Лекция Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Лекция 6. Қазіргі таңдағы мектептің тәрбие үдерісіне педагогикалық қолдау



бет6/15
Дата20.09.2022
өлшемі90,14 Kb.
#39580
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Лекция 6. Қазіргі таңдағы мектептің тәрбие үдерісіне педагогикалық қолдау

Адам өміріндегі кез келген өтпелі кезеңнің өзіндік қиындықтары болады. Тұлғаның бастауыш мектептен орта мектепке ауысуы – күрделі және жауапты кезең, оның алдағы мектеп өмірі бейімделу үдерісінің өтуіне байланысты қалыптасатын болады. Біздің міндетіміз – оларда болып жатқан жағдайларды, алаңдататын, мазалайтын не екенін, қандай қиындықтар болатынын анықтау және нақты қандай көмек көрсете алатынымызды білу.


Тұлғаның оқу-тәрбие үдерістеріне жылдам бейімделуіне орта буынға өтуіне дейін пайда болған психологиялық проблемалар кедергі болады. Тұлғаға бейімделудің күрделі кезеңінде көмек көрсету оның өзіндік тәрбиесі, тұлғалық өсуі мен дамуы міндеттерін шешуге, сонымен қатар, мектепке бейімделе алмаудың алдын-алуына әсер етеді.
Олай болса, өзін-өзі тәрбиелеу әрбір жеке тұлғаның белгілі даму деңгейіне және өз қылықтарын басқаның әрекеттерімен саналы түрде салыстыра білуіне байланысты.
Өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері:

  • өзіне-өзі міндет қоя білу;

  • өзіне-өзі есеп беру;

  • өз әрекетін өзі бағалау;

  • өз ісі мен әрекетін қадағалай алу.

Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі басқару үдерісінде жүзеге асады. Бұл үшін әр тұлғаның өз мақсатына сәйкес іс-әрекет жоспарын жасап, орындалуына бақылау, бағалау қажет болса, реттеу, түзетулер енгізе білуі.
Жеке тұлғаның өз дербестігін тануы – оның саналы өмірлік бағдар, мақсат, адамгершілік құндылықтар, кәсіп, тіршілік шарттарын таңдай білуімен анықталады.
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:

  • өзін-өзі тану: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау, өзін өзгемен салыстыру және т.б.;

  • өзін-өзі меңгеру: өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі билей білу, өзін-өзі иландыру, өзін-өзі мәжбүрлеужәне т.б.;

  • өзіндік ынталандыру: өзін-өзі бейімдеу, өзін-өзі жазалау, өзін-өзі шектеужәне т.б.

Сонымен, өзін-өзі тәрбиелеу – тұрақтанған мұраттар мен наным-сенімдерге негізделіп, саналы белгіленген мақсатқа сәйкес жеке тұлғаның өз тұлғалық сапа-қасиеттерін өзгертуге арналған педагогикалық іс-әрекеті.
Алғашқы қадамда да, есейген шақта да жеке тұлғаға жауапкершілік сезім баулуда көмек көрсету – тәрбиешінің аса маңызды міндеттерінің бірі. Тәрбиеленушілерге өз қалауымен әрекет жасауға мүмкіндік бере отырып, тәрбиеші көп жағдайда олардың өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі баға қоюға деген ықылас-ниет әрекеттеріне қолдау-қуаттау көрсетуі қажет.
«Рефлексия» ұғымы алғаш философия ғылымына енді, индивидтің өз санасында өзінің жасаған іс-әрекеттерін ой елегінен өткізуін білдірді. Рефлексия («reflexio»латын сөзінен шыққан, тікелей аудармасы – артқа қарау, бұрылу) қандай да бір нәрсені үйрену мен таңдаудың көмегімен ой елегінен өткізу үдерісі.
Педагогикалық рефлексия – педагогтың өзін оқушының орнына қоя алу қабілеті, кез келген жағдайда да оқушының іс-әрекетіне түсінушілік білдіру, оқушыны қолдап, дер кезінде қуаттап отыруы және оқушының өзіне деген көзқарасын ұдайы көре алуы, одан дұрыс қорытынды шығара алуы (Ш.Т.Таубаева).
Өзіндік рефлексияның өлшеу бірлігі – өзіндік талдау. Өзіндік талдау педагогикалық талдаудан генетикалық тұрғыдан шығады.
Педагогикалық талдауды мектеп әкімшілігі мен білім беру органдары басшылары жүргізеді және ол педагогикалық ұжым мен жеке тәрбиешінің іс-әрекетін зерттеуге бағытталады.
Өзіндік талдау педагогтың өзінің педагогикалық іс-әрекетінің әртүрлі бағыттарын зерттеуге арналады және өз іс-әрекетіне өзінің баға беруі. Талдау мен өзіндік талдаудың мақсаты – оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру.
Педагогикалық өзіндік талдауға тәрбиеші іс-әрекетінің төмендегідей негізгі түрлерін жатқызуға болады:

  • сабақтан тыс тәрбиелік жұмыс;

  • ата-анамен жұмыс;

  • педагогикалық ұжыммен, қауымдастықпен жұмыс;

  • педагогтың өз білімін өзі жетілдіруі.

Ғалым Л.Е.Плескачтың жіктеуі бойынша өзіндік талдауды мақсат, объект, субъект, мағынасы, жиілігі бойынша топтастыруға болады.
Ғалым В.П.Беспалько өзіндік рефлексия, өзін-өзі талдау және өзін-өзі бағалауды жеке тұлға дамуы көрсеткішінің ажырамас бөлігі болып табылатын кәсіби өзіндік санамен анықтайды. Автор кәсіби өзіндік сананың негізгі 4 компонентін бөліп көрсетеді:
а) «Белсенді Мен» – қазіргі кезеңдегі тұлғаның өзін қарастыруы;
ә) «Ретроспективті Мен» – тұлғаның өзінің жұмысын алғашқы кезеңіне қатысты көре алуы мен бағалауы (өзінің кәсіби тәжірибесі мен жетістіктерін бағалау критерийлерінің жүйесі);
б) «Мен идеалы» – тұлғаның кім болғысы келетіндігі (тұлғаның болашағы мен кәсіби іс-әрекетте өзін-өзі дамытуы);
в) «Рефлексивті Мен» – тұлғаның көзқарасында педагогтар, тәрбиеленушілер мен ата-аналардың оның жұмысын қалай бағалайтындығын қабылдауы.
Педагогикалық қолдау – мектеп жасындағы бала көп жағдайда педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, көбіне мұқтаж болғандарға жəрдем беріп, қамқорлық қатынасында көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізіп, оның дамуына, білім алуына, тәрбиеленуіне жəрдем көрсетіп, жақсы азамат болып өсуіне мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет