Лекция терминология туралы жалпы мәлімет дәріс жоспары: терминология пәні. Терминологияның зерттеу нысаны


ТЕРМИН, ТЕРМИНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТЕРМИНГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



бет2/7
Дата25.09.2024
өлшемі37,47 Kb.
#145640
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-3 лекция

ТЕРМИН, ТЕРМИНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТЕРМИНГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


Термин дегеніміз — белгілі бір ғылым, білім, техника саласының заттары мен құбылыстарының атауы. Терминнің өзіндік белгілері:
1. Терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркестері болады.
2. Терминдер негізінен тілдік бірліктер (символ-сөз, сан, географиялық таңба түріндегі терминдер де бар. Бірақ терминологиядағы олардың үлес салмағы терминсөздерге қарағанда әлдеқайда төмен). 3. Термин – белгілі бір терминологияның мүшесі (А.А.Реформатский).
4. Термин деген – ұғым аты.
5. Терминнің міндетті түрде анықтамасы (дефинициясы) болады.
6. Терминдердің негізгі басым бөлігі жалпы есімдер, сөз табына қатысы жағынан зат есімдер болады. 7. Терминдер атауыштық қызмет атқарып, негізінен ғылым тілінде, арнаулы сала шеңберінде қолданылады.
Терминология - 1. Терминдер туралы ғылым; 2. Терминдер жиынтығы деген екі мағынаны білдіреді.
Белгілі бір ғылым, кәсіп саласында терминдердің жиынтығы болады. Әрбір ғылым саласының терминологиясы мен терминдік жүйесі тілдік құралдар арқылы көрінетін кәсіби білімнің ұғымдық байланыстарына негізделеді.
Белгілі бір ғылым саласының табиғи жолмен жасалынған терминдерінің жиынтығын терминология деп ажыратсақ, терминдер арасындағы және олар бейнелейтін ұғымдар арасындағы қатынастарды анықтайтын реттелген терминологияны терминдік жүйе деп атаймыз.
А. А. Реформатский айтқандай, терминология және «оның құрамды бөлігі болып табылатын терминдер арқылы ғылыми теориялар, заңдар, принциптер, ережелер жасалынады», яғни «терминдерде әлеуметтік ұйымдасқан шындық бейнеленеді, сондықтан міндетті түрде терминдерде әлеуметтік сипат болады». Терминнің нақты бір ғана мағынасы болады, яғни ол ғылыми ұғымды білдіреді. Терминге семантикалық айқындылық тән. Оған термин ұғымның анықтамасын беруімен қол жеткізеді. А.А. Реформатский Г.О. Винокурдың «особая функция в которой выступает слово в качестве термина, - это функция названия» деген пікірін «беда определения в том, что номинативная функция – это общая функция всех слов, а не только терминов» деп сынауы бекер емес.
Б.М. Лейчик «термин - сөз», «термин – ерекше сөз – жалпы қолданыстағы сөз» деп қарама-қарсы қоюға болмайды деген ойды айта отырып, мақала басында, «терминнің табиғаты, оның ерекшелігі туралы жазылған еңбектердің барлығы терминді тілдегі барлық басқа сөздерден ажырататын, терминге ғана тән белгілерді көрсете алмайды» деп өзінің жоғарыдағы пікіріне қайшы келеді. Шындығында, терминнің өзіндік ерекшелігін жалпы қолданыстағы сөздермен салыстыра отырып, яғни «жалпы лексика және арнаулы лексика», «әдеби тіл – арнайы мақсатқа қолданылатын тіл», «әдеби тілдегі термин – арнайы қолданыстағы термин емес сөз», «термин - термин емес» тұрғысынан толық түсінуге болады.
Осы жерде алғанда терминологиялық лексиканың қазіргі әдеби тілдің құрамындағы орны туралы маңызды сұрақ туындайтыны орынды. Сол сұраққа жауап беру мақсатында біз терминдердің жалпы лексика мен әдеби тілдер арасынан 6 алатын орнын анықтауға талпыныс жасап көрелік. Ол үшін ең алдымен әлгі сұрақ туралы ғылыми әдебиеттерде орын алған үш көзқарасты атап өткен жөн болар. Ол көзқарастар:
1.Терминология - әдеби тіл лексикасының құрамды бөлігі. Бұл көзқарасты жақтаушылар терминдердің көпшілігі әдеби тілдегі сөздерден жасалғанын, болашақта да жасалына беретіндігін айтады және әдеби тілге жаңа терминдердің ену мүмкіндігін алға тартады. Жалпы әдеби тілдегі лексика-семантикалық, грамматикалық категориялар мен процестерге сүйене отырып терминологияны әдеби тілдің құрамды бөлігі деп қарастырады.
2.Терминология - әдеби тіл лексикасымен ұқсастығы аз, оның өз алдына жеке бір қабаты. Терминологиялық лексиканың өзіне тән заңдылықтары, оның әдеби тілдің ережесіне (норма) қайшы келетін тұстарын ескере отырып, оны өз алдына жеке бөлім ретінде қарастыру орынды екендігі айтылады.
3.Терминология жасанды жасалған таңбалар жүйесі ретінде қарастырылады. Мұндай көзқарастың негізі әрбір ғылым саласының ақпаратты, белгілі бір ұғымды бір мағынада ғана тілдік таңба арқылы беруге ұмтылуы жатса керек. Терминологиялық жүйені осылай түсінсек, онда ол табиғи тілге қарама-қарсы жасалған жасанды тіл болып саналады.
С.Е.Никитина болса, «терминологиялық лексика әдеби тілдің лексикалық құрамына енбейді. Ол сөйлеу тілінің бір түрі ретінде қарастырылады»,- дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет