Тіл бұзылысын талдау принциптері. Сөйлеу тілі ақаулығын талдау кемістіктің құрылымын ашу мақсатымен жүргізіледі. Р.Е.Левина тіл кемістіктерін талдауының үш негізгі принциптерін белгіледі, олар: даму принципі жүйелік принципі және тіл кемістігін сөйлеудің психикалық дамуындағы басқа жақтарымен тығыз байланысын есепке алып қарастыру.
Даму принципітіл кемістіктің бала дамуының барысында қандай себептерден пайда болуын, неге әсер етуін, неге әсер етуі мүмкіндігін зерттеуді талап етеді, тіл кемістігінің құрылысын анықтауға, яғни алғашқы, негізгі ақаулығын және оданнәтиже болған, туынды кемістіктерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Жүйелік принципісөйлеу тілінің жүйелік құрылысын және сол құрылыстың түрлі компоненттерінің өзара жүйелік байланыстарын білуді талап етеді. Сөйлеу тілінің негізгі компоненттері - сөйлеу тілінің фонетикалық жағы, дыбыс айту, лексикалық жағы, грамматикалық құрылысы болып табылады.
Тіл кемістігін сөйлеудің психикалық дамуындағы басқа жақтарымен тығыз байланысын есепке алып қарастыру принципі тіл кемістігін кешенді түрінде зерттеуін талап етеді. Себебі баланың барлық психикалық процестері сөйлеу тілінің тікелей қатысуымен дамиды.
Білімалушылардың білімін бақылауға арналған сұрақтар 1. Тіл кемістігі ұғымына анықтама берініз.
2. Тіл кемістіктің пайда болуына бейімдейтін шарттарды сипаттаңыз.
3. Тіл кемістіктеріне себеп болатын экзогенді-органикалық факторлары.
4. Тіл кемістігі пайда болуында тұқым қуалау факторларының рөлі.
5. Сөйлеу тілі бұзылуына әкеп соғатын әлеуметтік факторлар.
Лекция №9 Сөйлеу мүшелерінің анатомиясы Дыбыс пен сөйлеудің пайда болу қызметі тыныс алу қызметімен тығыз байланысты, сөйлеу қызметінің перифериялық бөлімі тыныс алу мүшелері болып табылады. Сөйлеу аппаратының перифериялық бөліміне осылар жатады: мұрын, ауыз, жұтқыншақ, көмей, трахея, бронхалар, өкпе, кеуде клеткасы және диафрагма ( сур.19).
1. Мұрын Мұрын тыныс алудың алғашқы мүшесі болып табылады. Ол
иісті сезуге, сонымен қатар дауыс аппараты түтігінің түзілуіне
қатысады. Мұрын сыртқы мұрыннан және мұрын қуысынан тұрады. Сыртқы мұрын сүйек-шеміршекті қаңқадан және жұмсақ бөлімдерден тұрады. Маңдайдан басталатын мұрынның жоғарғы тар ұшы мұрынның тамыры деп аталады; одан төмен және алға қарай мұрынның арқасы созылып жатыр, ол мұрын ұшымен аяқталады.
Сыртқы, немесе мұрын қуысының бүйір қабырғасы құрлысы жағынан күрделірек келген. Онда екі жақталулы жарғақтың жартысына ұқсас болып келетін үш горизонтальды орналасқан сүйекті бастамасы болады. Сыртқы қабырғаның төменгісі сүйекті, ал ортаңғы және жоғарғы бөлімдері торлы сүйектің өсінділері болып табылады.
Кеңсірек шеміршегінің астында үш мұрын жолдары орналасқан: төменгі жарғақ пен мұрын қуысының түбі арасында - төменгі мұрын жолы,ортаңғы және төменгі жарғақ арасында - ортаңғы мұрын жолы, ал жоғарғы және ортаңғы жарғақ арасында -жоғарғы мұрын жолы болады. Барлық үш мұрын жарғақтары қараған беттегі саңылаулы кеңістік ортақ немесе жалпы мұрын жолы деп аталады.
Алдыңғы жағынан мұрын қуысы сыртқы мұрынмен жабылған, және тек оның төменгі бөлімінде мұрын кірісі (таңау тесігі) арқылысыртқа ашылады. Мұрын қуысының артқы қабырғасы болмайды, ол артқы жағынан сопақша саңылау арқылы (хоана) жұтқыншақ қуысымен байланысады.
Мұрынның осы бөлімін иіс сезу аймағы деп атайды. Мұрынның қалған қуыс бөлімдері тыныс алу аймағы болып табылады.
Осындай ісінулер кейде кездейсоқ жағдайда мұрынның бітелуіне себеп болады. Кеңсірік шеміршегінің ортаңғы бөліміндегі кілегейлі қабатында қан тамырларының торы орналасқан аймақ болады. Ондай аймақты кан кету аймағы дейді және ол мұрыннан жиі қан кету көзі болып табылады. Мұрын қуысында қосалқы қуыстар бар, олар ауаға толы болып келеді; олар мұрын қуысының қабырғаларын түзуге қатысатын
2. Ауыз Ауыз ас қорыту жолының алғашқы бөлімі бола отыра, ол сөйлеу және дәм сезу мүшесі, қажет жағдайда тыныс алу мүшесі де болып табылады. Анатомиялық жағынан ауыз екі бөлімнен тұрады: ауыздың кіре беріс бөлімі және ауыз қуысы. Ауыздың кіре беріс бөлімі – алдыңғы және бүйір жақтарынан ерінмен, бетпен, ал артқы жағынан –тіс пен тіс еттерімен шектелген саңылаулы қуыс болып табылады.
Ерін ауыздың дөңгелек бұлшық еттерінен пайда болған. Олардың сыртқы жағы терімен, ал ауыздың кіре беріс бөлімінде кілегейлі қабатпен қапталған. Кілегейлі қабат еріннен жоғарғы және төменгі жақтың альвеолярлы (ұяшықты) өсінділерге ауыса отыра, онымен өсіп кету салдарынан тіс еттерін түзеді. Ерін қабатындағы ауыздың дөңгелек пішінді бұлшық еттерінен басқа еріннің әр түрлі қозғалыстарын қамтамасыз ететін көптеген бұлшық еттер болады (23 сур.).
Жоғарғы ерін бұлшық еттеріне осылар жатады: жоғарғы ерінді көтеретін бұлшық ет, кіші және үлкен бет бұлшық еті, күлу бұлшық еті, ауыз бұрышын көтеретін бұлшық ет. Төменгі ерін бұлшық еттеріне төменгі ерінді түсіретін бұлшық ет пен ауыз бұрышын түсіретін бұлшық ет жатады.
Бет, ол да ерін сияқты бұлшық етті болып келеді. Бет бұлшық
еті сырт жағынан терімен, ал ішкі жағынан кілегейлі қабатпен қапталған. Кілегейлі қабат тістен басқа барлық ауыз қуысының ішін жауып жатады.
Ауыз тесігінің пішінің өзгертетін бұлшық ет жүйесіне шайнау бұлшық еттері де жатады. Оларды атап кетсек, ол: шайнау бұлшық еті, самай бұлшық еті , ішкі және сыртқы қанаттәріздес бұлшық еттер.