В.В.РАДЛОВТЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ:
І. Шығыс тобы - саха тілі енеді
ІІ. Батыс тобы – Батыс Сібір татарларының, Еділ татарларының тілі, қазіргі қырғыз, қазақ, башқұрт тілдері
ІІІ. Орта Азия тобы - өзбек, ұйғыр тілдері
ІҮ. Оңтүстік тобы – түрікмен, әзірбайжан, оңтүстік және Қырым татарларының кейбір говорлары кенеді.
Ф.КОРШ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ:
І. Солтүстік тобы – алтай (ойрат), қырғыз, қарачай, қазақ, ноғай, татар, башқұрт тілдері енеді.
ІІ. Батыс тобы – түрікмен, түрік, әзірбайжан, гагауыз тілдері енеді.
ІІІ. Шығыс тобы – көне орхон, көне ұйғыр, шағатай, қыпшақ (половец), қарағас тілдері енеді.
ІҮ. Аралас топ – саха, чуваш және Орта Азия халықтарының кейбірі енеді.
Техникалық (оның ішінде оқытудың да) және инструментальдық құралдар: интерактивті тақта, сызба–кестелер
Сабақтарды өткiзу тәртібі: баяндау, проблемалық, сұрақ – жауап, түсіндіру, сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң нақты сұрақтарын талқылау
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
Күрделі деңгей:
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің мақсаты, оның өзге пәндермен байланысы, айырмашылығын ғалымдар пікірімен көрсетіңіз
Орта деңгей:
Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәнінің мақсаты, оның өзге пәндермен байланысы, айырмашылығын түсіндіріңіз
Алтай дәуірі (б.з.д. ІІІ ғ.) туралы түсіндіріңіз
Ғұн дәуірі (б.з.д. ІІІ ғ. - б.з.Үғ. ) туралы түсіндіріңіз
Көне түркі дәуірі (Ү-Х ғ.аралығы ) туралы түсіндіріңіз
Орта түркі дәуірі (Ү-ХҮ ғ.аралығы ) туралы түсіндіріңіз
Жеңіл деңгей:
Тарихи грамматика – тіл тарихының дербес саласы екендігін анықтаңыз.
Тарихи грамматика курсының мақсаты мен міндеті, оның тілдің сипаттама грамматикасынан айырмашылығы мен байланысын сипаттаңыз.
Қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің көздері, түркі тілдерінің жіктелуі туралы зерттеулер жөнінде айтып беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |