Лекция Тәрбие үдерісі- тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі Жоспар Тәрбие үдерісінің теориясы


Осы бағытта жаңа типті оқу орындары пайда болуда: лицейлер, гимназиялар, колледждер, жеке меншік мектептері



бет2/29
Дата01.04.2023
өлшемі92,1 Kb.
#78284
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Ëåêöèÿ Ò?ðáèå ?äåð³ñ³- ò?òàñ ïåäàãîãèêàëû? ?äåð³ñò³? ??ðàìäû á?ë 2

Осы бағытта жаңа типті оқу орындары пайда болуда: лицейлер, гимназиялар, колледждер, жеке меншік мектептері.
Жалпы адамзаттық дамудың техникалық, экономикалық және мәдени-рухани қарқынды кірігулері әлемде ешбір ұлт, ешбір халық өзімен-өзі томаға-тұйық дамымайтындығын, оның есік терезесі әлемдік тәжірибеге әрқашан ашық болуы керектігі бүгінде еш дау тудырмасы керек. Осыған байланысты ұлттық мектебімізді халықтық педагогикаға негіздей отырып, оны әлемдегі басқа да озық педагогикалық идеяларымен байытып отыру – нағыз өркениеттіліктің белгісі. «Қазақстанның халық педагогикасы мен ұлт мәдениетінің озық дәстүрлерін батыс және шығыс үлгілерімен ұштастыра отырып, қазақтың ұлттық мектебін қалыптастыру мақсатында 1993 жылдан бастап норвегиялық Штайнер мектептері Ассоциациясының мұғалім-өкілдері Штайнер мектептері педагогикасын ассоциация, Алматы қалалық білім беру басқармасымен бірлесе отырып № 123 қазақ орта мектебінде 1993/94 оқу жылында 1 «а» сыныбы Вольдарф педагогикасының элементтерін пайдалана оқытатын сынып ашылды. Оқу жоспарларына мемлекеттік стандарттан тыс мүсіндеу, кескіндеме, қолөнер пәндері енгізілді және қазіргі уақытта 5 сыныпта, яғни орта буында Вольдарф педагогикасының әдістемесімен оқытуды одан әрі жалғастыруда және бастауышта 1 «а» сыныбы жаңадан ашылды. Вольдарф педагогикасының элементтерін сабақта пайдалану тәсілдері мектеп ұстаздарына және оқушыларға ұнайды. Оқушыларды адамгершілікке, жеке тұлға болуға тәрбиелеуге оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіруге көп көңіл бөлініп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде». Вольдарф жүйесінің ерекшелігі «Р.Штайнер антропософия негізінде танымдық күштерді, өнерге қабілеттіліктерді, сезімдерді адамгершілік бастауларын және діни сезінулерді біртұтас қарап, қамтитын педагогика жасаған. Антропософия – діннің бір түрі емес немесе дайын көзқарастар жүйесі емес, дүние мен адамды тану жолы». «Демек, ХХІ ғасырдағы мемлекеттердің ерекшелігін саяси немесе экономикалық жүйе белгілемейді, ең алдымен сол елдердің мәдени өркениетті төлтумалығы белгілейді.
Түптеп келгенде, білім мен тәрбие дегеніміздің өзі, кең мағынасында, мәдениет атты ұлы құбылыстың аясында көрініс табады. Мәдениет, негізінен, этностық жады арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мұндай киелі эстафетаны өміршең етуге біздің әрқайсысымыздың ең асыл мұратымыз болуы тиіс».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет