Лекция Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі



бет3/15
Дата20.09.2022
өлшемі90,14 Kb.
#39580
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Рухани-адамгершілік тәрбиесі – қоғамдық моральдың нормалары мен принциптерін, сенімді, дағдыны,мінез-құлық әдетін және әдепті қалыптастыру.
Адамның адам болып қалыптасуының құралы – еңбек. Еңбек – қоғамның материалдық және рухани байлығының негізгі көзі, адам баласының қасиетті борышы, тұлға дамуының іргетасы. Дұрыс ұйымдастырылған еңбек тәрбиесі –тұлғаның тікелей қоғамдық пайдалы және өндірістік еңбекке қатысуы, оның азаматтық, моральдық, интеллектуалдық қалыптасуының және дене бітімі дамуының нәтижелі факторы.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамытатын тәрбиенің басым бағыттарының бірі – құқықтық тәрбие. Қазақстан РеспубликасыКонституциясына сәйкес азаматтарының құқығы мен талап-тілегін, мұқтаждарын қорғап, оларды қамқорлығына алады. Әрбір азамат өз мемлекетінің заңына жауапкершілікпен қарап, оны орындауды өз міндеті деп есептейді. Өйткені, жас мемлекетіміздің заңдары еліміздің мұң-мұқтажын, тыныштығы мен саяси тұрақтылығын нығайту жолында қызмет етеді.
Құқықтық тәрбие – мемлекеттегі маңызды қатынастарды реттей отыра қоғамға пайдалы, қажетті қатынастардың дамуына жағдай тудырып, зиянды қатынастарды шектеп, тыйым салатын тәрбие.
Дене тәрбиесіадамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы қимыл-әрекеттерін қалыптастыратын, адамгершілік қасиеттері мен ерік-жігерін жетілдіретін негізгі тәрбие бағыттарының бірі. Дене тәрбиесі жеке тұлғаның бойындағы төзімділік, шыдамдылық, батылдық, табандылық және т.б. қасиеттерді шыңдайды.
Тұлғаның бақытты болуы, өмір қуанышына кеңелуі, олардағы әрекеттің барлық түрінің жоғарғы нәтижелі болуы, өзін-өзі жақсы сезінуі – дене мүшелерінің ең жоғарғы деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Себебі, дені сау бала барлық бастамалар мен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл-күймен қатыса алады. Сондықтан да, тұлғаның салауатты салтын қалыптастыру –мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болып табылады.
«Салауаттылық», яғни «деннің саулығы» – бүкіләлемдік денсаулықты сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей, деннің моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі және қоршаған ортаға қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы.
Деннің сау болуы – ол өмірді шексіз сүю, қуаныш сезіміне бөлену, өмірден ләззат алу, әрбір таңды, күнді асыға, ризашылық көңіл-күймен тосу, кіршіксіз тәтті ұйқыға кету, ең қажеттісі өзіңді-өзің сүю, құрметтеуден басталады.
Ал патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну.
Оның басты құндылықтары – ана тілі, ұлттық рух, діни наным сенімдермен тығыз байланысты. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері.
Қазақстандық патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.
«Азамат» ұғымын мемлекеттік деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады. Ғылыми-теориялық қырынан қарағанда бұл адам құқығымен азамат құқығының аражігін ажырататын ұғым. Өйткені, азамат белгілі бір мемлекеттің, саяси бірлестіктің тең құқықты мүшесі және оның барлық саяси құқықтарына ие тұлға ретінде әрекет етеді.
Азаматтылық – қоғам мен мемлекеттік жүйеде тұлғаның өз «Менін» танып, қастерлей білуі.
Тәрбиенің сапалық деңгейі тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізуімен анықталады. Қазіргі кезеңде жеке тұлғаның бойында толеранттылықты қалыптастырудың төмендегідей принциптерін басшылыққа алған жөн:

  • тұлғаның қателікке бой алдырмауы және мектеп Жарғысының аясында жеке бастың құқығын мойындау;

  • тұлғаның жеке көзқарасы, принциптері, адамдар мен айналадағы дүниеге қарым-қатынасы болу құқығын мойындау, толерантты болу.

Толеранттылық (лат. tolerantia – төзім) – қайсыбір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі. Мысалы, алаңдауға толеранттық қатерлі жағдаятқа эмоцияның үн қату табалдырығының көтерілуінен көрінеді, ал сырттай – ұстамдылықтан, сабыр сақтаудан, бейімдеушілік мүмкіндіктерді төмендетпестен, жағымсыз іс-әрекеттерге ұзақ уақыт төзуге қабілеттіліктен байқалады.
Ал адамгершілігі мол, иманды, тәрбиелі адам – кез келген мемлекеттің байлығы, әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет