Лекция Тарихи лексикология және түркі тілдері лексикасы Лекция тақырыбы: Пәннің мақсаты мен міндеті. Түркі тілдерінің жіктелісі. Түркітанушылық жіктеулер Лекция жоспары


ІҮ. Солтүстік-шығыс, шығыс Сібір немесе якут тобы



бет5/8
Дата15.11.2022
өлшемі26,17 Kb.
#50470
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
ІҮ. Солтүстік-шығыс, шығыс Сібір немесе якут тобы (якут, долған тілдері кіреді).
Ү. Еділ-бұлған немесе хун-булғар тобы. Іштей екіге бөлінеді: а) Еділ-булғар және ә) чуваш тілдері.
Т.Текин түркі тілдерін дыбыс алмасудың алты түрін басшылыққа ала отырып жіктейді.
Т.ТЕКИН КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
І.Чуваш тілі
ІІ. Халаж тілі
ІІІ. Саха тілі
ІҮ. Тува тілі (қарағас тілімен бірге)
Ү. Хақас, орта чұлым, морас тілдері
ҮІ. Алтай тілінің солтүстік диалектісі, кондон тілдері
ҮІІ. Алтай тілінің оңтүстік диалектісі
ҮІІІ. Қырғыз тілі
ІХ. Өзбек, жаңа ұйғыр тілі
Х. Қазақ, қарақалпақ, ноғай, қарақалпақ тілінің халич диалектісі, татар, башқұрт, барабин татарларының, қарашай-балқар, қырым татарлары тілінің солтүстік диалектісі, қырым татарларының оңтүстік диалектісі
ХІ. Салар тілі
ХІІ. Түрікмен, хорасан, өзбек тілінің хорезм-оғыз диалектісіғ әзірбайжан, түрік, гагауыз тілдері
Қазіргі түркологияда қолданылып жүрген Н.А.Баскаков классификациясы тілдердің этнологиясы мен грамматикалық ортақ заңдылықтарын ғана қарастырып қоймай, олардың қалыптасу, даму тарихын да айқындайды. Ғалым түркі тілдерін екі топқа бөліп қарайды.
Н.А.БАСКАКОВ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
І. Батыс хун тобы. Іштей төрт топқа бөлінеді:
1) Бұлғар тобы – көне бұлғар, хазар, қазіргі чуваш тілі енеді
2) Оғыз тобы. Топ іштей үшке бөлінеді:
а) оғыз-түрікмен тобы – көне оғыздар мен түрікмендер, түрхмендер тілі енеді.
ә) оғыз-бұлғар тобы – көне печенег, үз (торктер, берендейлер, ковуйлер тілі), қазіргі гагауыз, балқан түркілерінің тілдері енеді.
б) оғыз-селжүк тобы – көне селжүк, көне осман түріктерінің тілі, әзірбайжан тілі кіреді.
3) Қыпшақ тобы іштей үшке бөлінеді:
а) қыпшақ-половец тобы – көне половец (қыпшақ, құман), қазіргі қарайым, қарашай-балқар, құмық, қырым татарларының тілі.
ә) қыпшақ-бұлғар тобы – Алтын Орда әдеби тілі, қазіргі татар, башқұрт тілдері енеді.
б) қыпшақ-ноғай тобы – қазіргі қазақ, ноғай, қарақалпақ, өзбек тілінің қыпшақ диалектісі (ж-мен сөйлеушілер) кіреді.
4) Қарлұқ тобықарлұқ-ұйғыр, Қараханид мемлекетінің тілі, қарлұқ-хорезм тілдері, көне шағатай, көне өзбек, қазіргі өзбек және ұйғыр тілдері енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет