Лекция Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Лекция 2. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі



бет2/15
Дата20.09.2022
өлшемі90,14 Kb.
#39580
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Лекция 2. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі


Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі. Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі
1. Тәрбие жүйесі, тәрбиелік жүйе, тәрбие жұмысының жүйесі ұғымдары. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі компоненттерінің мәні, құрылымы, сипаттамасы.
2. Тәрбиелік жүйенің қағидалары. Тәрбиелік жүйенің құрылу және даму кезеңдері мен әдістемесі, бағалау өлшемдері.
3. Мектептің тәрбиелік жүйесін басқару. Сыныптағы тәрбие жүйесі – тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізі ретінде. Сыныптағы тәрбие жүйесінің функциялары, мақсаты мен міндеттері.
4. «Тәрбиелік іс-әрекет», «тәрбие жұмысы» ұғымдарының көптүрлілігі және оларды жүйелеу.
5. Тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттері, атқаратын қызметтері. Қазақстанның қазіргі заманғы жағдайында тәрбие жұмысының стратегиялық басымдылықтары.

Тәрбие жүйесінің теориялық моделі, концептуальды (айқындамалы) пайда болуына қатысты жинақылық түсінігі бар. Бірақ тәрбие жүйесі әлеуметтік табиғи объектісі бар белгілі бір мекемедегі мұғалімдер мен оқушылар құрамы болғандықтан психологиялық мінездемесі бар. Сондықтан да тәрбие жүйесі – бұл педагогикалық күрделі жүйе, әрі әлеуметтік психологиялық мінездемені керек етеді.

Мектептердің тәрбие жүйесінің миссиясын жүзеге асыруға бағытталған және төмендегі бағыттары басшылыққа алынуы қажет:
- әлемдік деңгейде жиналған озық тәжірибеге негізделген қазақстандық және халықаралық құжаттамалардың деректер базасы;
- мектептегі тәрбие жүйесінің нақты айқындалуы;
- тәрбие тұжырымдамасына көзделген, оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін қалыптастыру;
- оқушының өзіндік және ғылыми-тәжірибелік қызметі;
- шынайы мамандық таңдау және кәсіптік бағдар қызметі.
Баланың жеке қызығушылығын өзектендіру және қанағаттандыру балалардың барлық жалпы мәдени қарымын өзектендірумен бір кешенде болуы керек.
Тұлғаға бағытталған білім оқуды оқушы тұлғасына мейлінше жақындата түсуге мүмкіндік береді, рухани-ізгілік құндылықтарының қалыптасуына әсерін тигізеді. Ынтымақтастық педагогика тәрбие үрдісін ересектер мен балалардың білім беру үрдісінде барлық субъектілердің өздігінен дамуы үшін жағымды жағдай туғызу мақсатында бірлесе әрекет етуі (ынтымақтасуы) ретінде түсіну.
Оқыту мен тәрбиелеуде білімді әр оқушының оңтайлы тәсілмен, ырғақпен және мөлшермен, мазмұнын таңдаумен, тәрбиенің әдістері және формаларымен игеруіне жағдай жасауды, тәрбие үрдісінде балалар мен ересектердің (ата-аналар мен оқушылардың) (өзіндік) көзқарасын есепке алуды көздейді.
Кіріктіру принципі білім мазмұнын реформалаудың негізі ретінде қарастырылады және ол тек пәндердің арасындағы үйлесімсіздікті жеңуді ғана көздеп қоймайды (тұлғаны ғылыми біліммен қаруландыратын, әрекеттердің тәсілдерімен қаруландыратын, әлемді көркем образды қабылдауға мүмкіндік беретін, қоршаған орта шындығын тұтас қабылдай алуды қалыптастыратын), сонымен қатар олардың арасында мәнді өзара байланысты тудырады.
Жүйелілік принципі тек барлық элементтері байланысып қоймай, өзара тығыз байланыста болатын жеке дара жүйе деп қарастырып қана қоймай, көбінесе оның қызмет етуіне әсер етуші басқа жүйенің бөлігі деп қарастыруды талап етеді.
Тек мектептің өмір сүруін ұйымдастыруға жүйелі түрде келу арқылы ғана әрқайсысы өз-өзінен жүйе болып табылатын, бірақ басқа жүйелермен қарым-қатынастан тыс тіршілік ете алмайтын тәрбиеленуші тұлғасын тұтастай тұрғызуды қамтамасыз ету мүмкін. Бұл принцип жүйенің тек бір элементімен өзара әрекеттесу мүмкін еместігін, өзара әрекеттесу әрқашан кешенді болатынын және барлық жүйеге ықпал ететінін дәлелдейді.
Мектептің ішкі даму беталысын, мүмкіндігін және оның қоғамдағы алар рөлі жайлы түсініктерге талдау жасай отырып, бірегей тәрбиелеуші ұжым өз мақсатын мектептің тәрбие жүйесін танымдық жүйе құрушы әрекетпен даму және қызмет ету арқылы көп қырлы тұлға дамытуға жағдай жасауды қамтамасыз етуден көреді.
Әр тәрбие кеңістігі әр тәрбиеленушінің тұлғасы сияқты қайталанбас, ерекше әрі артық, алайда оның бойында адамның жеке тұлғасында көрінетін психофизиологиялық өсу заңдылығы тәрізді өзгешелік пен ортақтық көрінеді. Сондықтан, нақты, шынайы тәжірибенің аумағын абстракциялық және теориялық модель арқылы педагогикалық шындықтың типтік бейнесін сипаттайтын педагогикалық категория сияқты «тәрбие кеңістігі» деген ұғымды бөліп қарау мүмкін болады.
Тәрбие кеңістігі тұлғаның дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы үрдісіне тәрбиенің басқа барлық факторлары мен өзге де кеңістіктердің ықпалы арқылы байқалатын көп өлшемді және көп қызмет атқаратын кеңістік болып табылады.
Нағыз мектеп – парасатты өзгере келіп, әр уақытта педагогикалық үрдіс жетіліп отыратын, дамушы мектеп. Бұл принцип оның педагогикалық мақсатқа сай өзгерістерге батыл, шешімді қабілеттеріне негізделеді.

Мектептегі тәрбие тәрбие үрдісі арқылы жүзеге асады, бұл – педагогтар мен балалардың оларды өзіндік дамуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі іске асыруға бағыттау мақсатындағы қарым-қатынас.
Тәрбие мазмұнын түсінерде қойылатын талаптар мен мақсаттарға сай оқушының білімі, нанымы, дағдылары, тұлғалық сапасы мен белгілері тұрақты әдеттер жүйесі деп қабылданған. Тәрбие жүйесінің теориялық моделі, концептуальды (айқындамалы) пайда болуына қатысты жинақылық түсінігі бар. Бірақ тәрбие жүйесі әлеуметтік табиғи объектісі бар белгілі бір мекемедегі мұғалімдер мен оқушылар құрамы болғандықтан психологиялық мінездемесі бар. Сондықтан да тәрбие жүйесі – бұл педагогикалық күрделі жүйе, әрі әлеуметтік психологиялық мінездемені керек етеді.
Мектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек бағдарлама, іс-шаралар, әдістері мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса ол бала, жеткіншек, жасөспірім арқылы сипатталатын педагогикалық істің жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді. Олардың жеке қызығушылығы, ыңғайы, өзіндік мінез-сипаты мен бірге өз қадірін сезінуін дамыту керек. Тәрбиеленушілердің қызығушылығынан жоғары рухани қажеттіліктеріне қарай өтуі тәрбие ережесіне айналуы қажет.
Жалпы заңдылық ауқымының әрекеті тәрбие жүйесінің барлық жүйесіне таралады. Жалпы заңдылық осы процестің маңызды және ірі бірліктерінің арасын байланыстырып отырады. Жүйе ішіндегі бірліктерінің байланысын анықтайтын заңдылық жеке (нақты) заңдылық деп аталады. Тәрбие жүйесі жалпы педагогикалық процестің бөлігі ретінде осы процестің заңдылықтарына бағынады.
Тәрбиеленушінің өз еркі болмай, тәрбие жұмыстарын дамыту, бірлесе жұмыс істеу идеяларын іске асыру мүмкін емес. Тәрбие жүйесі еріксіз ұйымдастырылса, ол балаға да, мұғалімге де кері әсерін тигізеді. Балаларды «тәрбиелеуге» міндеттеме керек. Егер тәрбиелеушілер тәрбиеленушілердің қызығушылығына, асқақ арманына, азаматтық және жолдастық міндеттеріне, өзбеттілігі мен шығармашылығына сүйенсе, сонда тәрбиеленушілердің тәрбиеге деген ықылас-ынтасы оянады.

Лекция 3. Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі


Тәрбиенің қоғамдағы жалпы қызметі, біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім, білік және дағдыларын беру үдерісі.Екіншіден, адам баласында адамгершілік сапа қасиеттерін қалыптастыру.


Мектептің тәрбие жұмысының мазмұны, әдістемесі мен технологиясы оның тәрбие жүйесімен анықталады.
Мектептің тәрбие жұмысы жаңа педагогикалық парадигманы басшылыққа ала отырып, тәрбиелік құрылымға дейінгі және тәрбиелік құрылымнан кейінгі іс-әрекеттер жүйесін қамтиды.
ХХ ғасырдың 70-жылдарында жалпы орта білім беретін мектептердің тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруда Ф.Ф.Королев, М.М.Поташник еңбектерінің маңызы зор болды. Жүйелік әдіс арқылы тәрбие жұмысын түрлі деңгейде жобалау, құрастыру, жетілдіру және қайта құру мәселелерін Л.И.Новикова зерттеді.
Мектеп жасындағы тәрбиеленушілерге тәрбие берудің мақсаты – өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға қабілетті, еркін, шығармашылығы дамыған, жаңашыл, креативті тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстанның қазіргі заманғы жағдайында тәрбие жұмысының стратегиялық басымдылықтары: интеллектуалдық, рухани-адамгершілік, еңбек, кәсіптік бағдар, физикалық, экологиялық, экономикалық, денсаулық сақтау, қазақстандық патриотизмді, азаматтық пен толеранттылықты қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты – моральдық жағынан кіршіксіз таза, қоғам мүддесі үшін еңбек ететін, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны даярлау.
Мораль дегеніміз – адамдардың мінез-құлқының тарихи қалыптасқан ережелерінің жиынтығы. Бұл ережелер жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, абыройлық пен абыройсыздық, ар-намыс, ар-ождан деген ұғымдардың тұрғысынан қарағандағы, адамдардың мінезі мен іс-әрекетін бағалаудың өлшеуіші болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет