінде нерв түйіндері қалып, өткізгіш 
системасының басы — синус түйіні пайда болған. Бұл түйін жоғарғы вена қуысының оң жақ жүрекшеге 


жалғасатын жерінде орналасқан. Осы түйін екіге тарамдалып, бірі төменгі вена қуысына қарай, екіншісі оң 
жақ жүрекшенің қабырғасының бойымен орналасады. Екінші атиптік ет тканьдері мен нерв клеткаілрының 
топтасқан жерін атриовентрикулярлық түйін деп атайды. Бұл түйін екі жүрекшелердің арасында 
орналасады. Осы түйіннен төмен қарай тармақталған қарыншаларды бөліп тұрған пердеге келіп тіркелетін 
қалың ет шоғыры орналасады, мұны Гис шоғыры деп атайды. Гис шоғыры оң және сол тармаққа бөлініп, 
қарыншаларды алып жатады. Әр қарыншадағы Гис шоғырының аяғы тарамданып жіңішке жеке 
талшықтарға бөлініп, олардың аяғы қарыншалардың қабырғасын құрайтын қалың ет қабаттары мен емізік 
еттердегі атиптік ет талшықтарымен жалғасады. Гис шоғыры қозу импульсін жүрекшелерден қарыншаларға 
өткізеді. Әрбір белгілі уақыт арасы еткен соң веноздық синус түйіннен жүрекшелердің еті арқылы жиырылу 
толқыны тарайды. Ол толқын атриовентрикулярлық түйін арқылы Гис шоғырының бойымен қарыншаларға 
өтеді. Жүрекшелер мен қарыншалардың арасын байланыстыратын ет талшықтары жоқ. Олардың үйлесімді 
жиырылуы өткізгіш жолдары арқылы реттеледі. Импульс веноздық синуста пайда болып өткізгіш жолдар 
арқылы қарыншаларға дейін бір бағытта өткізіледі. Сонда импульс жоғарыдан төмен қарай өтеді, ал кері 
бағытта импульс жүрмейді, мұ-ны жүректің градиент заңы деп атайды. 
Веноздық синус жүректің соғу жылдамдығын реттейтіндігін сол түйінді жылыту немесе салқындату 
арқылы дәлелдеуге болады. Жылытса жүректің соғуының жиілегенін, салқындатса баяулайтындығын 
байқауға , болады. Егер әр түрлі ауруларға байланысты веноздық синус бұзылса, оның қызметін 
атриовентрикулярлық түйін атқарады.
Жүректің әрбір соғуы жүрек еттерінің жиырылуынан және босаңсуынан тұрады. Қалыптағы соғу 
жиілігі 1 минутта 75 рет. Жүректің еттерінің бір рет жиырылуы мен босаңсуы жүректің толық айналымы 
болып табылады. Жүректің толық бір айналым жиырылуына 0,8—0,9 секунд уақыт кетеді. Қарыншалар мен 
жүрекшелер бір уақытта жиырыла алмайды. Алдымен жүрекшелер жиырылады, оған 0,1 секунд уақыт 
кетеді, одан кейін қарыншалар жиырылады, оған 0,3 секундтай уақыт кетеді. Ад қалған 0,4—0,5 секундта 
жүректің барлық камералары босаңсып тыныс алады. Алғашқы жиырылу толқыны пайда болатын веноздық 
синус оң жақ жүрекшеде орналасқандықтан оң құлақша сол құлақшадан бұрынырақ жиырыла бастайды. 
Жүректің ж и ы р ы л у ы р ғ а ғ ы. Жүрек ырғақпен жұмыс істейді, оның еттерінің жиырылуы 
босаңсуымен кезектесіп отырады. Жүрек еттерінің жиырылуын — систола, босаңсуын — диастола — деп 
атайды. Жүректің толық бір айналым сатысын жүрекше жиырылуынан бастап кезекті жүйелілігімен 
баяндаймыз. 
1. Ж ү р е к ш е л е р д і ң ж и ы р ы л а б а с т а у ы — жүрекшелердің жиырылуы кезінде жиырылу 
толқыны веноздық синус түйіннен басталып жүрекшелердің қабырғасымен таралып, қанды қарыншаларға 
қарай ығыстырады. Қарынша қанға толады, өйткені онда қысым жүрекшедегіден төмен, әрі екіүш жақтаулы 
қақпақтар ашық. Атриовентрикулярлық түйіннен импульс жай жүріп, әрі қарай Гис шоғырына кетеді.
2. Қ а р ы н ш а л а р д ы ң ж и ы р ы л а б а с т а у ы . Гис шоғырымен өткізілген импульс 
қарыншалардың ет қабатына жетіп, олар жиырыла бастайды, қысым тез артады

Екі-үш жақтаулы қақпақтар 
жабылып, жүректе ең бірінші дыбыс пайда болады. 
3. Қ а р ы н ш а л а р д а қ ы с ы м н ы ң а р т у ы . Қарыншаларда пайда болған қысым артерия 
тамырларындағы қысыммен теңескенше өте жылдам арта бастайды. Айшық қақпақтар жабық болғандықтан, 
қан қарыншаларда болады. 
4. А й ш ы қ қ а қ п а қ т а р д ы ң а ш ы л у ы . Қарыншалардың ішкі қысымы артерия тамырларының 
қысымынан арта бастағанда, айшық қақпақтар ашылады да, қан қысымы жоғары жерден қысымы төмен 
өкпе артериясы мен қолқаға қарай ығысып шығады. Қарыншалардың жиырылуы аяқтала бастағанда, 
қанның ығыстырылу шапшаңдығы төмендейді. Қарыншалардың босаңсу кезеңі басталады. 
5 . Қ а р ы н ш а л а р д ы ң б о с а ң с у к е з е ң і н і ң б а с т а л у ы . Қарыншалар босаңсыған 
сайын, қысымы да артерия тамырларындағы қысымнан төмендей бастайды. Сол кезде айшық қақпақтар 
жабылып, жүректе екінші дыбыс пайда болады. 
6. Қ ы с ы м н ы ң к е м у к е з е ң і . Айшық қақпақтар жабылған соң да қарыншалардың 
қабырғасы одан әрі босаңси бастайды, қысым да кеми береді. Бұл кезде қарыншалар жиырыла басталғанда, 
жабылған екі-үш жақтаулы қақпақтар да сол қалпын өзгертпейді, себебі: қысым жүрекшелерге қарағанда, 
қарыншалардан әлі де болса жоғары болады. Осы кезде вена тамырларынан қанның біраз мелшері қысымы 
төмендеген жүрекшеге ауысып аға бастайды. 
7. Е к і-ү ш ж а қ т а у л ы қ а қ п а қ т а р д ы ң ашылуы. Қарыншалардың қабырғасының толық 
босаңсуы ондағы қысымды, жүрекшелердегі қысымнан төмен түсіреді. Соның нәтижесінде екі-үш жақтаулы 
қақпақтар ашылып, қан жүрекшелерден тез қарыншаларға қарайаға бастайды. Бұл уақытта жүрек 
жиырылмайды. Қарыншалар жартылай қанға толғанда ғана жүрекшенің жиырылуы басталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет