Практикалық әдіс – жағымды мінез-құлыққа жатықтыру – оған түрлі тапсырмалар беру. Қоғамдық-азаматтық, пионерлік тапсырмалар беру. Спортқа, түрлі үйірмелерге, экскурсияларға қатыстыруға тапсырмалар беру.
Өзін-өзі тәрбиелеу әдісі – Сухомлинский: «Бала өзін-өзі жетілдіруге икемделмесе оны жүз мұғалім де тәрбиелей алмайды»,- дейді. «Менің атым – Қожа» балалар киносында Қожаның айна алдына отырып, өзіне-өзі бұйрық беруі.
Ынталандыру әдістері Ынталандыру әдісі мақтау және жазалау болып бөлінеді. Тәрбиеленушінің ісәрекетіне қойылған жақсы бағаны мақтау деуге болады. Мақтаудың түрлері: қолдау, қуаттау, алғыс айту, мадақтау. Мақтау әдісі әдептілік пен нақты мөлшерді сақтауды талап етеді. Ең алдымен мақтаудың психологиялық тарапы маңызды келеді. Мақтау әдісі мына жағдайда нәтиже береді:
Балалардың мақтау алуға іштей сенімді талпыныстары болуы.
Мақтау арқылы тәрбиеленушіні ұжымның қалған мүшелеріне қарсы қоймау.
Мақтаудың қылық-ісіне сай болуы.
Мақтау арқылы оқушыға жекелей шешім табуды үйрету.
Мақтаудың шындыққа негізделуі.
Жазалау- қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс. Жазалаудың мынадай түрлері белгілі:
қосымша тапсырмалар беру;
балалардың дара психологиясын біліп барып жазалау. Тәрбиелеушілерге тәрбиесіз болудың пайдасыз екендігін сезіндіретін жағдайларды тудыруынталандырудың субъективтік - прагматикалық әдісі деп аталады.
Субъективтік - прагматикалық әдістің нақты формалары мыналар: 1) келісім; 2) жеке өзін-өзі тәрбиелеу карточкалары; 3) ЭЕМ мониторингі; 4) тәрбиелеу тестері. Жарыс — адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи, бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс. Жарысу әсіресе, үлгермеушілер арасында маңызды болып, олардың дамуы үшін қажеті болған мақсатты ынталануға жол ашады. Жарысты ұйымдастыру оңай шаруа емес, ол тәрбиеленушілердің психологиясын толық білуді талап етеді. Жарысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеру қажет: 1) жарысты белгілі мақсатқа орай ұйымдастыра білу; 2) жарыстың бағытын белгілеп, мазмұнын анықтау.