Лекция Тарихи лексикология және түркі тілдері лексикасы Лекция тақырыбы: Пәннің мақсаты мен міндеті. Түркі тілдерінің жіктелісі. Түркітанушылық жіктеулер Лекция жоспары



бет6/8
Дата15.11.2022
өлшемі26,17 Kb.
#50470
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
ІІ. Шығыс хун тобы іштей екі топқа бөлінеді:
1) Ұйғыр-оғыз тілдері. Іштей үш топқа бөлінеді:
а) ұйғыр-тукюй тобы – Орхон жазбаларының тілі, көне ұйғыр тілі, тува, қарағас тілдері кіреді.
ә) саха-якут тобы – якут тілі кіреді.
б) Хақас тобы – хақас, шор, иран диалектісі, сары ұйғыр, камасин, Чұлым татарларының тілі, шор тілінің косуан диалектісі, алтай тілінің сарлұқ диалектісі.
2) Қырғыз-қыпшақ тілдері – көне қырғыз, қазіргі қырғыз, алтай тілдері енеді.
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ СОҢҒЫ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
(Н.Баскаков, И.Батманов, С.Малов, Ф.Корш т.б.):
І. Ескі түркі тілі – Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің тілі
ІІ . Орта түркі тілдері.. Іштей екіге бөлінеді:
а) Батыс түріктердің тілі – «Кодекс-Куманикус» тілі, қыпшақ тілі, мамлюк қыпшақтарының, армян қыпшақтарының тілі.
ә) Шығыс түріктердің тілі –Қараханид түріктерінің тілі, Хорезм түріктерінің, шағатай тілі кіреді.
ІІІ. Жаңа түркі тілдері. Іштей кішігірім бес топқа бөлінеді:
а) Оңтүстік түркі тілдері – ескі осман тілі, жаңа осман тілі және қазіргі түрік тілі, осман тілінің диалектілері (анадолы және рум диалектісі, гагауыз диалектісі, қырым османдарының диалектісі), әзірбайжан тілі, түрікмен тілі.
ә) Батыс түркі тілдері каспий тілдері, жаңа куман тілі (қарайым, қарашай-балқар тілі), қырым татарларының тілі, құмық тілі, Қазан татарлары мен Батыс Сібір татарларының тілі, башқұрт тілі.
б) Орталық түркі тілдері – арал-каспий тілдері (қазақ тілі, қарақалпақ тілі), ноғай тілі, өзбек тілінің қыпшақ диалектісі, қырғыз тілі.
в) Шығыс түркі тіліөзбек тілі, жаңа ұйғыр тілі, сары үйғырлар мен салар тілі.
г) Терістік түркі тілдері – алтай тілі, абақан, чулум, шор тілдері (абақан (хақас) тілі), чулум татарларының тілі (камасин тілі), шор тілі, сойон және қарағас тілдері, якут тілі (долған тілі).
ІҮ. Булғар тілдері – гундер тілі, Дунай бұлғарларының тілі, Еділ бұлғарларының тілі, чуваш тілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет