Тапсырмаберу әдісі жақсы нәтижелер береді. Жүйелі тапсырма беру арқылы оқушыларды дұрыс істерге үйретуге болады. Тапсырма беру әртүрлі болып келеді: ол көбінесе оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Мысалы, ойыншықтар, модельдер, схемалар дайындау.
Тәрбиеленушілердің іс-әрекеті мен жасанды жағдайдағы қылығын ұйымдастыру әдісі тәрбиелеуші ситуациялар әдісі деп аталады
Тәрбие құрал-жабдығы кең түсінікті қамтиды.Тәсіл - деп жеке әсер етуді түсінсек, құрал түсінігі сол тәсілдердің бірлігін білдіреді. Құрал-жабдық - бұл қолданымдағы тәсілемес, бірақ әлі әдістікке жетеқоймаған шара. Мысалы, еңбек - тәрбие құралы, бірақ еңбекті бағалау, көрсету, қателігін анықтау бұл ондағы тәсілдер. Сөз (кең түсініктегі) - тәрбие құралы, бірақ ескертулер, сын айту, теңеу - бұлар тәсілдерге жатады. Осыған байланысты кейде тәрбие әдісі қойылған мақсатқа жету тәсілдері мен құралдары жүйесі ретінде анықталады, өйткені әдіс құрылымында тәсілдер мен құралдар міндетті түрде бірге қарастырылады