Лекция тезистері №1 Лекция. Пәнге кіріспе Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері



бет19/20
Дата19.04.2022
өлшемі278,6 Kb.
#31517
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
ҚҚЗТ дәріс кешені 2019 ж

Бақылау сұрақтары:

1. Президенттің әлемдік өркениеттердің серіктестігі жөніндегі ойлары, қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне берген жүйелі жауабы ретінде.

2. Ұлт лидерінің идеялары – халық мұрасы. Тәуелсіздік негізі – «Қазақстан жолы – 2050», түпкі мақсат – Мәңгілік ел болу

3. Әлемнің және ЕурАзЭҚ-тың ғаламдық энергетикалық және экологиялық қауіпсіз дамуын құру проблемалары



Әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.



2. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап/ Т.Омарбеков, Б.С.Сайлан, А.Ш.Алтаев және т.б.. – Алматы, Қазақ университеті, 2016. – 264 с.

3. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие /Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 2015. – 328 стр.

4. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.

5. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: Фолиант, 2007. – 344 с.
15 Лекция. Ортақ болашағы бар ұлттың қалыптасуы

1. «Мәнгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы.

2. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру міндеттері». ХХI ғасырдағы ұлттық сананы жаңғырту мәселесі: бәсекеге қабылеттілікті арттыру

3. Рухани жаңғыру бағыттары: «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны».


1. Елбасы өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр»,– деген еді. Ал,2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауында: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», – деп атап өтті. Бұл орайда елең еткізген жаңалық – тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл – Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым.«Мәңгілік ел – түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» –деп жаздытүркітанушы-ғалым Қ. Сартқожаұлы. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікті мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына жүктей отырып, Президент тек мәдени кодты сақтай отырып қана (тіл, руханилық, салт-дәстүрлер) уақыттың сын-қатерлеріне жауап қайтара алатынымызға баса назар аударды. «Егер ұлт өзінің мәдени кодын жоғалтса, онда ол ұлттың өзі де жойылады». Тек тағылымды тарих, ата-бабалар даңқы ғана қазіргі уақыт қиындықтарын жеңуге мүмкіндік береді»,–деген құнды пікірі ата салтымызды сақтауға, туған жер мен ел алдындағы парызымызды ақтауға шақырады. Осыған байланысты көптеген ғалымдардың ұлттық идеологиялар ұзақ өмір сүреді және ұлттар сол үшін өзінің жеке «мені» үшін күреседі, онсыз ұлт туралы пікірдің болуы да, оның болашақтағы тарихи өмірі туралы да сөз қозғаудың өзі мүмкін емес деген пікірлері орынды.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» (17 қаңтар, 2014 ж.), «Нұрлы жол – болашаққа жол» (11 қараша, 2014 ж.) атты Жолдауларындағы «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қалыптастыру туралы ой отандық саясаткерлер, философтар, тарихшылар ортасында кеңінен қолдау тапты.

«Мәңгілік Ел» идеясы біздің көне түркілік дүниетанымымызды, болмысымызды, көшпенділер өркениетінің негіздерін замана талабына сәйкес қайта жаңғыртудың, елімізді алдыңғы қатарлы қуатты мемлекеттер қатарына жеткізудің идеялық кепілі болып табылады. Нақтырақ айтқанда ол қазақ елінің жарқын болашағын білдіре отырып, Қазақстанның дамыған елдермен терезе теңестіруіне жол ашатын, халықты ортақ мақсат –мәңгілік ел болуға жұмылдыратын идея. «Мәңгілік Ел» – ұлттық бірлік пен бейбітшілікті, экономиканы нығайту,халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық қауіпсіздік, мәдениеттің, тілдің дамуы, патриоттық, отаншылдық сезімнің күшеюі негізге алынатын Қазақстан жолының жаңа кезеңі.

Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні – мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік екенін ұмытпағанымыз абзал. Бірлік – ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс.

«Мәңгілік Ел» идеясы біздің мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет болып қалуымызды қуаттайды, халқымыздың өз тамыр-тегін, ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға, әлем қауымдастығында өз рөлін айқындауға, тарихи-мәдени құндылықтарды мұқият сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге, адамгершілік бағдарды қалыптастыруға, дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейтуге үндейді. Сондай-ақ «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жас ұрпақты өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриотизмге, ұлттық салт-дәстүрге, руханият пен мәдениетке құрмет сезіміне тәрбиелеуді талап етеді. Сол себепті жас ұрпақты «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына тәрбиелеу бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.

«Мәңгілік Ел» идеясы мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет ретінде халқымыздың көп ғасырлық арман-мұратына, ел дамуының нақты нәтижелеріне негізделген. «Мәңгілік Елдің» жұмылдырушы күш-қуаты келесілерге негізделген:

1) өз барабарлығын, өз тамыр-тегін, өз ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға;

2) әлем қауымдастығындағы өз рөлін айқындауға;

3) тарихи-мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін сақтауға мүдделілікке;

4) маңызды міндеттерді барынша ауқымды түрде шешуге ұмтылысқа

Оның басымдықтары – дәстүрлі құндылықтарды қолдау; ұлттық барабарлықты анықтайтын адамгершілік бағдарларды қалыптастыру және дамыту, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейту. Негізгі өлшемдер – гуманизм мен әділеттілік, әлеуметтік-адамгершілік прогресс болмақ.

«Мәңгілік Ел»– Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы маңызды құраушыларын (этносты қалыптастырушылық, азаматттық және жалпымемлекеттік), сонымен қатар Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін құруда басшылыққа алынатын «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі алты бағыттарын негізге алады:

Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Жаңа қазақстандық патриотизм – бұл этникалық айырмашылықтардан тыс бүкіл қоғамды біріктіруі тиіс барлық мүмкіндік.

Екінші. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі. Біз барлығымыз тең құқықты тең мүмкіндіктерді иеленген қазақстандықтармыз. Біздің жерімізде бейбітшілік пен тыныштық орнауына біз тікелей жауаптымыз.

Үшінші. Қазақ тілінің дамуы және тілдердің үш тұғырлылығы. Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз және оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту керек.

Төртінші. Мәдениетті, дәстүрлі және даралықты қайта өркендету. Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды.

Бесінші. Ұлттық зиялы қауым рөлін көтеру. Зиялы қауым қалыптасқан мемлекет кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда жетекші күш болуы керек.

Алтыншы. Мемлекеттің зайырлы сипатын нығайту – бұл Қазақстанның сәтті дамуының маңызды шарты.

Елбасы Н.Назарбаев «Мәңгілік ел» идеясын Қазақстан халқының жарқын болашағы үшін қабылдаған өте маңызды және тарихи мәнге ие құжат «Бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған нақты жүз қадам» атты бағдарламаның идеологиялық негізі етіп алды. Мұндағы «Біртектілік пен бірлік» реформасында «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, азаматтық біртектілікті нығайтудың «Менің елім» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, т.б. нақты қадамдар жүзеге асыру көзделді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» болу мұратын көтерген «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ел өміріндегі ғана емес, әлемдік деңгейдегі саяси маңызы зор тарихи құжат ретінде бағалануда.

Бәсекеге қабілетті адамзаттық капиталы бар елге апарар жол, жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына жеткізер жол, өмірдің мүлде басқа сапасына қол жеткізер жол ұлттың рухани-адамгершілік түлеуі арқылы ғана ашылмақ. Бұл бүгінгі күннің бұлжымас аксиомасына айналуы тиіс.Жоғарыда айтылған ойдың өзектілігі сонымен бірге келесі маңызымен де арта түспек:

- елімізде білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі және жаһандану үдерістерінің белсенді түрде іске асырылуы. Ал бұл интеллектуалдық әлеуеттері жоғары, қоғамның әлеуметті белсенді мүшелері, рухани құндылықтар мен ұлттық мәдениетті сақтап дамытуға жауапты, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін меңгерген, ұлттық санадағы стереотиптерді жеңуге және өзге мәдениет өкілдерімен сапалы диалог құруға қабілетті, жаңа буын мамандарды тәрбиелеу мәселесін өзектендіреді;

- жақын жылдарда Қазақстан халқы бірқатар стратегиялық міндеттерді шешуі тиіс: «Қазақстан - 2050» Стратегиясын» жүзеге асыру; әлемнің экономикасы дамыған әрі табысты 30 мемлекетінің қатарына қосылу; Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына көшу; «Ұлт жоспары – баршаға ортақ қазіргі заманғы мемлекетке бастайтын 100 нақты қадамды» жүзеге асыру. Жоғарыда белгіленген стратегиялық міндеттерді тиімді шешу үшін «... мемлекетке мыңдаған жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар мен дипломды ғалымдар қажет болады. Білімді, сауатты адамдар – ХХІ ғасырдағы адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші», – деп атап көрсетті Президентіміз Н.Ә.Назарбаев.

Қазіргі таңдағы әлемдік қауымдастықты шарпыған жаһандық мәселелер елімізді де айналып өтпесі анық. Осы орайда Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміз бен өңіріміз үшін он негізгі сын-қатерді бөліп көрсеткен болатын.Елбасымыз осы он қатерді көрсете отырып, жаһандану жағдайында рухани құндылықтардың маңызы туралы: «Біз мемлекеттілігіміздің рухани мәселелер экономикалық, материалдық мәселелерден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз. 2050 жылғы Қазақстан прогрессивті идеалдар қоғамы болуға тиіс», – деп шегелеп көрсетті. Қазақ зерттеушілерінің қазіргі алдында тұрған міндет те жаһанданудың тәуелсіз мемлекетімізге әсері, оның экономикалық және саяси қауіпсіздігі, халықтың этномәдени дәстүріне жағымды және жағымсыз әсерлерін мұқият талдау болып табылады.

Ә. Нысанбаев осындай жағдайда қазақ мәдениетін қайта түлетіп жан­дандыруды жаһандану кезіндегі Батыстың мәдениетіне қарсы басты бәсеке ретінде бағалайды. Тіпті, осындай жағдайда ұлттық құндылықтарымызды сақтап қана қоймай, мәдениетті қайта түлетіп, халықтың руханиятын көтеруге, жергілікті мәдени дәстүрлерді дамытуға мүмкіндіктер ашатынын ескертеді. Яғни, жаһандану процесінде шетелдік идеялардың емес, керісінше, жергілікті мәдениеттің іргетасы беки түсуі мүмкін.

Адамзат баласы рухани тығырыққа тіреліп, әлемдік қауымдастық жаңа қатерлермен бетпе-бет келіп, дінаралық, ұлтаралық қатынастардың маңызы артқан тұста, халықты идеялық тұрғыда біріктіретін, басталған реформаларды ары қарай табысты түрде жүргізетін, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтап қалатын идеяларға қажеттілік артып отыр. Тарихта өткен талай мемлекеттердің түбіне жеткен зобалаңнан аман қалып, өзіндік ерекшеліктерге ие дәстүрді сол жаһанданудың алапат дауылына ептілікпен қарсы қоя білу – біздің мемлекетіміздің мәңгілігінің кепілі.

Халқымыздың ата-бабадан мұраға қалып, елеусіз қалған бұл өсиеті – қазақтың дәстүрі, дәстүрлі дүниетанымы, қазақтың дәстүрлі дүниетанымынан нәр алған қазіргі «Мәңгі ел» идеясы. Бұл идеяның түп мақсаты – қазіргі әлемді дағдарысқа тіреген рационалды идеяларға балама ретінде қазақ халқының тарих сынынан өткен ұлттық дүниетанымын ұлттық, қала берді, барынша гуманистік идея ретінде әлемдік идеяға айналдырып, нәтижесінде тек Қазақстан мемлекетінің ғана емес, әлемдік қауымдастықтың, барша адамзаттың да бағдары болатын рухани темірқазығына айналдыру болып табылады.Мәңгілік Ел идеясы –қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады.

2. Үшінші жаңғыру Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жалғасын табуда. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек- бағдарламалық құжат. Қоғамның басты құндылығын адами капитал деп, оны стратегиялық міндет ретінде таныған қазақстандық даму жолы басқаларға көптен үлгі, ел Президенті жариялаған 12 сәуір 2017 «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласы ұлтқа үндеу болып табылады.  Кез келген деңгейдегі прогрессивті даму сананың сапалы өзгерісінен басталатыны ақиқат. Мақаланың 1-бөлімінің «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» деп аталуы жаңғыру үрдісін көздеген, болашаққа мақсатты беталысты білдіреді. Олай болса, неге мақалада «қоғамдық сана» емес, «ұлттық сана» ұғымы қолданылған деген сауал туындауы заңдылық. Оның себебін Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының негізгі қозғаушы күші ретіндегі ұлтқа басымдық беруі деп тануымыз керек. Ол, біріншіден, қазақ халқының перзенті ретінде ұлт санасының оянуын аңсаған ізгі ниет болса, екіншіден, көпұлтты мемлекетіміздің іргесі сөгілмей, оның бойындағы зор әлеуетті озық даму жолына жұмсау үрдісінде көшбасшылық тізгінін уысында ұстап, жарқын болашаққа бастар флагман болуын көксегені.  Егер әр қазақстандық осы бөлімде ұсынылған алты бағытты тұтасымен түйсініп, жаңа қоғамда табысты өмір сүру кілті деп қабылдаса, онда жеке сананың трансформациялану нәтижесі ретінде қоғамдық сана жаңғырады. Эволюциялық дамудың осы заңдылығын түйсінген адам табиғаттағы секілді, қоғамда да барлығы өзара сабақтас, бір-бірімен тығыз байланыс­ты екенін терең сезініп, анық білетін болады. Мысалы, Елбасының теңеуімен айтсақ, біртұтас организм секілді: залалданған бір мүше ағзаның қалыпты жағдайын өзгертіп, үйлесімді қызметіне нұқсан келтірмей ме? Мұндай білім ой елегінен өтіп, тұжырымдалған ақи білім болып табылады және оның нығметі өлшеусіз шексіз: онымен қаруланған жан еш уақытта адас­пайды әрі тек прогрессивті даму жолында болады; қиянаттан аулақ болып, айналасына жақсылық сыйлауға даяр тұрады. 



Ұлттық сананы жаңғыртуға бағдарланған мақаланың бірінші бөлімінде берілген «бәсекеге қабілеттілік» дегеніміз – жоғары кәсібилік дегенді білдіреді. Ересек адам үшін бәсекелік қабілет бірінші орында жақсы маман болуды көздейді. Кәсібиліктің шыңына ұмтылу – өзі өмір сүріп отырған орта қажеттілігіне лайық, өз ісінің шебері болуға талпыныспен сипатталады. Бұл өз кезегінде тұлға болмысындағы жарыс тетігін іске қосады (оған адам жаратылысының ұрықтану кезеңіндегі бәсеке мысал бола алады). Жарыстың қандай да бір даму үрдісіндегі маңызы зор. Ол бойкүйездікке жол бермейді; жалқаулықтан арылтады; жинақылық пен сергектікке тәрбиелейді; жоспарлау мен есептілікті үйретеді. Сондықтан, қоғамдық өмірге рейтинг қызметі дендеп еніп, оның сапасы барынша жақсара түсуі шарт. Рейтинг шын мәнінде, толыққанды қызмет етуі үшін ынталандыру тәсілін орнықтыру қажет. «Әркімге – қабілетіне қарай» тәмсілі нәтижеге бағдарланғанда ғана еңбек өнімділігі артады. Әттең-айы сол, біздің қоғамда әлі көп нәрсенің өлшемі жасалмаған, яғни өлшеу құралдары айқын емес; өлшеуге келмейтін жағдайлар баршылық.

Бұл – азаматтарды босаңсытып, біреудің тасасында «тіршілік» етуді тудырады. Сондықтан, әрбір қазақстандықтың жауапкершілігін арттыру – жоғары саналылыққа жетелейтін басты шарт болуы тиіс. Өз ісіңе жауапкершілікпен қарау – өз өміріңе жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады. Мұндай қағидамен қаруланған адам қандай да бір сәтсіздіктері үшін өзгені кінәламайды; қатені өзінен іздеп, оны түзетуге талпынады; оқиғадан сабақ алады. Ал қол жеткізген табыстары үшін разылық сезімі ұлғайып, марқаяды; өзіне сенімі артады; айналасына мейірлі, жұмсақ мінез иесіне айналады. Қоғам осындай шуақты жандармен нұрланады. Демек, «сананың трансформациялануы» немесе «жанның алхимиясы» деген ұғымдар ешбір мистика емес, жүзеге асыруға әбден болатыны кәміл мүмкіндіктер екені талассыз.

«Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласының екінші бөлімінде Президент Н.Назарбаев қоғамдық сананы жаңғырту шеңберінде атқарылуы тиіс жобаларды жұртшылық назарына ұсынды. Олардың негізгілерінің қатарында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жобасы аталды. Бұл – сала мамандары тарапынан мұқият дайындық пен белгілі бір мерзімді, ал қалың бұқара тарапынан ұсынылған жобаны дұрыс қабылдау ниетін талап ететін өте нәзік, әрі ауқымды шара. Аға ұрпақ өкілдерінің қалыптасқан әрекеттен жаңа дағдыға бейімделуі оңай емес. Оған атқарылуы тиіс қыруар шаруаға жұмсалатын қомақты қаражатты қосыңыз... «Үш күндігін ойламаған әйелден без, үш жылдығын ойламаған еркектен без» деген дана халқымыздың көреген тәмсіліне сүйенсек, ұлттың ертеңі үшін бүгін қам жеу – қазіргі билікке сын. Жаһандану дәуірінде ұлттық сананы сақтап қалудың бірден-бір шарты ретінде аталған ұлттық код – қазақы сана дер едім. 

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыруда екі түйінді мәселені қаперде ұстаған жөн. Оның алғашқысы – тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану, филология сынды гуманитарлық ғылым салалары арқылы білім беру барысында пәнаралық байланыстарды барынша орнықтыру қағидасын сақтауды қадағалауымыз шарт. Мәселен, бір кездері әр ғылымның пәнін ажырата қарастыру тетігі белең алған болса, қазіргі және алдағы уақыттарда керісінше, жаппай интеграциялау бет­алысы қарқынды дамуда. Сондықтан, өзгермелі қоғамда еркін өмір сүруге бейім, икемді де табысты адам қалыптастыру мақсатында, толыққанды білім беруді көпсалалы (әмбебап) ғылым арқылы шешу маңызды.

Бұл қағиданы, әсіресе, әлемдегі алдыңғы қатарлы 100 оқулықты аудару барысында ұстануымыз қажет.   Екінші мәселе – Президенттің «гумани­тар­лық кафедраларды қайта қалпына келті­ру» міндеті аясында туындайды. Соңғы он жылдан астам уақыт ішінде еліміз­дің жоғары оқу орындарындағы білім беру Болон үрдісіне сай, кредиттік техноло­гияға негізделе іске асырылуда. Оның маңызды өлшемдерінің бірі – «академиялық дербестік» қағидасы шеңберінде оқу орнының бағыты, мамандар әлеуеті, аймақтық ерекшеліктер және т.б. байланысты таңдау пәндеріне басымдық берілуі. Мәселен, элективті курстар бакалавриатурада 75, магистратурада 85, докторантурада 95 пайызға дейін  ендіріледі. ЖОО кәсіптік стандарттардың негізінде білім бағдарламаларын  дербес даярлайды.

Модульдық интеграция барысында санасы сергек, ойы ұшқыр, дүниетанымы кең, ұлтжанды әрі көпмәдениетті, толерантты тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін гуманитарлық пәндердің межесін сақтау аса маңызды. Бәсекелік қабілеті жоғары маман – ең бірінші орында ниеті таза, жүрегі мейірімді, нұрлы ақыл иесі.  ХХІ ғасыр – жаһандық жаңалықтармен қатар, білімнің дәуірлеу ғасыры. Мақа­ла­да бұл теория «Білімнің салтанат құруы» деген міндетпен белгіленген. Бұл тура­лы Президент Н.Назарбаев «Қазақстан­дық­тардың әл-ауқатын арттырудың бірден-бір жолы білімділікке ұмтылыс болуы керек» деп атап көрсетті. «Өмір бойы білім алуға» негізделген қазіргі қазақстандық білім жүйесі ұлт болашағының іргетасын қалайтын қуатты ресурс болуымен қатар,  қоғамды әлеуметтік жаңғырту әлеуеті де. Сондықтан, ақпаратқа толы заман мен үдемелі даму жолындағы қазіргі қоғам бағыты академиялық пәндердің мазмұнын толықтыруды қажет етеді. Олардың негізіне заманауи әлеуметтік-қоғамдық нормалармен қатар, жаңа дәуірге сай инновациялар­ды, әсіресе, адам құдіреттілігін паш етіп, рухани жетілу жолдарын сілтейтін білім­дерді қалау ләзім. Тиісінше оқу бағдарла­малары мен әдебиеттерін жаңалау, барлық деңгейдегі біліктілікті жетілдіру жұмыс­тарының мазмұнына тұлғаны дамыту-тәр­биелеу инновацияларын ендіру және оны меңгеруді мұғалім біліктілігінің өлшемі ретінде бағалау – жаңа дәуір талабы.  Психология адам туралы пәндердің ішінде орталық мәнге ие ғылым саласы. Басқа пәндер «адам – қоғам – орта» қатынасына негізделсе, психологиялық білімдер психиканы дамытумен қатар, адамның жан дүниесіне, рухты байытуға бағытталады. Демек ол – адам болмысын қалыптастыратын пән.

Адами болмыс сана арқылы дамиды. Бұқаралық сананы жаңа сапаға көтеру үшін сол қоғамда өмір сүріп отырған әрбір адамның санасын оятып, сезімталдығы мен жауапкершілігін дамыту керек. Жоғары саналылыққа қол жеткізу танымдық елгезектік, ой өрісі мен көңіл көкжиегінің кеңеюі және болмысты нәзік сезіну мен интиуитивтік тұрғыда қабылдауды қажетсінеді.

Адам тіршіліктің сан алуан нығметтерінің қайнар көзі нақ өзі екендігін сезінгенде санада тың өзгерістер мен сапалық сілкіністер пайда болады. Осылайша ояну құндылықтар басымдығына жаңаша қарап, өмір сүру тетіктерін қалауынша басқаруға және реттеуге мүмкіндік береді. Сана сергектігі жеке адам болмысының оң өзгерісін қамтамасыз ете отырып, айналасына да айтарлықтай жағымды ықпал етеді. Күн шуағымен тіршілік атаулыны нұрға бөлейтіні секілді, рухы еркін кемел адамның көкірек көзі көпке сәуле шашып, қараңғыны жарық етеді. Міне, осы сәттен бастап сананың жаңғыру үрдісі белең алады. Тоқтаусыз, қажырлы еңбек пен таза ниеттің арқасында оянған сана – сәулелі!  Біз өмір сүріп отырған уақыт – жаңа ғасыр, жаһандану ғасыры. Оған тән ерек­шелік – барша кедергілер мен айырма­шы­лықтардың жойылып, бірігулердің нәтижесі біртекті мәдениетке әкелетіні. Осы ретте ұлттық құндылықтарды игеру – әр адам баласының өз ұлтының әлеу­меттік-этностық мәнін түсінуі, ұлт­аралық қатынастарда қандай жағдайға ие екен­дігін, жалпы, адамзат дамуында қан­дай үлесі барын ұғынуы, әрі өзге халық­тармен бірдей еркіндікте өмір сүруін жете түсінуі болып табылады. Ұлт­тық құндылықтардың бір бөлігі – руха­ни-мәдени шығармалар, ұлттық рухани мұралар. Ондай шығармаларда ұлт­тық сананың жетілуіне ерекше әсер ететін көңіл күй, оқиғалар бейнеленеді. Мәде­ниет­тің белгілі қайраткерлері өз халқы­ның тарихына үңіле отырып, рухани мәні зор шығармаларды дүниеге әкелді. Сол тарихи көркем шығармалар өз хал­қының тарихи процестердегі орны мен рө­лін анықтайды, сөйте отырып, халық шы­ғармашылығына көңіл аудару арқы­лы ұлттық сананы қалыптастыру мақ­сатын алға қояды. Демек, Президент Н.Назарбаев­­тың мақала арқылы ұсынып отыр­­ған жо­баларының қай-қайсысы болсын, са­палы дамуды көксеген, страте­гия­лық ма­ңызы жоғары әрі жалпыхалықтық сипатқа ие патриоттық бағдар болуымен құнды. 

2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы 4 кіші бағдарламаға — «Тәрбие және білім», «Рухани қазына»,  «Атамекен» және «Ақпарат толқыны»  болып бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет