Лекция тезисі Құрастырған: Абуова Б. Ж. Шымкент 2023 Лекция №1


Шайнау және самай бұлшық еттері



бет18/35
Дата22.02.2023
өлшемі155,09 Kb.
#69915
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
Шайнау және самай бұлшық еттері астына түскен төменгі жақты көтереді. Қанат тәріздес бұлшық еттер екі жақтан жиырыла отыра, жақты алдына қарай қозғалтады; егер бір жағынан ғана жиырылатын болса, онда жақ қарама-қарсы жаққа қарай қозғалады. Ауызды ашқан кезде төменгі жақтың астына қарай түсуі, ол өзінің ауыр болу салдарынан және кейде мойын бұлшық етінің жиырылуынан болады.
Ерін және бет бұлшық еттері бет жүйкесі арқылы нервтендіріледі. Шайнау бұлшық еті инервацияны үштік жүйкенің қозғалтқыш қабығының әсерінен алады.
Тістер екі доға түрінде орналасып, жоғарғы және төменгі жақтардың альвеолаларында (ұяшықтарда) бекітілген. Әр бір тістің қаптамасы, тамыры және мойыны болады. Тіс қаптамасының пішініне байланысты күрек тіс, ит тіс, кішкентай және үлкен азу тістер деп ажыратылады. Күрек тістер мен ит тістер алдыңғы, ал азу тістер артқы тістерге жатады. Алдыңғы тістер бір тамырлы, ал артқы тістер екі-үш тамырлы болып келеді.
Қатты таңдай – ауыз қуысын мұрын қуысынан бөліп тұратын сүйекті қабырға. Ол бір уақытта ауыз қуысының да, мұрын қуысы түбінің де қақпақшасы болып табылады. Өзінің алдыңғы жағынан ол жоғарғы жақты сүйек өсінділерінен, ал артқы жағынан – таңдай сүйегінің горизонтальды пластинкаларынан пайда болады. Қатты таңдайды жауып жатқан кілегейлі қабат сүйек қабымен тығыздалған. Қатты таңдайдың ортаңғы сызығында сүйекті тігін (шов) көрініп тұрады.Қатты таңдайдың пішіні дөнестеліп келген. Әр түрлі адамдарда қатты таңдайдың конфигурациясы әрқилы.
Жұмсақ таңдай қатты таңдайдың жалғасы; ол кілегейлі қабатпен қапталған бұлшық етті болып келеді. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлімі таңдай пердесі деп аталады. Таңдай бұлшық еттері босансып тұрған кезде таңдай пердесі төмен қарай салбырап тұрады, ал жиырылған уақытта жоғары қарай және артқа қарай көтеріледі. Таңдай пердесінің ортасында ұзын өсінді – кішкене тіл (бөбешік) болады.
Тіл – бұлшық етті мүше.Тілдің алдыңғы жағы өте қозғалмалы, ал артқы жағы бекітілген, сондықтан оны тіл түбі немесе тіл тамыры деп атайды. Тілдің осындай бөлімдерін ажыратады: тілдің ұшы және алдыңғы жағы, тілдің бүйір жақтары мен тілдің мойыны, немесе арқасы.Тіл бұлшық еттерін екі топқа бөледі (25 сур.). Бір топ бұлшық еттер сүйекті қаңқадан басталып, тілдің кілегейлі қабатының қандай болмасын ішкі беткейінде аяқталады; басқа бұлшық ет топтары өзінің екі жақ ұшынан кілегейлі қабаттың кез келген жеріне бекінеді. Бірінші топ бұлшық еттерінің жиырылуы тілдің жалпы қозғалысын қамтамасыз етеді, ал екінші топ бұлшық еттерінің жиырылуында тілдің жеке бөлімдерінің пішіні мен орны өзгереді. Тілдің барлық бұлшық еттері жұпты болып келеді.
Тілдің бірінші топ бұлшық еттеріне осылар жатады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет